Қосалбай
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сурет:Қосалбай (құмды алқап).jpg
Қосалбай құмды алқап
Қосалбай<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> - Арал қарақұмының солтүстік-шығысындағы құмды алқап.
Географиялық орны және сипаты
- Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Қоскөл ауылының оңтүстік-батысында 56 км жерде орналасқан. Ең биік жері 148 м.
- Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 33 км-ге созылған, енді жері 6-7 км шамасында.
- Төбелі, белесті құмды жалдардан тұрады.
- Жер асты тұщы суының жоғары деңгейі 2-3 м тереңдікте.
- Солтүстігінде Сарманқожа, оңтүстігінде Мойынқұм құмдары, батысында Айғырбек төбесі, шығысында Алтынсары қонысы бар.
- Қосалбай бойында Нарөлген, Наушабай, өзімен аттас құдықтар орналасқан.
- Құм мен сортаң аралас қоңыр топырағында еркек шөп, жусан, ақ селеу, жүзгін, қияқ, сарсазан, бұйырғын, т.б. өсімдіктер өседі.
Дереккөздер
<references/>