Қозыбасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қозыбасы, Қозыбашы – тарихи дерек көздеріндегі Қазақ мемлекеті құрылған аумақ.


Этимологиялық мағынасы қозының басындай ғана тау-төбелі жерлерді білдіреді. Жетісу өңірінде бірнеше Қозыбасы бар. Мысалы, Іле Алатауының солтүстік-батысында Қозыбасы аталатын жота бар. Мұхаммед Хайдар Дулатидың «Тарихи Рашиди» кітабында Қазақ хандығының құрылған жері – Шу бойы мен Қозыбасы деп айтылады.

Қозыбасы аталатын шоқы Жамбыл ақын «Сұраншы батыр» дастанында жырлағандай Қордай асуында, Мойынқұм ауданы Хантау іргесінде және Іле Алатауының солтүстік-батысындағы Қозыбасы деген шоқыда кездеседі. «Манас» эпосында айтылғандай Шу өзенінің бас жағында да (Қырғызстан жерінде) бар. Төрт Қозыбасы да Шу атырабымен іргелес жатыр. Шу бойы мен Қозыбасы тауы – география тұрғыдан алғанда 14 – 15 ғасыр басында өмір сүрген Моғолстан мемлекетінің батыс бөлігіндегі өңір.<ref>“Тараз энциклопедиясы”</ref>


Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}