Қожахмет Шайбайұлы Уәзір

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Уәзір Қожахмет Шайбайұлы (1951 жылы туған Маңғыстау ауданы Тұщыбек ауылы) – темір жол саласының маманы. 1974 жылы Ташкент темір жол көлігі иститутын бітіріп, Құлсары дистансасында жол мастері, «Маңғышлақмұнайгазқұрылыс» тресінде прораб, телім бастығы, «Маңғышлақсуқұрылыс» тресінде прораб, телім бастығы, Маңғышлақ жол станциясында мастер, бас инженер қызметін атқарды. 1983 жлы Мұнайлы ауданының тораптық партия комитетінің хатшысы болып сайланды. 1986 жылдан Маңғышлақ жол дистансасы телім бастығы. Оның басшылығымен 1987 – 1988 жылдары Бейнеу-Маңғышлақ телім аралығындағы 8, 9, 12, 13-бекеттерде жөндеу жұмыстары жүргізілді. 1989 жылы «Тұрғын үй-91» бағдарламасы бойынша 10-бекетке 2 жанұялық үш үй, Шетпеде 2 жанұялық үш үй, Маңғыстау кентінде 16 пәтерлік 5 үй салынды. «Тұщыбек – кіндігімді кескен жерім», «Теңіз бен түзді тоғыстырған темір жол» деректі кітаптарының авторы. Құрметті теміржолшы (1997).<ref>«Маңғыстау» энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қожахмет Шайбайұлы Уәзір|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}