Қордай асуы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қордай асуы – Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығысындағы Кіндіктас және Жетіжол жоталары аралығындағы асу.
Географиялық орны
Жамбыл облысы Қордай ауданы аумағында, Мұзбел ауылынан солтүстікке қарай 12 км жерде.
Жер бедері
Абсолюттік биіктігі 1233 метр. Мұнда қыста солтүстік-шығыстан соғатын суық желдің әсерінен желді бұрқасын борап, асудан автокөліктің өтуіне қолайсыз жағдай туындайды. <ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>