Қатынас құру
Қатынас құру, қатынау (Доступ; access) — 1) сұраныс бойынша мәліметтерді алу мүмкіндігі; мәліметтерді таңдау тәсілдерінің сипаттамасы; 2) сақтау құрылғысымен және онда орналасқан файлдармен мәліметтерді жазу немесе оқу үшін байланыс орнату процедурасы.
Мазмұны
- 1 Алгоритмдік қатынас құру
- 2 Біртіндеп қатынас құру
- 3 Дара өрісті қатынас құру
- 4 Жергілікті қатынас құру
- 5 Кванттық-көпшілік қатынас құру
- 6 Кестемен қатынас құру
- 7 Көпшіліктік қатынас құру
- 8 Кілттік қатынас құру
- 9 Параллель қатынас құру
- 10 Тікелей қатынас құру
- 11 Ішкі сілтемелер
- 12 Сыртқы сілтемелер
- 13 Дереккөздер
Алгоритмдік қатынас құру
Алгоритмдік қатынас құру (Алгоритмический доступ; algorithmic access) — адресті қандай да бір алгоритм бойынша есептеуге негізделген қатынас құру.
Біртіндеп қатынас құру
Біртіндеп қатынас құру (Последовательный доступ; sequential (serial) access) — файл жазбаларының файлдың құрылу процесінде ескерілгендей, жадта орналасу ретімен қатынас құру тәсілі.
Дара өрісті қатынас құру
Дара өрісті қатынас құру (Монопольный доступ; exclusive access) — бағдарламаның мәліметтерге монопольдық режимде қатынас құруы. Бір бағдарлама монопольдық режімде қолданатын мәліметтерге басқа бағдарламалардың катынас құру мүмкіндігі болмай, олар күту режімінде тұрады.
Жергілікті қатынас құру
Жергілікті қатынас құру (Локальный доступ; local access) — компьютердің енгізу-шығару құрылғылары арқылы қатынас құру.
Кванттық-көпшілік қатынас құру
Кванттық-көпшілік қатынас құру (Множественный доступ с квантованием; time- division multiple access) — мәліметтерді жеткізу жүйелерінде кванттық уақыт беру ортасына қатынас құруды басқару әдісі; бір символды жалпы (сақиналық) арнамен жеткізу үшін әрбір торапқа бөлінеді.
Кестемен қатынас құру
Кестемен қатынас құру (Доступ по расписанию) — пайдаланушының жүйемен жұмысын алдын ала белгіленген белгілі бір уақыт аралығында ұйымдастыру.
Көпшіліктік қатынас құру
Көпшіліктік қатынас құру (Множественный доступ; Multiple access) — мәліметтер алмастыру желілерінде кеңтаралымды арнаға көптеген станциялардың катынауы. Мұнда қайшылықты табу арқылы реттестіріп аттасуды қайта орындау жолдары ұйымдастырылады.
Кілттік қатынас құру
Кілттік қатынас құру (Доступ по ключу (ключевой доступ); keyed access) — файл жазбасына өту оның кілтін көрсету арқылы орындалатын қатынас құру тәсілі.
Параллель қатынас құру
Параллель қатынас құру (Параллельный доступ; parallel access) — сақтау құрылғыларында биттердің біртіндеп емес, бір уақытта берілуі арқылы мәліметтерге қатынас құру.
Тікелей қатынас құру
Тікелей қатынас құру (Прямой доступ; direct access) — мәліметтердің барлық элементтеріне қатынас құру біркелкі, сондықтан кез келген элементке өту үшін басқа элементтерді қарастырудың қажеті болмайды.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Информатика және компьютерлік техника/ Жалпы редакциясын басқарған – түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Ішкі сілтемелер
Сыртқы сілтемелер
Дереккөздер
<references/>