Қолға үйретілген жануарларға байланысты басқа да шаруашылық салалары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Омарта шаруашылығы

Балара - жарғаққанаттылар отрядына жататын, қолға үйретілген бунақденелілердің бір түрі. Оның екі жұп мөлдір жарғаққанаттары бар. Құрсақ бөлімі көкірек бөлімімен жіңішке сабақша арқылы байланысқан. Құрсағы өте қозғалмалы, онда улы бездері мен шағатын шаншары орналасады. Балараның 2 күрделі, 3 қарапайым көзі бар. Астыңғы жағы мен астыңғы ерні бірігіп, тұмсыққа айналған, тұмсығымен гүл шырынын сорады. Жұмысшы аралардың тұмсығы жақсы жетілген. Дернәсілдерін басы мен көкірек бөлігіндегі сілекей бездерінен бөлінетін сүтке ұқсас затпен қоректендіреді. Артқы екі аяғында гүл тозаңдарын жинайтын себетшесі болады
Балараны ерте кезде жабайы аралардан қолға үйреткен. Мысыр елінде бұдан үш мың жыл бұрын омарта шаруашылығы жақсы дамыған. Балара киелі жәндік болып саналған. Балараның алғаш қолға үйретілген аймақтары - Азияның оңтүстігі және оңтүстік-шығысы деп есептеледі.Баларалар топтанып тіршілік етеді. Әрбір топта бір аналық, көптеген жұмысшы және аталық аралар болады. Аналық араның денесі ірі, құрсағы үлкен, ұнда тек жұмыртқа салады. Аталық аралар аналық арадан кіші, денесі жалпақтау, олар аналық араларды ұрықтандырған соң өледі. Әрбір ұяла 2-3 мыңдай аталық аралар болады. Жұмысшы аралар - ұядағы ең денесі кіші аралар тобы. Олар гүл шірнесін, тозаңын жинап, балға, балауызға айналдырады. Үяны тазалайды, дернәсілдерді, аналық араны қоректендіреді, ұяны қорғайды, ұядағы ылғалдылық пен температураны реттейді. Әрбір ұнда 60-70 мыңдай жұмысшы балара болады.

Баларадан алынатын бал, балауыз басқа да өнімдер өте қымбат бағаланады. Балдық шипалық қасиеті өте жоғары.

Жібек шаруашылығы

Жібек шаруашылығы. Жібеккөбелегі - қабыршаққанаттылар (көбелектер) отрядының бір түрі. Қазіргі кезде жабайы түрі кездеспейді. Бұдан 5 мың жыл бұрын Қытайда қолда өсіріле бастаған. Жібеккөбелекті кейде тұткәбелек деп те атайды. Өйткені ол тұт ағашының жапырағымен ғана қоректенеді. Шет елдерде бұдан басқа емен көбелегінен де жібек өндіріледі. Жібеккөбелектің дернәсілдері бірнеше рет түлеп, піллә түзеді. Піллә - жібеккөбелектің қуыршаққа айналған кезде,арнайы бөлінетін безінен түзілетін сыртқы қабаты. Піллә өте жіңішке, біртұтас ұзын жібек жіптен тұрады. Одан арнайы өңдеу арқылы табиғи жібек алынады .
Жібек шаруашылығы Жапония, Қытай, Үндістан, Корея, Түркия, Италия, Испания, Бразилия, Орта Азия, Кавказ жерлерінде бар.
Қазақстанда жібек көбелегі Өзбекстанмен шекаралас оңтүстіктегі аудандарда ғана өсіріледі.
Жібек көбелектің жұмыртқаларын тоңазытқыштарда белгілі температурада сақтайды. Көктемде тұт ағашы жапырақ шығара бастағанда,
арнайы бөлмелерде тақта тәрізді темір тордың үстінде өсіреді. Үнемі тұт ағашының жас жапырағымен қоректендіреді. Қазіргі кезде жібеккөбелекті сұрыптау арқылы олардың мол өнім беретін қолтұқымдары шығарылған. Бұл салала Ресей ғалымы Б. Л. Астауровтың еңбегі зор.

Үйқоян шаруашылығы

Үйқоян шаруашылығы. Үйқоянның арғы тегі - жабайы қоян. Біздің жыл санауымыздың алғашқы ғасырларында (ІІІ—IV ғғ.) Испания, Марокко елдерінде қолға үйретілген. Бірте-бірте басқа елдерге таралған. Үйқояны еті, терісі және түбіті үшін өсіріледі. Қазір дүние жүзінде үйқоянның 60-қа жуық қолтұқымы өсірілуде. Үйқоянның денесі жабайы қояннан ірі, 7-10 жыл өмір сүрелі және жыл он екі ай көбейе береді. Көжектері 3-4 айда жыныстық жағынан жетіліп, ұрпақ бере бастайды. Өте өсімтал, бір аналық үйқояны жылына 3-6 рет ұрпақ береді. Әрбір ұрпақ берген кезде 6-8 көжектен туады.
Етті, етті-терілі бағытта өсірілетін үйқоян қолтұқымдарын 3-4 айында сояды. Үйқоян еті - жеңіл әрі сіңімді тамақ, тез қорытылады. Жас балалар, аяғы ауыр әйелдер үшін өте пайдалы. Үйқоянын еті үшін Франция, Италия елдері өте көп өсіреді.
Үйқояндардың етті, етті-терілі, терілі және түбітті қолтұқымдары бар.
Етті-терілі қолтұқымдарға - мардер, шынша (шиншилла), шампан үйқояндары жатады. Қолтұқымдардың дене мөлшері орташа, терісі мен түгі сапалы болады.
Етті қолтұқымдарға - ақ, сүр, күміс түсті, қара-қоңыр түсті үйқояндары жатады. Олардың денесі ірі, кейбірінің салмағы 7-8 килоға дейін жетеді. Терілі қолтұқымдарға - ақкіс, аляска, рекс үйқояндары жатады. Олардың тірідей салмағы 2-3,5 кг. Түгі әдемі және біртегіс. Үйқоянының терісі әдетте боялмай, табиғи түсі, түгі қырқылмай пайдаланылады. Түбітті қолтұқымдарға - татар, ангор үйқояндары жатады. Түгінің 90-92 пайызы түбіт, қылшығы аз. Мұндай қолтұқымдар түгінің түсі ақ, қара және көк болып келеді. Әр үйқояннан 360- 500 г түбіт алынады. Үйқоянын қолға өсіру тиімді. Олар тез көбейеді, онша күтім талғамайды. Мектеп жанынан үйқоян өсірушілер үйірмесін ұйымдастыруға болады.

Бұғы шаруашылығы

Бұғы шаруашылығының екі саласы бар. Бірі - солтүстік жетелі өсіру, екіншісі, мүйізін алуға байланысты бұғы өсіру шаруашылығы .
Солтүстік бұғысын өсіру Еуразияның , Солтүстік Американың тундра аймағында ерте кездей бастап дамыған. Жергілікті түрғындар солтүстік бұғысын мініс келігі ретінде, жүк тасу үшін пайдаланады. Еті, терісі үшін қолда өсіреді.
Мүйізін алу үшін кәдімгі бұғы мен теңбіл бұғыны қолда өсіреді. Олардың сүйектенбеген мүйізінен өте бағалы пантокрин дерісі жасалады. Мүйіздің шипалық қасиеті өте жоғары. XIX ғасырдың 40-жылдары Оңтүстік Алтайда жабайы бұғылар арнайы қоршалған жерлерде қолда өсіріле бастады. Бұғы өсіретін шаруашылықтар Қиыр Шығыста, Краснодар өлкесінде де бар. Қазақстанда Шығыс Қазақстан облысының Қатон-Қарағай ауданында ұйымдастырылған.
Осы ауданның марал өсіретін шаруашылықтарында қазіргі кезде 11-12 мың бас бұғы бар. Алдағы уақытта бұғы шаруашылығын дамыту шараларын қолға алу көзделуде. Алтай өңірінде бұғы өсіріл, мүйізін алу мақсатында «Ақсу-Ден» бірлескен кәсіпорны, «Маралды» шаруа қожалығы және «Ақсу» акционерлік қоғамы ұйымдастырылған. Қазір бұл өңірле соңғы технологиялық жетістіктермен жабдықталған, пантокрин өндіретін зауыт бар. Алдағы уақытта бұғы шаруашылығына негізделген емдеу-сауықтыру орындарын салу көзделіп отыр.

Шошқа шаруашылығы

Шошқа шаруашылығы - үй хайуанаттарының негізгі саласы. Шошқаның еті, майы тағам ретінде кеңінен пайдаланылады. Сонымен бірге терісі, басқа да өнімдері, халық қажетіне жаратылады. Шошқаның арғы тегі -доңыз.
Қазақстанда жабайы қабан мен ақ шошқа мегежіндерін ұрықтандыру арқылы шошқаның етті-майлы жетісу шошқа қолтұқымы шығарылды. Ол еліміздің оңтүстік-шығыс аймақтарының табиғи жағдайларын бейімделген. Өсімтал және тіршілік етуге өте бейім қолтұқым.

Аң шаруашылығы

Үлбірлі бағалы аңдар арнайы темірден жасалған торларда қолдан өсіріледі. Қаракүзен, көгілдір, күміс түсті түлкілер, бұлғын, сазқұндыз, ондатрлар - қолда өсірілетін аңдар . Олардан алынатын басты өнім - үлбір (мех). Аң шаруашылығы көптеген шет елдерде жақсы дамыған. Біздің елімізде енді ғана дамып келеді.
Қолға үйретілген жануарлар негізінде әр түрлі шаруашылықтар ұйымдастырылған. Жабайы бунақденелердің омарта шаруашылығының, жібек шаруашылығының ұйымдастырылуы соның айғағы. Үйқоян шаруашылығы, бұғы шаруашылығы, шошқа шаруашылығы халықты еттерімен қамтамасыз етсе, үйқояннан түбіт, бұғыдан дәрілік мүйіз алуға болады. Шошқа шаруашылығының ет пен майы, сондай-ақ терісі пайдаланылды. Аң шаруашылығының негізгі өнім- үлбір.
Қазақстанда омарта шаруашылығы XIX ғасырдың бас кезінде Шығыс Қазақстан өңірінде дами бастады. Бірте-бірте Жетісу аймағына және т.б. таулы жерлерге тарады.<ref>Биология:Жалпы білім беретін мектептің 7-сыныбына арналған оқулық. Алматы: Атамұра, 2007. ISBN 9965-34-607-0</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}Үлгі:Biosci-stub