Қасым Әбенұлы Жәкібаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Қасым Әбенұлы Жәкібаев (12 желтоқсан 1929 жыл Алматы облысы, Жамбыл ауданы Қарғалы8 тамыз 2011 жыл Алматы) — кеңестік және қазақ кино және театр актері. Қазақ театрының мэтрі атанған дарынды артист. Қазақстанның халық әртісі. Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының және Қазақ Ұлттық киноакадемиясының «Құлагер» сыйлығының иегері, театр және кино өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырған актер.

Жалпы мәліметтер

Қасым Әбекұлы Жәкібаев 1929 жылы 12 желтоқсанда Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шолаққорған ауылында дүниеге келген. Әкесі соғысқа кеткен, Қасым қа-зіргі Панфилов паркінде орналасқан «Красная звезда» артелінде жұмысшы болды. 15 жасында әкесі Әбек Ұлы Отан соғысында қаза табады. Әке өлімінен соң, көп ұзамай анасы Сарқыт та марқұм бо¬лады. Өмірдің қиын-қыстау кездерін, ауыртпашылығын ерте көрген Қасым 1944 жылы Алматыдағы Театр және көркемсурет училищесіне түсіп, 1948 жылы оны бітіріп шығады. Сол кезде Халық әртісі Яков Виктор Иванович пен қазақ өнерінің май¬талманы Мәнтай Сыздықовтан дәріс алды.

Шығармашылығы

  • Қасым Жәкібаевты алғаш өнерге әкел¬ген¬дердің бірі – Наталия Ильинична Сац болатын. Наталия Сац бір топ өрендермен (Ақыл Құланбаев, қазақ теледидары мен театрына еңбегі сіңген Ыдырыс Қасымов¬тармен) бірге, Қасымды да театрға шақы-рады. Алғашқы қойылым А.Толстойдың «Алтын кілт» спектаклінде Қасым Базилио мысықтың рөлін сомдайды. Ал, одан кейінгі рөлі Мұсатай Ақынжановтың «Алтын сақасындағы» бай баласы Сарман болды.
  • Тума дарын театр сахнасында жүріп 300-ден аса рөлді сомдайды. Соның ішінде, Полоний (В.Шекспирдің «Гамлетінде»), Вурле (Ф.Шиллердің «Зұлымдық пен махаббатында»), Қайрақбай (С.Мұқа¬новтың «Мөлдір махаббатында»), Бүкір (С.Бодықовтың «Отырар ертең қирай¬дысында»), Тоқай (Ғ.Мүсірепов пен Қ.Ысқақтың «Ұлпан енисейінде»), Шыңғыс хан (Ш.Айтматов пен М.Шахановтың «Ми¬ғұла терісі үстіндегі сотында»), Қон¬қай (Ғ.Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқ-тысында»), Әлібек (Ш.Айтматовтың «Арманым, Әселімінде») т.б. Қасым Жә¬кібаев–ойнақтаған жеті жасар баладан, қартайған жетпістегі шалға дейінгі рөл¬дерді сомдап, қазақ театр тарихында өзін¬дік қолтаңбасын қалдыра білген дарынды тұлға.
  • Қасым Жәкібаев сахна өнері үшін туғандай. Сахнагердің бойындағы шебер¬ліктің тағы бір ерекшелігі – оның суырып-салмалылық (импровизация) өнерін жете меңгергендігі еді. Ол әрқ сахнадағы таптауырындылықтан алшақ болуға тыры-сып бақты. Қайталана беретін сахналық әдіспен көрермендерді де, әріптестерін де, тіпті өзін де жалықтырып алмаудың амал-тәсілін іздеумен болды.
  • Жәкібаев кино саласына да елеулі үлес қосқан танымал актер. “Дерсу Узала”, “Жансебіл”, “Қан мен тер”, “Үшеу”, “Дәнекер”, “Отырар”, “Махаббат станциясы”, “Тоғысқан тағдырлар” фильмдеріндегі рөлдері — кино өнері тарихында қалды.<ref>“Қазақ Энциклопедиясы”, ІІІ-том</ref>

Еңбек жолы

Марапаттары

  • 1966 жылы (Қазақ КСР) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі құрметті атағы;
  • 1996 жылы (ҚР) Қазақстанның халық әртісі құрметті атақтары берілген.
  • 2001 жылы «Парасат ордені»;
  • 2004 жылы Қазақ кино және театр өнеріне сіңірген айрықша еңбектері үшін Тәуелсіз «Платинды Бас Тарлан» сыйлығының лауреаты атанды;
  • 2008 жылы «Құрмет ордені»;
  • Қазақ Ұлттық киноакадемиясының «Құлагер» Ұлттық кино сыйлығының иегері.
  • Қазақстанның мәдениет саласындағы мемлекеттік степендиясының иегері.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}