Қолкесер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Халық салты бойынша біреудің жұмысына қол ұшын бергені, көмектескені үшін ешкім ақы сұрамайды. Бірақ шаруаны істеткен адам "келі түбі", "қолүздік" деп тиісті сыбағасын немесе сол еңбегңне қарай бос қайтармайды. Соның бір - соғым сойысқандарға берілетік қолкесер. Яғни соғым сойған адамға тиісті мүшелерін салып ет береді. Соғым сою да қазақ үшін берекелі, елеулі кұндердің бірі. Соғым етінен алғаш қуырдақ қуырылады. Бұл соғымның дәстүрі.


Дереккөздер

Қазақтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары (Қазақ мәдениетінің суретпен безендірілген энциклопедиялары) "Атамұра",-Алматы.