Порфир
Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Порфир<ref name="source1">Қазақстан энциклопедиясы, VII-том</ref> (грек тілінде porphyreos — қызыл) — ұсақ түйірлі арқауында фенокристары (минералдардың ірі түйірлері) бар қышқыл тау жыныстарының жалпы атауы. Порфирлер сілтілі дала шпаттарының, қышқыл, плагиоклаздың, кварцтың, биотиттің, қоңыр амфиболдың, пироксеннің, т.б. минералдардың түйірлерінен тұрады, ал негізгі массасы микрофельзиттен, шыныдан, альбит пен ортоклаздың микролиттерінен немесе аталған минералдардың өзінен құралады. Минералдық құрамына қарай порфирлі тау жыныстарының саны 60-тан асады. Олардың ішінде кең тарағаны трахиттің сыңары ортоклаз порфирі, липариттің сыңары кварц порфирі. Порфирлі гипабиссал тау жыныстары сығылмалар, силдар, сирек кішігірім штоктар, сақина тәрізді денелер құрайды. Порфирдің түсі сұр, сары, қызғылт, қоңыр болып келеді. Кейбір түрлері әшекейлеу, әрлеу істерінде қолданылады. Дала шпатының ақ сызықты қызыл-қоңыр (ежелгі порфир) түсті тасы Ежелгі Римде қолданылған. Қазақстанда порфирлер төмен девонның қышқыл эффузияларында кездеседі.
{{#ifeq:|Үлгі
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
<references/> немесе <reflist/>
{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}
Мақала бастамасы | {{{article}}}}} мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз.{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар| Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет.}} |
| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Порфир|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}