Қазақ әдебиетінің тарихы (монографиялық басылым)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Қазақ әдебиетінің тарихы.png
"Қазақ әдебиетінің тарихы" көптомдығының мұқабасы

«Қазақ әдебиетінің тарихы» - қазақ әдебиетінің қалыптасу тарихын баяндайтын 3 томдық 6 кітап. 1960-1967 ж. «Ғылым» баспасы шығарған.<ref name=kaz1>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010. ISBN 9965-26-096-6</ref>

Толығырақ

Бұл басылымдарда қазақ ауыз әдебиетінің және 18-20 ғасырлардағы қазақ жазба әдебиетінің тарихы кеңінен қамтылып, ғылыми түрде жан-жақты баяндалған. Әуезов 1-томның жалпы редакциясын басқарып, «Айтыс», «Ертегілер», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Қыз Жібек», «Абай Құнанбайұлы», «Ақылбай Құнанбаев», «Мағауия Құнанбаев» тарауларын жазды. Еңбекте Әуезовтың өмірі мен шығармашылық қызметіне арнайы бөлім беріліп (авторы М. Қаратаев), туындылары кезең-кезеңмен талданған (429-505-беттер). Әуезов жасаған асыл туындылар қазақ әдебиетін озық әдебиеттердің қатарына қосып, қазақ халқының тарихын, өмірін, мәдениетін, талантын, ұлттық характерін жер жүзі оқушыларына танытты деп, ұлы жазушының ерлікке пара-пар еңбегіне әділ баға берген.<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref>

Кітапта ежелгі дәуір әдебиеті, қазақ хандығы тұсындағы жыраулық поэзия, 20 ғ-дың бас кезіндегі демократияшыл әдебиет, сондай-ақ, кеңестік кезеңдегі қазақ әдебиетінің 50 жылдық тарихы жанжақты зерттеліп, тұжырымдалған.<ref name=kaz1/>

1 том

1-кітабы

1-томының 1-кітабы (1960, "Қазақ халқының ауыз әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған Мұхтар Омарханұлы Әуезов) ауыз әдебиетінің ерте заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі тарихын қамтитын тоғыз бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Оған ауыз әдебиеті туралы ғылымның даму тарихы, тұрмыс-салт жырлары, шешендік сөздер, мақал-мәтелдер мен жұмбақтар, батырлар жыры мен лиро-эпос, тарихи жырлар мен айтыс жайындағы зерттеулер енген.

2-кітабы

2-кітабы (1964 ж., жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) қазақ кеңес фольклорының тарихын әңгімелейтін алты бөлім мен бірнеше тараудан тұрады. Мұнда қазақ фольклортану ғылымның тарихы, онын даму жолдары, фольклор мен әдебиет, фольклор және музыка, айтыс, халықтық дастандар, мақал-мәтелдер, өлең-термелер, ақындық толғау, жұмбақ жаңылтпаштар, өтірік өлеңдер жайындағы зерттеулер мен ақын, жырау, жыршылар туралы монографиялық тараулар, библиографиялық көрсеткіштер бар.<ref name=kaz1/>

2 том

1-кітабы

2-томынын 1-кітабы (1961, "ХҮІІІ-XIX ғасырлардағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған – Қажым Жұмалиев) 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиетінің даму жолдары мен әр алуан бағыт-кезеңдерін ашып әңгімелейтін шолу тараулармен қатар сол дәуірдегі ақын-жазушылар творчествосын арнайы талдайтын монографиялық зерттеулерден тұрады. Сондай-ақ қазақ әдебиетінің шығыс әдебиетімен байланысы жеке қарастырылып, 18-19 ғ-дағы қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы берілген.

2-кітабы

2-кітабы (1965, "XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті", жалпы редакциясын басқарған - Ысқақ Тәкімұлы Дүйсенбаев) 20 ғ-дың бас кезіндегі саяси-әлеуметтік, экономикалық өзгерістерді, сондай-ақ, осы кездегі әдеби процестің дамуын ашатын шолу мен 1916 жылғы ұлт азаттық көтерілісіне байланысты туған халық поэзиясын талдайтын тараудан және ақын-жазушылардың шығармаларын арнайы қарастыратын монографиялық бөлімдерден тұрады. Сонымен қатар мұнда 20 ғ-дың басындағы оқу-ағарту жүйесі мен баспасөзге арналған жеке тарау мен сол дәуірдегі қазақ әдебиеті тарихы жайындағы материалдардың қысқаша библиографиясы қамтылған.<ref name=kaz1/>

3 том

1-кітабы

3-томының 1-кітабы (1967, "Қазақ совет әдебиетінің тарихы" жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Қазақ совет әдебиетінің алғашқы дәуірі", "Отызыншы жылдардағы қазақ совет әдебиеті", "Ұлы Отан соғысы кезіндегі қазақ әдебиеті" деп аталатын шолу тараулармен қатар қазақ кеңес әдебиетінің негізін салушылар: Сәкен Сейфуллин, Бейімбет Жармағамбетұлы Майлин, І. Жансүгіров, Мұхтар Омарханұлы Әуезов, Сәбит Мұқанұлы Мұқанов шығармашылығы туралы монографиялық бөлімдерден тұрады. Бұдан тыс қазақ кеңес әдебиетінің тарихын бейнелейтін әдеби өмірдің шежіресі де (1917 - 1945) берілген.<ref name=kaz1/>

2-кітабы

2-кітабы (1967, жалпы редакциясын басқарған - Мұхамеджан Қожасбайұлы Қаратаев) "Ұлы Отан соғысынан кейінгі дәуірдегі әдебиет", "Қазіргі дәуір әдебиеті" атты екі шолу тараудан басқа, қазақ кеңес әдебиетінің көрнекті қайраткерлері Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов, Асқар Тоқмағамбетов, Ғабиден Мұстафин, Тайыр Жароков, Әбділда Тәжібаев, Ғали Орманов, Қасым Аманжолов туралы моногр. бөлімдерден тұрады. Сондай-ак, кітапта әдеби өмірдің шежіресі де (1946-1965) берілген.

"Қазақ әдебиетінің тарихы" баспаға дайындаған Тіл және Әдебиет (1961 жылдан Әдебиет және өнер) институты. Бұл еңбек ғылыми қызметкерлерге, жоғары оқу орындары филология фокультетінің оқытушылары мен аспиранттарға, студенттер мен көпшілік оқырмандарға арналған. "Мәдени мұра" мемлмлекеттік бағдарламасының кітап сериялары бойынша "Қазақ әдебиетінің" 10 томдығы шығарылын жатыр (8 томы жарыққа шыққан).<ref name="kaz1"/> <ref>Қазақ әдебиетінің тарихы. 3 том, 6 кіт., А., 1960 - 67; Шәменов Қ.</ref> <ref>Халық өнерінің тарихы. "Қазақстан мүғалімі", 1960, №12; Садырбаев С.</ref> <ref>Совет дәуіріндегі фольклор тарихы. "Қазақ әдебиеті" 1964, 2 окт„ №40; Қ а р а е в М.</ref> <ref>Кең сауырлы әдебиет тарихы. "Жұлдыз", 1966, №8; Жәмішев Ә.</ref> <ref>Ғасырлар әдебиеті ғылым айнасында, "Жұлдыз", 1968, №7.</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}