Қанық, бояуы қанық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қанық, бояуы қанық. Түсіндірме сөздік анықтамасы бойынша, мұның мағынасы — кемеліне келген, бабына жеткен. «...өрелі ізденіс коллективтегі ізденіске ұласқанда ғана қанық бояулы спектакльдер туатынын тәжірибеден... көріп жүрміз» (С. Омаров, Серпін). Түркі тілдеріне, оның ішінде қазақ тіліне жүйесі басқа араб тілінен ауысқан. Арабша қаниғ — ашық (заттың түсі жөнінде) (Араб.-рус. сл., 1970). Түсіндірме сөздік анықтамасына қарасақ, мағынасына езгеріс енген. «Бояуы қанық» дегеніміз, мағынасы жағынан, «бояу ашық» тіркесімен барабар.<ref>Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}