Ордакент
Ордакент – шағын қала орны. Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Жаңақорған т. жылы станциянан солт-ке қарай 5–6 км жерде. 1967 жылы Отырар археологиялық экспедициясы (жетекшісі К.Ақышев) барлау жұмыстарын жүргізген. Қала орны диам. 100 м болатын сопақша төбе. Шетінің биіктігі 4–5 м, орталық бөлігі 6–7 м-ге дейін. Қазба жұмыстары барысында қолдан жасалған қыш ыдыстар, астық, су сақтайтын үлкен хұмдар, құмыралар, құмғандар, т.б. заттардың сынықтары табылған. Бұл заттарға қарағанда Ордакент біздің заманыздың 1 ғасырында бой көтеріп, 8 ғасырға дейін жеткен, тұрғындары егін егіп, мал шамамен айналысқандығы аңғарылады.<ref>Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2</ref><ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы"</ref>
Дереккөздер </span>
<references/>