Қарақты

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қарақты, көзі қарақты. Тіркес мағынасын түсіндірме сөздікте — хат танитын, сауатты деп көрсетеді. Біздің байқауымызша, осы сөз тіркесіне түсінік берген авторда аздап аңғармаушылық болған сияқты. Келтірілген мысалдың мағынасына ой жүгіртсек те сол жағдай сөзіледі. «Тоқсанбай елдегі көзі қарақты молдалар мен тәуіптерді шақырып, ем-дом істеп жатыр» (С. Омаров, Қайырлы.). Шынына көшсек, «көзі қарақты» сөз тіркесі ертеде қазақтар арасында «тәуіп» аталған, ем-дом жасауды кәсіп еткен, өздерін түк білмесе де «балгер» санаған дүмше молда, бақсыларды дәріптемек болғанда ғана қолданылғанын ескермесек болмайды. Мұндай тіркестің басқа жағдайда қолданылғанын білу былай тұрсын, ешкім де естімеген болар. Бұл бір, реті келгенде, жол-жөнекей айтылған пікір ғана. Мәселе — сөздің алғашқы мағынасын іздестіруде ғой. Мұнда бізге тарихын қарастыруды талап ететіні — тіркесіп келген сөздің соңғысы — «қарақты». Тілде мынадай заңдылық та жиі ұшырасады. Әсіресе, қос сөздер мен тұрақты сөз тіркестерінде тұлғасы әр түрлі болғанмен мағынасы бірдей сөздер ғана ыңғайласып отырады. Мысалы, бала-шаға, қыз-қырқын қос сөздерінің бірінші сыңарлары бізге түсінікті де, ал екіншісін біле бермейміз. Шындығына келгенде, олар да «бала», «қыз» сөздерінің басқа түркі тілдеріндегі тұлғасы: түрікменше біздегі «бала» мағынасын «шаға», чуваштарда «қыз» сөзін «хиир» тұлғалары береді. Дәл осы сияқты, мына «кәзі қарақты» тұрақты тіркесіндегі сөздер де мағыналас болуы мүмкін деп жорамалдап, іздестіре түссек, жорамалымыз теріске кетпейтініне кезіміз жетеді. Якут тілінде—«харах»,тува тілінде—«карак», хакасша — «харах» дыбыс құрамындағы сөздер қазақ тіліндегі «көз» мағынасы орнына қолданылады. Осы тілдерде көрсетілген тұлғалардан («көз» мағынасын беретін) туындаған етістік мағынасындағы сөздер «жақсы көре алатын», «көргіш», «алыстан кәретін» сиякты мағыналарды да береді. Мысалы, хакас тілінде «харахтығ» тұлғасы «көргіш» мағынасында қолданылады. Басқа түркі тілдеріндегідей емес, қазақ тілінде соңғы «ғ» дыбысы түсіп қалып отыратыны белгілі (сарығ — сары; кішіғ—кіші т. б.). Осы дәстүрге сай «көз» сөзіне «характығ» тіркесіп, қалыптасқан десек, «кезі қарақты» дегеніміз «көзі көргіш» болып шыға келеді. Ертеде қазақтар аурудың жағдайынан бірнәрсе біледі деп ойлаған тәуіптерін осындай сөз тіркесі арқылы дәріптегенін байқаймыз. Бір ескерте кетер жайт — «қарақ» сөзінің қазіргі біздегі «көз» мағынасын беруі ертедегі түркі тайпаларына да тән болған.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}