Қазақ лақсасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Taxobox Қазақ лақсасы (Үлгі:Lang-la) – астралылар тұқымдасына тұқымдасының лақса туысына жататын көпжылдық өсімдік.

Таралу аймағы

Қазақстанда Қаратаудың солтүстік-шығысында, Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданы Созақ ауылының маңында кездеседі. Тау беткейлерінің тасты, тастақты және сары топырақты жерлерінде өседі.

Биологиялық сипаттамасы

Биіктігі 60 см-дей, тамыры сүректеніп кеткен, оның жоғары бөлігі ақшыл түсті келеді. Сабағы дара тік өседі, сыртын ақшыл түк жапқан. Жиегі тілімденіп келген, тікенді жапырақтарының екі бетін қалың түк жауып жатады. Дара, домалақ, көкшіл түсті гүлі сабағының ұшында жетіледі. Гүл себеттерінің ұзындығы 12 – 15 мм, олар 18 – 20 ұзынша ромб тәрізді жапырақшалардан тұрады. Тұқымынан көбейеді. Сәуір – мамыр айларында гүлдеп, шілде – тамызда жемістенеді. Қазақ лақсасы – өте сирек кездесетін, эндемик өсімдік. Оның таралу аймағы жылдан-жылға тарылып бара жатыр, сондықтан қорғауға алынып, ]]Қазақстанның «Қызыл кітабына»]] енгізілген.<ref name="test">Қазақстан Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер