Қаназ Молдахмет

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қаназ Молдахмет (23.2. 1942 жылы туған, Арал ауданы Бекбауыл станциясы) – жазушы. Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі (1980). Шымкент педагогика институтының филология факультетін бітірген (1963). 1963 – 67 жылдары Қазалы аудандық орта мектепте мұғалім, 1967 – 69 жылдары «Ленин туы» газетінде бөлім меңгерушісі, 1969 – 74 жылдары Қазалы аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, ауданы кәсіподақ комитетінің төрағасы қызметтерін атқарған. 1978 – 85 жылдары «Жалын» баспасында редактор, бөлім меңгерушісі, 1992 жылдан «Денсаулық» журналында бөлім меңгерушісі, 1993 жылдан бас редакторы. Алғашқы шығармалары 1970 жылы жариялана бастады. Қаназдың ауыл адамдарының тұрмыс-тіршілігі, замандастарының ой-арманы, адамгершілік мәселелері туралы жазылған «Сонар» (1973), «Арна» (1978), «Ақ тайлағым-ай» (1980), «Құм ойнау» (1984), «Армандай алыс жағалау» (1988), «Жаңбырлы жал» (1991), «Қияндағы күн нұры» (1993), «Жанқожа» (2001) атты әңгімелер мен повестер жинақтары жарық көрген. «Чика – Дабылдың баласы» (1991), «Жер кіндігі» (1975) повестері үшін жасөспірімдер мен балаларға арналған үздік шығармалардың респибликалық жабық бәйгесінде жүлде алған. В.Карповтың «Тірідей ұсталсын» романын (1988), Е.Пелиннің, В.Распутиннің әңгімелерін қазақ тіліне тәржімелеген. Жекеленген тунистлары орыс, грузин тілдеріне аударылған. Қаназдың еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі шығармашылығы. Халық батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының өнегелі өмірі мен өшпес ерлігіне арналған. Осы тақырып аясында «Жанқожа» атты үш актілі тарихи драмасы, сондай-ақ, «Ел қорғаны – Ер Жәкем» атты іргелі еңбегі (С.Қалуовпен бірге) жарияланған.

Дереккөздер

Қазақ энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}