Қосалыұлы Сатыбалды Дулати

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қосалыұлы Сатыбалды Дулати - 1942 жылы 26 қазанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Төле би ауданының Майбұлақ ауылында туған. Орта мектептен соң 1960 — 1980 жылдары Оңтүстік Қазақстан облыстық телерадио комитетінде тілші, бөлім редакторы қызметтерін атқарған. Кәсіби орта мектепте эстетикалық тәрбие пәнін жүргізіп, ұстаздық етеді. 1982 жылдан бері бірыңғай шығармашылық жұмыста.

Тұңғыш өлеңдері 1960 жылы облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетінде жарияланып, 1969 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жас керуен», 1990 жылы «Жалын» баспасынан жарық көрген «Мерейлі мекен» атты ұжымдық жинақтарға енген. 1993 жылы «Рауан» баспасынан «Дәуір Дастан», 2000 жылы «Жалын» баспасынан «Көзімнің қарасы» атты өлеңдер жинағы шықты.

М.Әуезовтің 100 жылдығына арналған халықаралық поэзия мүшәйрасында үшінші бәйгені жеңіп алған.<ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}