Қоныс мұнай-газ конденсат кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қоныс мұнай-газ конденсат кен орны - Қызылорда облысы Сырдария ауданында, Тереңөзек кентінен солтүстікке қарай 140 километр, Қызылорда қаласынан солтүстік-батысқа қарай 150 километр жерде. 19861988 жылдары сейсмиккалық барлау әдісімен табылып, 1990 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Құрылымдық жағынан екі күмбезді (оңтүстік және солтүстік) субмеридианды брахиантиклиналь, ал литология жағынан кен орны құмтастар мен алевролитті болып келеді.

Жатыс сипаты

Мұнай қабатының жалпы биіктігі 30 метр, газ қабатының биіктігі 45 метр Тиімді және мұнай қаныққан қабаттық қалыңдығы 32,2 метр, газ қаныққан қабаттың қалыңдығы 25 метр. Мұнай қаныққан коэффициенті 0,68, газ қаныққан коэффициенті 0,65. Қанығу қысымы 9,58 МПа. Коллекторы терригенді, кеуекті, ашық кеуекті 19,6%, өткізгіштігі 0,015 микрометр.

Құрамы

Мұнайы жеңіл, тығыздығы 0,83 г/см3, күкірті аз 0,16 – 0,19%, парафині 12 – 15%, шайыры 9,3 – 10,72%. Бастапқы қабаттық қысым 11,2 – 11,35 МПа, температурасы 56°. 7 милиметр штуцердегі тәуліктік өнімділігі 70,1 – 72,7 м3. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер