Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мағына Қайдар Айтжанұлы Әбдірахманов (10.5.1936 жыл, Ақмола облысы Атбасар ауданы - 6.02.2012 жыл) — ғалым, геология-минералогия ғылымдарының докторы (1983), профессор (1985), Қазақстан Ғылым Акедемиясының академигі (2004).

Өмірбаяны

Ғылыми жұмыстары

  • Көп циклді иілімді атыраптардың гранитоидты жыныстарының қалыптасуының формациялық-петрохимиялық теориясын жасады, оның негізінде граниттерді 12 петрохимиялық түрге жіктеді. Порфирлі жыныстардың сілтілігі пен қышқылдығының арасындағы кері корреляттануды анықтау негізінде колчедан-полиметалл кендерінің қалыптасу ерекшеліктерін тапты.
  • Темір, марганец, полиметал кендерінің түзілуіндегі көлденең және тік бағытты минералды-геохимиялық белдемділікті ашты.
  • Геология және металлогения саласындағы іргелі теория зерттеулері Қазақстанның Солтүстік Балқаш, КіндіктасШуІле аймақтарындағы кендерді болжамдауға және игеруге негіз болды.
  • Әлемдік және қазақстандық деңгейдегі плиталық петрометаллогенияның теориялық негіздерін қалаушы.
  • Түрлі геодинамикалық дәрежедегі кеннің магматикалық формацияларының карталары мен мамандандырылған петрометаллогендік карталарды жасаушы.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені - 2011. 2 томдық анықтамалық. Алматы, 2011 ІSВN 978-601-278-473-2</ref>

Шығармалары

  • Петрология и металлогения щелочных пород Таласского Алатау, А.-А., 1965;
  • Гранитоидные формации Казахстана и типы фанерозойского гранитообразования, А.-А., 1986.<ref>Қазақ энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Бастама {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}