Сонар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сонар. Із түспеген қар беті, із түспеген алғашқы қар, із түспеген, мал баспаған, аң баспаған жаңа жауған соны қар (соны жер, соны шөпті де сонар дейді). Жаңа жауған қар бетіндегі аңның соны іздері оның қай аңдікі екенін, қай бағытқа кеткенін, қай мөлшерге барып қорып қалғанынан айғақтайтын, аң аулауға өте қолайлылық тудыратындығы белгілі. Осындай аң аулауға қолайлы жаңа жауған қарлы сәтті қазақтар "сонар" деп атаған. Сонардың таңға жақын жауған азғана түскен қырбық қардағы келте сонар, беки қоймаған қардағы қырбық, сонар, алғашқы, көп жауған қардағы қансонар деген түрлерін ажыратады. Қар жаумаса да саят уақыты келген соң аңға шықса, ол "қара сонар" аталады.<ref>Саятшылық қазақтың дәстүрлі аңшылығы. - Алматы: "Алматыкітап", 2007. - 208 бет, суретті. Б. Хинаят, Қ.М. Исабеков. ISBN 9965-24-813-3</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}