Қимақтар Қазақстан аумағында

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қимақтар.png
Қимақ мемлекеті

Қимақтар Қазақстан аумағында — IX — X ғасырлардағы жазбаша деректемелердің мәліметгері бойынша, қумандар Батыс Қазақстан аумағында мекендеген және қимақ, қыпшақ, қуман тайпаларынын үш құрамды бірлестігінің батыс тармағы болған. Оңтүстік Сібірді, Солтүстік Алтай аймағын қумандар мекендеген негізгі өңір деп санау керек. VII ғасырдың ортасында Батыс түрік қағанаты құлағаннан кейін бірқатар түркі тілдес тайпалардың оқшаулануы және сонымен бірге олардың күрделі топтасу үрдісі жүріп жатты. Солтүстік-батыс Алтай мен Шығыс Қазақстан аумағында қимақтар мен қыпшақтардың этника- лық-мәдени қауымы пайда болады. VIII ғасырдың аяғында қыпшақтардың едәуір тобы, қумандармен бірге қимақтардан бөлініп шығып, Ертістің батысына қарай тура Оңтүстік Орал өңіріне дейінгі жерге ірге тебеді. Қыпшақ және қуман тайпалары X ғасырдың аяғына дейін қимақ қағанатына саяси тәуелділікте болып, Ертістен Еділге дейінгі кең-байтақ аумактағы мемлекетке кірді. Ол мемлекет қыпшақ хандарының қолына көшкен кезде қимақтар мен қумандар басқа тайпалармен бірге қыпшақтардың саяси ықпал аясына енді.

Қимақтар қыпшақтар мен қумандардың қоныстануы. VIII ғасырдың ортасына дейін қимақтар, қыпшақтар мен қумандар далалық Алтай, Таулы Алтай мен Ертіс өңірлерін мекендеді. Оңтүстікте қимақтарға Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай аралығындагы Ертіс бойында тұрған қарлүқтар, шығы- сында орталығы Минуса ойпатындағы қырғыздар көрші болды. VIII ғасырдың екінші жартысынан бастап қимақтар оңтүстік бағытқа жылжып, қарлұктар жеріне қоныстана бастады. IX ғасырдың басында қимақтардың же- келеген топтары Солтүстік-Батыс Жетісу аумағына көшіп барып, тоғыз- ғұздармен көрші болды, ал олардың арасындагы шекара Жоңғар жотасының бойымен өтті. Жоңғар жотасының оңтүстігіне қарай тоғыз-ғұздар мемлекеті орналасты.

Қимақтардың оңтүстікке қарай қозғалуымен бірге VIII ғасырдың екінші жартысында қыпшақтар Ертістен батысқа қарай орын ауыстырды. Әл-Идриси шығармасы мәтіні мен онда келтірілген картографиялык материал деректер қыпшақ тайпаларының жекелеген топтарын Ертіс пен Тобыл өзен- дерінің аралығына орналастыруға мүмкіндік береді. VIII — IX ғасырлар шебінде қыпшақтардың батыс бөлігі печенегтердің солтүстік жағына ірге тебеді. VIII — IX ғасырдың бірінші жартысында печенегтердің Сырдария анғарында және Арал өнірі далаларында тұрғаны мәлім. Демек, қыпшақтар мен печенегтердің шекарасы тікелей Оңтүстік Оралдың оңтүстік-шығысы мен Арал өңірі далаларының солтүстік аймағы аралығынан өткен. IX ғасырдың басында қимақтардың тайпалары Сырдарияның орталық аудандарына жақындайды. IX ғасырдың ортасында печенег конфедерациям оғыздардың, қимақтар мен қарлұқтардың одағынан жеңіліс тапты. Осы оқиғалардың нәтижесінде оғыздар печенег тайпалары одағының Сырдария бойы мен Арал өңірі далаларындағы жерін қаратып алды. Осылайша қалыптасқан жағдайда печенег конфедерациясының тайпалары қоныс аударып, Жайық пен Еділ арасындағы жайылымдарға орналасты. Алайда IX ғасырдың аяғында оғыздар хазарлармен одақтаса отырып, печенегтерді жеңіліске ұшыратты да, Жайық және Еділ өзендерінің аралығын басып алды. Печенег тайпаларынын негізгі көпшілігі Оңтүстік-Шығыс Еуропаға көшіп кетуге мәжбүр болды, ал олардың қалған бөлігі оғыздардың және қимақ-қыпшақ тайпалық бірлестігінің құрамына кірді.

Әл-Идрисидің қумандардың қоныстануына қатысты деректері осы кезге (IX ғасырдың аяғы — X ғасырдың басы) жатады. Әл-Идрисидің «Сурат әл-ард» картасында Каспий (Бахр әл-хазар) және Арал (Бухайрат әл-Хва- ризм) теңіздерінің солтустік жағында Аскасия таулары орналасқан. Олар солтүстіктен оңтүстікке қарай меридиан бағытында созылып жатыр, шығыс жағы аздап еңістеу деп суреттеледі. Бұл таулардан бірнеше өзен, соның ішінде Каспийге күятын Еділ өзені ағып шығады, бұл топографиялық объ- ектілерді ұқсастыру үшін ерекше маңызды.

Таулардың суреттелген сипатгамасы Аскасияны Орал таулары деп сеніммен айтуға мүмкіндік береді. Араб географтары Ибн Санд пен Әбу-л-Фида Аскасияның тау беткейлерінде, оның оңтүстік жағында қумандар мекендеген деп көрсетеді. Картада Аскасияның оңтүстік-шығыс жағында онша қашык емес жерде Тагур таулары көрсетілген, қумандар елінің орталығы мен астанасы Кумания сонда орналасқан. Нақты географиялық схемаға сәйкес, Тагурды Мұғалжар тауларымен салыстыруға болады. Орта ғасыр- лардағы шығармалардың мәтініне қарағанда, Мұғалжар қумандар қоныстанған негізгі аймақ болып табылады. Жазбаша деректемелердің деректерінен көрініп отырғанындай, қумандар Аралдың солтүстік өңірі далалары мен Оңтүстік Орал тауы етегі арасындагы кеңістікте қоныстанған. Олардың оңтүстік жағында — оғыздар (әл-Идрисидің «Кіші» картасына сәйкес) мен қимақтар, батысында — печенегтер, солтүстік-батысында — бұлғарлар, солтүстік-шығысында қыпшақтар орналаскан. Текстологиялық және картографиялық материалдарға жасалған талдау орта ғасырлардагы авторлардың мәліметтерін IX — X ғасырларга жатады деп белгілеуге негіз береді. Қумандар қимақ-кыпшақ бірлестігінің батыстагы тармагы болған.

X ғасырдын басында қимақ мен қыпшақтар оғыздармен бірге Жайық алабында, Арал және Каспий өңірлерінің далаларында көшіп жүрген. Бұл тайпалардың қоныстануы араб географтарының орта ғасырлардагы карталарында да көрініс тапқан. Әл-Истахридің «Әлем картасында» қимақтар Арал теңізінің солтүстік және солтүстік-батыс жағындағы жерге орналасқан.

Қыпшақтар Оралдың оңтүстік шегінде башқұрт тайпаларымен шектесіп жатқан. Араб саяхатшысы Ибн Фадлан (X г.) башқұрттардың осы ауданда мекендегенін көрсетіп, олардың қонысы Багнады өзенінің бойында деп атап өтеді, бұл қазіргі Явындыға сәйкес келетін болар. Қыпшақтардың башқұрттармен тікелей қарым-қатынас жасауы олардың уақыт өте келе мәдениет пен тіл жағынан өзара тығыз араласуына әкеп соқты. Аңыз- әңгімелеріне қараганда, башқұрттың батыс тайпалары қыпшақ бірлестігінен бөлініп, монгол шапқыншылығынан көп бұрын Орал өңіріне қоныстанды.<ref>«Қазақстан тарихы» (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 1-том. — Алматы: Атамұра, 2010.—59 ISBN 978-601-282-026-3</ref>

Дереккөздер

<references/>