Қапсыру

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Түсіндірме сөздікте екі түрлі мағынасы көрсетілген:

  1. қамтып, қапсыра ұстау;
  2. бір нәрсені (есікті т. б.) жабу. «...Ана есікті қапсыра салыңызшы... деді Майлық» (А. Нұрманов, Құлан.).

Сөздіктегі алғашқы мағына соңғысының туындысы. Сондықтан біздің баса көңіл аударарымыз — екінші мағынасы. Тарихи жағынан алып қарағанда, «қапсыру» сөзінің ең алғашқы түбірі—«қа». Өйткені, моңғол тобындағы бурят тілінің бір говорында «хаа» түлғасы «жап» деген етістік мағынасын береді (ИБГ, II, И. Бур., Некоторые..., 117). Осыдан бара-бара туынды түбір «қап» қалыптасқан. Бұған дәлел — Евпатория мен Бахчасарай мақындағы қараим тілінде (түркі тілінің бірі) «есікті жап» деген мағынаны — «қапа қапыны» тіркесі береді (ВДТЯ, К. Мус... Заметки..., 100). Мұнда «қапа» сөзі «жап» мағынасында қолданылып тұр. Топшылауымызды басқа да түркі тілдері мәліметі дәлелдей түседі: татар тілінде «кап + ла», чуваштарда — «хупла» сөздері қазақ тіліндегі «жабу» (етістік) мағынасын білдіреді (ПОАЯ. С. Мур., О тюркских..., 341). Түркі, моңғол тілдерін былай қойғанда «жап» мағынасының «қа» түбірі арқылы айтылатынын араб тілінен де байқаймыз: қафәл — бекіту, жабу. Егер біз семитохамит, үндіевропа, алтай, картвел тілдерінің деректеріне үңілсек, олардың бірқатарында «қап» сияқты түбір — «жабу», «бекіту» сияқты сөздер мағынасын білдіреді. Сөйтіп, «жабу» мағынасындағы «қапсыру» сөзінің түбірі қақап екен де, оның төркіні бірнеше топтағы тілдерге ортақ екендігі анықталып отыр. Қазіргі тілімізде «есікті жап» деудің орнына кейде «есікті қапсыр» деп те айтыла береді. Бірақ бертін келе «жагі» мен «қапсыр» мағыналары даралана, ажыратыла бастаған. Егер үйдің есігі тұтас болса, онда көбіне «жап» етістігі қолданылады да, есік жарма — екі жаққа ашылатын болып жасалса, «қапсыр» жиі қолданылады. Осы ерекшелікті аңғармаудан бірін («жап» сөзін) әдеби тіл қалпы, екіншісін («қапсыр») диалектизм деп қарайтын жаңсақ көзқарас та ішінара кездеспейді емес.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}