Мыңсуалмас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

МыңсуалмасҮстірттің солтүстік-батыс бөлігіндегі ойысты мекен. Маңғыстау облысы Бейнеу ауданында орналасқан. Сарматтың әктасы, мергель, құм сазынан түзілген. Батысы кемермен шектелген, биіктігі 152 метр. Батыстан шығысқа қарай 90 км-ге созылған, енді жері 30 – 55 км. Кемерді бойлай бұлақтар (Қараңғыбұлақ, Молақұдық, тағы басқа) кездеседі, суы тұзды. Жер асты суы 1 – 5 метр тереңдіктен шығады; минералды, кермек татиды. Сұрғылт топырағында бұйырғын, тасбұйырғын, баялыш, қара жусан өседі.<ref>"Қазақ энцклопедиясы - VI"</ref>

Атау қазақтың маңы суалмас, суы арылмас деген идиома тіркесінен шыққан. Ертеде бұлақтар сайлармен ағып ұзындығы 4 км-ге жететін. Бұлақтардың сағасында қамыс өскен. Олардан 1 км жерде төртбұрыш тәрізді ұзындығы 2 сажын, бұрыштарының қиылысқан жерінде жартылай шеңбер тәрізді оқ атар саңылауы бар көне қамал бар. Қамалдың қабырғалары сыртынан өңделген тау тасынан қаланған, іші күйдірілген кірпіштен өрілген. Әскер үйлері қамалдың солтүстік, батыс және оңтүстік бөлігінде 8 кіші бөлмеден тұрады. Батыс бөлігінде 4 бөлме бар. Қамал 1850 жылы дейін жақсы сақталғанымен, кейіннен қирап қалған. Қамалдан 1 км жерде Мыңсуалмас атты 2 мола орналасқан. Олар кезінде киелі орын саналған.<ref>Маңғыстау энциклопедиясы, Алматы, 1997;</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Мыңсуалмас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}