Қала құрылысы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қала құрылысы - қала салудың жоспарлы теориясы мен оның іске асуы; қоғам өмірінің материалдық ортасын ұйымдастыруға арналған архитектуралық қызметтің ғылыми-тәжірибелік түрі. Қала құрылысы белгілі бір елдің әлеуметтік, құрылысына, өндіргіш күштерді өсу дәрежесіне, ғылымы мен мәдениетіне, табиғи климаттық жағдайларын және ұлттық ерекшеліктеріне байланысты дамиды. Сонымен қатар ол қоғамның әлеуметтік-экономикалық және эстетикалық талғамын да ескерді. Қала құрылысының теориясы мен тәжірибесі негізгі екі міндетті шешелі; ескі қалаларды қайта салу мен дамыту және жаңа қала салу. Тұрғындардың неғұрлым жайлы түрмысын қамтамасыз ету үшін қала аумақтары аймақтарға бөлініп, жобаланады. Қала құрылысының жобалары өнеркәсіптік, тұрғынжайлық аудандардың демалыс аймақтарымен үйлесімін есепке алып, санитарлық-тех. талаптарға сай, қала жолдарының ыңғайлы жүйесін, мөдени-тұрмыстық, медициналық, т.б. мекемелердің қолайлы орналасуын ескере отырып жасалады. Бай архитектура мұралары бар қалаларды қайта құруда тарихи көркемдік бейнесін сақтай отырып, жаңа қүрылыстармен келісті үйлестіру ескеріледі. Қалалардың эстетикалық талғамға сай өзара келісті архитекьуралық ансамбльдер құрап, жергілікті табиғи климаттық әртаның ерекшелігін ескеріп, мейлінше тиімді үйлесімді салынуы, оның біртұтас архитектуралық келбетін түзеді. Қалалардың жобалануы мен салынуы, олардың архитектуралық көркемдік келбеті ұзақ мерзім бойы архитекторлар мен құрылысшы инженерлердің ұжымдық еңбегі нәтижесінде қалыптасады.

Өндіріс, энергетика жүйесі, көлік, ғылымның дамуы қала түзілудің басты аса маңызды фақторлары болып табылды. Сондықтан, қала құрылысының көп ғасырлық тарихы бар. Республика аумағынан ертедегі адамдардың палеолит, неолит, қола дәуіріндегі қоныстарын дәлелдейтін белгілер көп табылды. Батыс Қазақстанда біздің заманымыздан бұрынғы 2 мыңыншы жылдары Андронов мәдениетінің орталығы болған көне қоныстардың қалдығы сақталған. Біздің заманымыздан бұрынғы 5 ғасырдандан бастап Қазақстан аумағында - Іле, Шу, Талас, Сырдария өзендері аңғарларында жылу жүйелері орнатылған үйлері бар алғашқы қалалардың жүрттарьт аршылды. Ол қалалар қалын қабырғалармен қоршалған.

6 - 12 ғасырлар аралығында қала құрылысы ерекше дамып, ізденген. Түркі тектес халықтардың қала салу мәдениетіне ертеден қала құрылысы өнерінің бай дәстүрі бар соғдылықтардың қоныстануы көп әсер еткен. Қазақстандағы қалалардың құрылымы мен дамуы Орта Азия калаларына тән сұлбалық типтен өзгеше болды. Орта Азия қалалары: аумақтық жағынан нақты шектелген цитадельден, жеке адамдарға тиісті шаһристаннан, қала маңы рабадтар мен зираттардан тұрса, Қазақстан қалаларында бұл үйлесімділік сақталмаған. Кейбір қалаларда үйлесімділік болмаған, енді біреулерінде (Отырар, Сығанақ, Құмкент, Талғар, Қойлық) шаһристан онша анық байқалмайды да, рабад басым болып келеді. Мұның өзі бұл қалалардағы халықтың жартылай көшпелі өмір сүргенін көрсетеді. Қазақстанда 10 ғасырда елді мекендердің мынандай негізгі түрлері қалыптасқан: қағаздардың қалалық мекендері - ордалары (Чигу, Ордакент, Суяб, Қойлық, Баласагұн), керуен жолындағы қалалық мекендер (Исфиджаб, Тараз, Отырар), сауда-қолөнерлік қалалар (Сығанақ, Құмкент, Созақ), феодал-ақсүйектердің жекелеген қамал-қорғандары мен жекелеген мекендерді өзара байланыстыратын орындар ретінде қеруен-сарайлар (Ақыртас, Баба ата, Ақ Сүйек, т.б.) және ауыл шаруашылығы қоныстары. Бұл кезеңде қала құрылысы 4 алшақта - Сырдария алқабында, Шу мен Талас анғарларында, Солтүстік - Шығыс Жетісу өлкесінде және Орталық Қазақстан өнірінде дамыған. ІЗ ғасырда Қазақстанды моңғолдардың жаулап алуының салдарынан оңтүстік өлкедегі барлық қалалар талқандалды. 17 - 19 ғасырларда Гурьев (Атырау; 1640), Өскемен (1720), Петропавл (Қызылжар; 1752), Семей (Доржынкент; 1756), Орал (1813), Қызылорда (Ақмешіт; 1863), т.б. жаңа елді мекендер, әскери бекіністер пайда болды. Бұл қалалар тар көшелерден тұрды. Жоспарлы-сұлбалық құрылымы жағынан 3 бөліктен тұрады: орталық аудандарға ақсүйеқтердің тас үйі, орталыққа тақау орналасқан әскер басылары, сарай өкімдері, саудагерлер мен өнеркәсіпшілердің тұрақ-жайлары, үшінші бөлікке қала шетіндегі кедейлердің лашықтары кірді. 19 ғасырдан бастап отырықшылық күшейе түсті. Қарағанды, Риддер (Лениногорсқ), Зырянов секілді өндірісті қалалар пайда болды. Ақтөбе, Көкшетау, Ақмола (Астана), Қостанай, Талдықорған, Әулиеата (Тараз), Түркістан тәрізді әскери бекіністер қалаға айналды. Қазақстанда 1925 жылдан бастап қала салу ісі бір орталыққа негізделген жоспарлы садаға айналды. 1930 жылы Қазақ мемлекеттік жоспарлау мекемесі құрылды. Халық аз орналасқан аймақ - Орталық Қазақстанда өндіргіш күштерді дамыту - Қарағанды, Балқаш қалаларын сатудан басталды. Түрксіб - Мойынты - Шу темір жолдары желілерін тарту Оңтүстік Қазақстанмен және Батыс Сібірмен байланыстыруға мүмкіндік берді және аймақтық табиғи байлықтарды игеруді тездетті. 2-дүниежүзілік соғыс жылдары жаңа өнеркәсіп орындары бой көтерді, аз қабатты үй құрылысы басым болды. Қала құрылысының дамуы баяулады. Атырау қаласының маңындағы Мұнайшылар қалашығы сол кезеңнің архитектуралық келбетін айқындап берді. Қазақстан Халком кеңесінің 1945 жылы қабылданған "Қазақстанның облыс орталықтарын жобалау жоспарын жасау туралы" шешімінен кейін барлық облыстық орталықтары бас жоспармен қамтамасыз етілді. Республикадағы қалалардың бірыңғай топтық жүйесін: шахтерлер (Қарағанды, Екібастүз, Абай, Шахты, Саран), металлургтер (Өскемен, Балқаш, Жезқазған, Риддер, Теміртау), химиктер (Шымкент, Ақтөбе, Тараз, Қаратал, Алға),кеншілер (Рудный, Лисаковск, Қаражат), энергетиктер (Ақсу, Серебрянск) қалалары құрайды. Соғыстан кейінгі жылдары Ақтау, Жаңатас, Жаңаөзен, т.б. жаңа қалалар бой көтерді. 1985 ж. республика қала саны 85-ке, қала типтес кенттер 197-ге, аудан орталығымен қосып есептегенде кеңшар кенттері 7000-ға жетті. Халықтың 60%-ы қалаларда тұрды. Ел орталығының Алматыдан Астанаға көшірілуі де қала құрылысының өсуіне зор ықпалын тигізуде. Қазіргі қала құрылысындағы басты жетістік жаңа тұрғын үйлердің талапқа сай салынуы. Үйлер қазіргі заманғы дизайын талаптарына сай болуымен ерекшелінеді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}