Қайыр хан

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Қайыр хан<ref> Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2 </ref>(шамамен 1165 1220 жылдар) Отырар қаласының билеушісі. Ол билік құрған кезеңде Отырар қаласы Қазақстан мен Орта Азияның ірі мәдени, ғылыми, сауда орталығына айналды. Әлемде кітаптарының саны мен сапасы жағынан екінші орынға шыққан кітапхананың Отырарда болуы да оның есімімен тығыз байланысты. Шыңғыс ханның замандасы екен. Сонымен бірге, Шыңғыс әскерінен Отырарды қорғау жолында жан аямай шайқасқандардың бірі болып саналады.

Қайырхан, Ғайыр хан Иналшық (т. ж. б. – 1220, Отырар) – Отырар қаласының билеушісі. Хорезмшаһтарға қызмет еткен, қыпшақ тайпасынан шыққан. Шыңғыс ханның Қытайға жасаған сәтті жорықтарынан кейін Хорезм шаһы Мұхаммед Қарақорымға жедел түрде екі елшілік аттандырды. Ол елшіліктерді қабылдаған Шыңғыс хан да өз тарапынан Хорезмге елшілік аттандырды. Екі жақты келісімдерден кейін көп ұзамай 500 түйеден тұратын, құрамында 450 адам бар сауда керуені 1218 жылы Қарақорымнан Отырар қаласына келіп жетті. Саудагерлер арасында Шыңғыс ханның тыңшылары бар деп есептеген Қайырхан керуенді тонап, адамдарын қырып тастады. Шыңғыс хан Қайырханды ұстап беруді талап етті, бірақ Хорезмшаһ бұл талапты орындамай, келген елшілерді өлтірді. Нәтижесінде екі ел арасында соғыс басталып, 1219 ж. қыркүйекте Шыңғыс хан әскері Ертістен Жетісу арқылы Сырдарияға келіп жетті. Отырарға таяғанда Шыңғыс хан қаланы қоршауға ұлдары Шағатай мен Үгедей басқарған әскерлерді қалдырып, өзі Бұхараға аттанды. Қайырхан бар күшін салып қорғанды. Қорғаныстың 5-айы бітуге таянғанда хорезмдік әскербасы Қараша-Хаджиб 10 мыңдық қолымен беріліп, моңғолдарды қалаға кіргізіп жіберді. Соғыс қаланың ішінде жүрді. Қайырхан сенімді әскерлерімен қамалға берік бекініп, тағы бір ай соғысты. Қамалды қорғаушылар түгел қырылғаннан кейін ғана Қайырхан 1220 ж. ақпанда қолға түсіп, Шыңғыс ханның алдына апарылып, сол жерде өлтірілді.

Шыңғыс ханның Орта Азияға кіруі

Шыңғыс хан Орта Азияны жаулап алуды армандаған еді. Ол кезде Орта Азияда Хорезмшах Мухаммед билік жүргізіп түрған-ды. Оның 400 мың адамнан тұратын қуатты әскері болған. Ал Шыңғысханның қол астында 200 мың жауынгері бар еді. Сондықтан да Шыңғысхан оған 500 нарға сыйлықтар артып, керуен жібереді. Елші арқылы жолдаған хатында, Мүхаммедті "сүйікті ұлым" дей отыра, достық ұсыныс жасауды да ұмытпапты. Бүл оны біраз қапаландырды. Алайда Мухаммед өте көп сыйлық артылған керуенді жауап ретінде жөнелтті де, Қайыр ханнан 450 адам мен 500 түйеден қүралған керуенді де тексеруін сұрайды.Отырарлықтар 30 шақырымға созылған жерасты жолымен қаланы қоршай қамал салды. Пышақтөбе, Қыштөбе жөне Көксарайда қару-жарақ шығарыла бастады. Сыртқы жаулардан қауіп төне ме деген оймен, қалаға тек дайын өнімдері бар зергер көпестер өткізілді. Шыңғысхан мемлекеттер арасында соғыс отын тұтандыру ниетімен 450 адамнан құралған шағын әскер мен тыңшыларды жіберді. Қонақтардың көздеген мақсаты үш күн ішінде орындалды. Керуенді бастап келген елші бірнеше рет Қайыр ханға "үлкен құрметпен қабылда" деген талап қойды. Тіл тигізген моңғол елшісіне Қайыр хан керуен туралы өз ойын білдіріп, моңғолдық көпестердің "тауарларын" көрсетуін талап етті. Жауап берудің орнына, тағы да тіл тигізіп, қыр көрсеткен моңғол елшісін Қайыр хан өлтіреді. Содан кейін ол қонақтардың тауарларын тексеріп, қалғандарын өлтіруге бұйрық береді. Алайда моңғолдардың біреуі қашып тығылады.Біраз уақыт өткен соң, Шыңғыс ханнан Мүхаммедке хат келеді. Онда оның көпестерінің Отырарда шейіт болғандығы баяндалған еді. Шыңғысхан кінәлі адамдарды Мүхаммедтің алып келуін өтінеді. Егер де бұл өтініш орындалмаса, соғыс бастайтынын білдіреді. Мухаммед моңғол ханының сыр көрсеткенін елемейді. Ол Шыңғыс ханның әскеріне Қайыр хан өзі-ақ тойтарыс береді деп ойлайды.

Отырардың қоршауға алынуы

1219 жылы қыркүйек айында 150 мың адамнан түратын моңғол әскері Отырарға жақындайды. Шыңғыс хан әскерінің түменбасылары: Шағатай, Үгедей, Сүбедей, Жебе, Тонышар Отырарды қоршауға алады. 50 мың адамнан қүралған әскері бар Қайыр хан Отырарды табандылықпен қорғайды. Олар қала қақпасын қатты бекітеді. Екі айдан аса отырарлықтар жаудан қорғанады, Шыңғысхан бүкіл әскерін Отырар айналысында топтастыруды жөн көрмей, бір бөлігін көрші қалаларға жібереді. Осылай моңғолдар соғысты бірнеше жерде жүргізеді. Тез арада Самарқан мен Бұхараны алды. Отырарды алуға келген Шағатай мен Үгедейге су көзіне апарар жер асты жолы белгілі болады. Олар тез арада жер асты жолын бекітеді. Біраз уақыт өткен соң, азық-түліктің қоры таусылып, Отырарда аштық орын ала бастайды. Аштыққа шыдамай, соғыс жеңіліспен аяқталады деп ойлаған Отырар әскерінің бір бөлігінің (10 мың адам) басшысы Қаража Қажып моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ал Мухаммед болса, өзінің 400 мың әскері бола тұра, қол ұшын беруге асықпайды.

Отырардың берілуі

Қоршауда бес ай бойы болған Қайыр ханның әскерінде 20 мың адам ғана қалды. Жеті айға созылған соғыста шал-кемпірлер мен балалар да табан тіресе шайқасты. Қала тұрғындары 2 ай бойы аш болды. Жаулар қаланы өртеді. Қала тұрғындарының бірі қалмай өлтірілді. Ал Қайыр хан өзін-өзі өлтірмекке бел буды. Шыңғысхан Қайыр ханды тірідей жеткізуге бүйрық берген екен. Қайыр хан Шағатай мен Үгедейдің қолына түскен соң, оның өтініші бойынша, көз алдында сатқын Қаража Қажып пен оның әскерінің басы алынған екен. Қайыр ханды Бұхарадағы Шыңғыс ханға жеткізіпті. Сонда Шыңғысхан: "Менің елшімді өлтірген сен бе?" — деген сауал қойған. Қайыр хан: "Сенің елшің соғыстың басталуына себепкер болды. Ал моңғолдардың ханы көп елдің көз-жасына қалды. Оның қанқұмар жанын жер де, Көк Тәңірі — Аслан да қабылдамайды. Ал сүйегін құрттар кеміреді", — дейді.Шыңғысхан оның аузына қайнап тұрған қорғасын құйған екен. Осылайша Отырар билеушісі Қайыр хан 1220 жылы айуандықпен өлтірілген.<ref> Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2 </ref><ref>Айбын. Энциклопедия. / Бас редакторы Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. ISBN 9965-893-73-Х</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Қайыр хан|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}