Қолтық мұнай кен орны

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мұнай кен орны Қолтық мұнай кен орны - Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы Бейнеу темір жол стансасының батысында 90 км жерде, Тұран плитасының оңтүстігіндегі Бозащы ойпаңының солтүстігінде орналасқан. Кен орны 1978 жылы ашылған.

Геологиялық құрылымы

Жоғарғы және ортаңғы юраның (келловей мен байос ярустарында) түзілімдерінен мұнай қабаттары барланған. 2863 м-ден 3150 м-ге дейінгі тереңдікте екі мұнайлы қабат бөлінген. Иірімдері қабаттық, литологиялық қалқаланған. Келловей иірімінің биіктігі 7,2 м, байос иірімі 28,8 м. Су-мұнай жапсары абсолют белгілерде 2899-3202 м. Өнімді қабаттар терригендік шөгінділерден құралған, коллекторлары кеуекті.

Құрамы

Мұнайға қаныққан қабатының қалыңдығы 5,7 және 4,9 м, ашық кеуектілігі 18%, өткізгіштігі 0,039 және 0,013 мкм².
Мұнайға қаныққан коэффициенті 0,6 және 0,49.
Мұнайдың шығымы 3,5-32,6 м³/тәулік.
Қабатының қысымы 33,4 МПа, тығыздығы 832 кг/м³.
Мұнай аз күкіртті 0,44%, парафині 2,37%, шайыры 5,74%, асфальтендері 1,83%. Кен жұмысы 1986 жылдан игерілмеген.<ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер