Қараспантөбе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қараспантөбе-І – ортағасырлық қалашық орны. Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Ынталы елді мекенінің оңтүстік шетінде орналасқан. Оны 1960, 1972 жылы бұрынғы Шымкент педагогика институты (қазіргі Халықар. қазақ-түрік университетінің Шымкент институты) археол. экспедагогика тобы (жетекшісі Н.П.Подушкин) зерттеген. Ескерткіштің Оңтүстік-шығыс бөлігін өзен суы шайып кеткен. Қазіргі орны аумағы 3 га, биіктігі 3–3,5 м рабадтан, диам. 70–75 м, биіктігі 7 м қамал төбелерден тұрады. Қаланы қоршай салынған қабырғаларының орны қазір биіктігі 1,5 м төбешік. Оның батыс және шығыс жақтарынан кіретін қақпалары болған. Жинастырылған материалдар: қыш ыдыстар, дән үккіш, қайрақ тастар, т.б. Алынған заттарға қарағанда, тұрғындар қалашықты 10–17 ғасырларда мекен еткен. Олар егін егіп, мал шаруашылығымен айналысқан.<ref>«Қазақстан» ұлттық энциклопедиясы (10 томдық), Алматы, 1998 – 2007.</ref> Кейбір зерттеушілер (Е.И.Агеева, Г.И.Пацевич) Қараспантөбе қалажұртын ортағасырлық Қарасаман қаласымен бір деп қарастырып жүр. Мұнда Низамаддин Шами мен Шараф-ад-дин Йездидің дерегі бойынша 1392 жылы әмір Темір Тоқтамыс ханның елшілерін қабылдаған. Ал, Хафиз Таныштың айтуынша, 1581 жылы Абдаллах ханның әскерінің бір бөлігі мен арбалы керуендері осы жерде болған. <ref>«Оңтүстік Қазақстан облысының тарихи-мәдени ескерткіштері» - "Таймас" баспа үйі, Алматы, 2009.</ref> <references />

Дереккөздер:

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қараспантөбе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}