Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақ халқының XVI-XVII ғасырлардағы шаруашылығы — Қазақ халқында тек бірыңғай көшпелі мал шарушылығына ғана болған емес. Халықтың мал шаруашылығымен басым айналысқанда ешбір дау жоқ. Оған қарап оларды мал соңында ұдайы көшіп жүрді, деп айтуға болмайды. Қазақ халқының көшіп-қонуына белгілі бір бағыт, әрбір ру-тайпаның өз көші-қон аумағы болады. Кейбір орыс және Еуропа ғалым дарының қазақтар отты жерді қуалап жаз, қыс демей көшіп жүрді деген пікірлері ешбір шындыққа жанаспайды. Олар қазақ халқының маусымды көшіп-қонуын түсінбегендіктен айтқан. Маусымды көші-қон дегеніміз, жыл мезгілінің ерекшелігіне қарай мал басын аман сақтау үшін көшіп-қону жайылымды жерді дұрыс пайдалануға мүмкіндік береді.

Маусымды көші-қон 4 мезгілге бөлінеді:

  1. Қысқы көш немесе қыстауға көшу;
  2. Көктемгі көш;
  3. Жазғы көш;
  4. Күзгі көш;

Қазақ халқының егін шаруашылығы

Археологиялық зерттеулерден қазақтардың қыстауларының жанында егін шаруашылығымен айналысқан арық-тоғандарының іздері табылған. Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда ертеден-ақ егіншілік кәсібі дамыды. Әсіресе Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.

Қазақтарда егін шарушылығы болғандығын жер суғаратын атпа, шығыр сияқты тағы да басқа құралдардан шығыр,жер жыртатын соқа, жер тырмалайтын тырма, айыр, бидай суаратын ағаш күрек сияқты тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы екті. Оңтүстік жақтағылар күріш пен жүгері де өсірді. Жер жырту саймандары тесе,кетпен,ағаш соқа,тіс ағаш,тырна,қол орақ,күрек болады. Дәнді тұю, ұн тарту үшін ағаш келіні,қол диірменді пайдаланды. Егін егетін жерді атпен, өгізбен, түйемен жыртты. Астықты сақтау үшін жерден ұра қазып, ішінде ылғал болмауы үшін, отпен күйдіретін. Тары көшпелі халықтың қысы-жазы жейтін, ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тағамы болды. Қазақтар дәнді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Қырманды атпен,өгізбен бастырды. Бұл қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірдің дұрыс еместігін айғақтайды.

Қазақ халқының қолөнері

Қазақ халқының қолөнері ежелгі ру-тайпалардан бері келе жатқан өнердің жалғасы болып табылады. Қазақ халқы тұрмыс-тіршілігіне қажетті барлық бұйымдарды өздері жасап алып отырды. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зерегерлік, өрімшілік, көншілік, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамыды. Қазақ шеберлері қолөнердің белгілі бір саласына маманданды. Мәселен, ағаш шеберлері тұрмысқа қажетті ағаштан жасалатын бұйымдардың бәрін жасаған. Әсіресе тамақ ішуге және оны дайындауға қажетті ағаш тостағандарды әдемілеп оюлап, өрнектер салған. Домбыра,қобыз сияқты музыка аспаптарын жасаған. Ал тері илеу немесе етікшілік тәрізді т.б қолөнердің түрлерін басқа шеберлер меңгерген.

Қазақ халқының ішінде зергерлік іс өте жоғары бағаланды.Олар қыз-келіншек,әйелдерге қажетті сақина,сырға,білезік,шолпы сияқты әшекей бұйымдар соқты. Зергерлер қыздардың сәукелесін әсем өрнектеді. XVII ғасырдағы деректерге қарағанда кейбір алтындап, қымбат тастармен әшекейлеп жасаған сәукеле лердің құны бір үйір жылқы мен бағаланған.

Қазақ халқында өрнектеп ши тоқу,кілем,алаша тоқу,ою-өрнек салынған текеметке басу кең тарады.Қазақ халқының тұрмысы мал шаруашылығымен байланысты болғандықтан, ыдыстың кейбір түрлерін теріден жасаған. Мәселен, қымыз ашытатын саба,мес,торсық,көнек т.б жасаған. Ал етік тігетін шеберлер ерлердің етіктермен,мәсімен,әйелдерді басы қайқы,сәндеп тігілген кебіс сияқты аяқ киімдерімен қамтамасыз етіп отырған. Қазақ шеберлері сүйектен,асыл тастардан да тұрмысқа қажетті сәнді бұйымдар жасаған. Теміршілікпен айналысатын ұсталар мал шаруашылығы мен егіншілікке қажетті құрал саймандар соқты.<ref>Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, 6-сынып, "Атамұра" баспасы 2012ж, ISBN 978-282-424-7</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер