Қара сексеуіл

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қара сексеуіл (Үлгі:Lang-la) <ref>Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5</ref> – алабұталар тұқымдасы, сексеуіл туысына жататын бұта.

Ботаникалық сипаты

  • Биіктігі 2,5-10 м, тамырының ұзындығы 8-12 м.
  • Діңі тырбиған, қисық әрі жуан (диаметрі 20 – 40 см), көп бұтақты болып біткен.
  • Қабығы қара сұр түсті.
  • Бір жылдық шөптесін өркендері көгілдір не көк түсті, жыл сайын үзіліп түсіп қалады.
  • Жапырағы ұсақ, қабыршаққа ұқсайды.
  • Гүлі майда, бір-бірден орналасқан, қос жынысты. Сәуірден маусымға дейін гүлдеп, қыркүйекте жеміс береді.
  • Жемісі – қанатты жаңғақшауылы 50 – 70, кейде 100 жылдай жасайды.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>
  • Сүрегі тығыз, ауыр, суға салсаң батып кетеді. Түсімі 15-50 т/га.

Құрамы

Құрғақ затында 10,1-15,3% протеин, 16-,6-30,3% күл, 9,1-25,1% жасұнық, 1,6-2,3% май, 30,1-40,1% азотсыз экстрактивті заттар болады.
100 кг мал азығында 43,4-58,9 азық өлшемі, 7,1-10,9 кг сіңімді протеин бар.

Өсетін жері мен аймағы

Қазақстанның шөлді аудандарында, әсіресе, Қызылорда, Жамбыл, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Құмды, сортаңды жерлерде, тақырда өседі.

Шаруашылықтағы қолданысы

Қара сексеуілді түйе (жыл бойы) мен қой (күзде және қыста) жақсы жейді.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref>
Қара сексеуіл негізінен отынға пайдаланылады (қызуы мол).
Сусымалы құмды бекіту үшін оны қолдан егіп те өсіреді.

Дереккөздер

<references/>