Жебе

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Жебе– 1) садақ оғының ұшы. Түркі халықтарында Ж-лердің қозыжауырын, сауытбұзар, үш қырлы, доғал оқ деген түрлері бар; 2) найзаның ұшы; 3) жау жолына құрылатын тікенек темір. Жебе, езектен (желіден), қанатжалаушалардан , ұшынан және қалпақшадан тұрады. Өзек бір материалдан немесе желімдетіп (2-3 түрден) жасалады. Жебенің ұшы әруақытта алмалы-салмалы, әдетте металдан жасалған болады. Қалпақша да алмалы- салмалы жылдам алынып, салынып желімделіп жебемен жалғасады. Осы арқылы жебенің ұзақ қызмет етуі қамтамасыз етіледі. Қалпақшада бағыттаушы саңылау адырнаға қондыру үшін тереңдігі 5-6 мм. (5), ені 2,5- 3,0 мм ойық болады. Жебенің қанаты (жалаушасы) құс жүнінен (қыранның, қаздың, үнді тауығының) немесе жасанды материалдардан (пластмассадан) жасалып, тұрақтандыратын қызмет атқарады. Бағыттаушы қауырсынның бірі қалақшадағы адырна үшін жасалған ойыққа желімделеді және ашық түспен боялады. Жебе бірнеше белгілер бойынша сұрыпталады: </br>1. Неге арналғандығына (аңшылық, спорт). </br>2. Жасалған материал бойынша (ағаштан, металдан, пластмассадан, аралас). </br>З.Формасы бойынша (цилиндрлі, конусты, сигар тәрізді). </br>4. Қанаты (қауырсыны) бойынша:

а) жалаушалардың саны бойынша (3-тен 6 данаға дейін);
ә) жалаушалардың материалы бойынша.

</br>5.Жебе ушы бойынша;

а) спорттық (барлық уақытта металдан, цилиндрлі, үшкірленген);
ә)аңшылық (металдан, ағаштан, пластмассадан, пішіні мен қайралуы түрліше). Жебеге қойылатын негізгі талаптар: түзулігі, қаттылығы, қауырсынының сапалылығы мен ерітінділігі, жеңілдігі (Метал қалыпты жебе 20-25 г, ал ағаш жебе 30 г. дейін болады және ауырлық орталығы дұрыс орналасуы тиіс (жебенің геометриялық орталығынан 5-10 см. алда болады). Жебенің ұзындығы шамамен мергеннің кеудесі мен алға шығарылған қолдың ортаңғы саусақтары ұшының аралығына тең болады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Жебе|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}Үлгі:Uncategorized