Қатынас құру әдісі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қатынас құру әдісі (Метод доступа; access method) — 1) компьютер жады мен енгізу-шығару құрылғыларының арасында мәліметтер жеткізуді ұйымдастыру тәсілі; 2) келесі кезекте қай жұмыс бекеті (немесе дербес компьютер) есептеу желісін пайдалана алатынын анықтайтын тәсіл (ережелер жинағы). Мысалы, CSMA/CD (Carrier Sense, Multiple Access, with Collision Detection) — қақтығыс ізделіп-табылатын және тасығышты тексеретін (тындайтын) көптік қатынас құру әдісі. Бұл әдіс кезінде бірнеше жұмыс бекеті (көптік қатынас құру) жеткізу ортасына қатынас құру үшін олар осы ортада жеткізу үзілісі болғанша оны бақылайды (тасығышты тексеру). Одан кейін мәліметтер тасымалдана бастайды және онымен қатарласа жеткізу әрекеттері тексеріледі (қақтығысты табу). Әрбір жұмыс бекеті (өзінше) желі бос деп санап, хабар жеткізуге тырысады. Егер қақтығыс бола қалса, онда белгілі бір уақыт өткен соң хабар жеткізуге кайтадан әрекет жасайды. Қатынас құру әдісі ең көп тараған әдістер қатарына жатады және Ethernet сияқты есептеу желілерінде қолданылады. Маркерлі қатынас құру әдісінде бейімдеуіш маркердің келуін күтеді. Мәліметтер жеткізу маркерді алғаннан кейін ғана мүмкін болады; 3) мәліметтер жинағының физикалық жазбасына қатынас құрудың берілген түрі орындалатын құралдар мен келісімдердің жиынтығы. Кезекпен қатынас құру әдісі және қатынас құрудың базистік әдісі болып бөлінеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған, түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>

Ішкі сілтемелер

Сыртқы сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қатынас құру әдісі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}