Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лама Шариф Қайрат Қайырбекұлы1962 жылы 1 қаңтарда Павлодар облысының Ертіс қаласында туған. 1977 жылы Ертістегі №2 қазақ орта мектебін бітіргеннен кейін, 1981 жылы В. В.Боровский атындағы Павлодар педагогикалық училищесін, одан соң 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің шығыстану факультетін үздік бағамен бітірді.<ref> Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері. Анықтамалық. Алматы, "Білім" баспасы. 2005 ж. — 576 бет.ISBN 9965-09-134-Х</ref>

Студенттік жылдары Иордан университетінде (1984—1985) тіл уйрену тәжірибесінен өтті және Иеменде (1986—89) араб тілі бойынша тәржімашы болып істеді. 2003 жылы Дипломатиялық академияның Қазақстан Республикасы Өкілетті елшілері мен салалық құрылым жетекші қызметкерлерінің білімін жетілдіру курсын аяқтады. Қ.Лама Шариф 1990 -1991 жылдары "Рауан" баспасының шетел тілдері редакциясының редакторы, 1991-1993 жылдары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің араб филологиясы кафедрасында оқытушы, 1993 жылы тамыз айынан бастап, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық құрылымдарында бірқатар жауапты қызметтер атқарды. Ал 2000 жылдың желтоқсанынан бастап, Египет Араб Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшісінің кеңесшісі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің бөлім меңгерушісі, басқарма бастығы, директорының орынбасары, одан соң Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының бас инспекторы болып істеді. 2006 жылы қаңтар айынан бастап Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Эмираттарындағы Бас Консулы.

1990 жылдан бастап Мороккодағы бауырлас қалалар фестивалі, Ливия мен Сауд Арабиясындағы Ислам даму банкінің отырыстары, Малидағы Ислам сауда-өндірістік палатасының сессиясы, Гвинеядағы Ислам Конференциясы Ұйымының конференциялары, Египеттегі Ислам ісі жөніндегі Жоғары Кеңестің жыл сайынғы жиналыстар секілді халықаралық шараларға қатысты. "Намаз тағылымы", "Дуға", "Мұсылман күнпарағы", "Қажылық", "Имандылық бастаулары", "Қазақша-арабша тілашар", "Араб тілінің хрестоматиясы" кітаптарының авторы. Сыртқы істер министрі Қасым Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының дипломатиясы" атты кітабын араб тіліне аударды. Қазақ, орыс, араб тілдерін жетік біледі. Дипломатиялық рангісі — "Бірінші кластың бірінші хатшысы". "Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл" мерекелік медальмен марапатталған (2005 жылы).

Дереккөздер

<references/> 

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}