Қазақша Уикипедия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Уикипедия Қазақша Уикипедия — Уикипедияның қазақ тіліндегі бөлімі. Ол 2002 жылдың 3 маусымынан бастап жұмыс жасап келеді<ref name="main page"/>.

Бұл Уикипедияның ерекшелігі — 3 түрлі әліпбимен жазылады: кириллица (Қазақстан, Ресей, Моңғолия)<ref name="gz">Үлгі:Cite web</ref>, төте жазу (Қытай, Иран)<ref name="gz" /> және латын жазуы (Түркия).<ref name="gz" /> Бірнеше әліпби бойынша жазылатын Уикипедиялар қазақша Уикипедия тәжірибесіне жүгінуде.

Қазақша Уикипедиясында қазіргі уақытта 1 әкімші бар.

Негізгі статистикалық көрсеткіштер

Сандық

Үлгі:Bar box

2024 жылдың наурыздың 19 күніне сәйкес Қазақша Уикипедияда Үлгі:NUMBEROF мақала бар. Үлгі:NUMBEROF қатысушы тіркелген, олардың Үлгі:NUMBEROF соңғы 30 күнде әлдебір іс-әрекет жасаған, ал Үлгі:NUMBEROF қатысушы әкімші қызметін атқарады. Жалпы өңдеу саны - Үлгі:NUMBEROF. Тереңдігі (бүгін): Үлгі:Tереңдік

Қазақша Уикипедия мақалалар саны жағынан Үлгі:Уикипедия/Мақала саны бойынша орны-орында (19.03.2024 көрсеткіш)<ref>Үлгі:Cite web</ref>, алайда өңдеу саны жағынан әзірше 58-ші орында тұр (16.11.2014 көрсеткіш)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Қазақша Уикипедия 1000 сөйлеушіге (қазақ тілінде) шаққандағы мақала саны бойынша (мың адамға 37.2-ден) 50-орында тұр ( 31 наурыз 2015. көрсеткіш)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Сапалық

Мақаларға көп өңдемелер жасау жағынан 11.9индекспен 121-орында тұр (19.07.2015 көрсеткіш)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Барлық Уикипедия тіл бөлімдерінде болу керек 1000 мақала санағында 24.82 индекспен 49-орында (05.03.2016 көрсеткіш)<ref>Үлгі:Cite web</ref>.

Келушілер саны

Үлгі:Bar box

Айына орта есеппен қазақша Уикипедияның беттері 13.7 млн рет қаралады (күніне 457 мың, сағатына 19 мың, минутына 317, секундына 5)<ref> Үлгі:Cite web </ref>. 2016 жылдың наурыз айында қазақша Уикипедия беттері 9.1 млн рет қаралған (күніне 304 мың, сағатына 13 мың, минутына 211, секундына 4).<ref name="Page Views for Wikipedia, Both sites, Normalized">Үлгі:Cite web</ref> 2016 жылдың қазан айында Қазақша Уикипедия беттері ең көп каралған (16.3 млн).<ref name="Page Views for Wikipedia, Both sites, Normalized" /> Барлық Уикипедия бөлімдерінің арасында келушілер саны бойынша Қазақша Уикипедия 37-орында тұр (2016 жылдың қазанындағы көрсеткіш).<ref name="Page Views for Wikipedia, Both sites, Normalized" /><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Тарихы

Үлгі:Main

Сурет:Wikimania 2013 - a delegation of students from Kazakhstan.webm
Назарбаев зияткерлік мектептері оқушыларының Уикиманиа Гонг Конг 2013 конфереренциясына қатысуы.

Ағылшын тіліндегі 2001 жылдың қаңтар айынан бастап жұмыс істеуде. Қазақ тілді Уикипедия 2002 жылы пайда болды, бірақ оған алғашқы мақалаларды жазу 2005 жылдың сәуір айынан басталған болатын.

2011 жылдың 16 маусым күні Алматы қаласында қазақша Уикипедиясының дамуына арналған баспасөз мәслихаты өтті. “Wikibilim” қоғамдық қорының басшысы Рауан Кенжеханұлы — "қазақ тіліндегі мақалалардың саны 16 Желтоқсанға дейін 200 000 жетеді" — деді.

Тамыз айында белсенді редакторлар саны 232-ге дейін, ал мақала саны 70 000 жетті. "Мұндай қарқынды даму ешбір уики-қауымдастық тарихында болмаған" - деді Джимми Уейлс. Аталған көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін және Уикипедия жобасын халық арасында жүргізгін насихат жұмысы үшін "WikiBilim" қоғамдық қорының құрылтайшысы Рауан Кенжеханұлы Әлемнің жыл уикипедияшысы (Global Wikipedian of the Year) деп танылды. Ал "WikiBilim" қоғамдық қорына Джимми Уейлстің түркі тілді Уикипедиялардың конференциясын ұйымдастыру үшін арнайы гранты табыс етілетіндігі жарияланды.

Мақалалар саны жағынан түркі тілдес Уикипедиялардың арасынан қазақша Уикипедия түрікше Уикипедиядан кейін екінші орын алады (бірінші орын 29.11.2012 - 25.12.2012ж.).

Халықаралық Түркі тілдес Уикипедиялар конференциясы

2012 жылдың 20 - 21 сәуірінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тілдес елдер уикипедияшыларының конференциясы өтті. Шараға Қазақстан, Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Түрікменстан, Қырғызстан, Башқұртстан, Саха (Якутия) елдері уики-қауымдастықтарының, сонымен қатар «Wikimedia Foundation», «Creative Commons», «Open Software Foundation» секілді халықаралық қозғалыстар мен ұйымдардың және «Google» компаниясының өкілдері қатысты.<ref>Үлгі:Cite web</ref>

Логотиптер

Қазақ Уикипедиясына құйылған кітаптар

Сурет:Kazenc.jpg
Қазақ энциклопедиясының өзінің материалдарын CC BY-SA лицензиясы аясында жариялауға рұқсат бергені жөніндегі хаты
  • «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9 - 50 000 мақала
  • Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
  • Қазақ телевизиясы, Энциклопедия, "ҚазАқпарат" Алматы, 2009 1-т, ISBN 978-601-03-0070-5
  • Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. Энциклопедия. — Алматы: DPS, 2011. - ISBN 978-601-7026-17-2
  • Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Сөздік-Словарь». ISBN 9965-822-57-3
  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  • Ислам. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2010 ISBN 9965-26-322-1
  • Тараз энциклопедиясы.
  • Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /В. Усиков, Т. Казановская, А. Усикова, Г. Зөбенова. 2-басылымы, өңделген. — Алматы: Атамұра, 2009 жыл. ISBN 9965-34-934-7
  • Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Ғылымтану. Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын- Павлодар: ҒӨФ «ЭКО», 2006 жыл. ISBN 9965-808-78-3
  • ISBN 9965-09-033-5 Тұрсын Қ., Нұсқабайұлы Ж. Теледидар сөздігі – тележурналист анықтамалығы. Оқу құралы. –Алматы, «Білім», 2001. – 380 бет.
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002 жыл.
  • Қазақстан Республикасының Ғылым Энциклопедиясы
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ISBN 5-7667-8188-1 ISBN 9965-16-512-2
  • Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5
  • Қаныш Сатпаев. Энциклопедия / Бас редактор Б.Ө.Жақып. — Алматы «Қазақ энциклопедиясы», 2011 жыл. ISBN 9965-893-74-8
  • Геология терминдерінің сөздігі. Н. Сейітов, А. Абдулин. — Алматы: Қазақстан, 1996, 368 бет. ISBN 5-615-01738-4
  • Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8
  • Бес жүз бес сөз.— Алматы: Рауан, 1994 жыл. ISBN 5-625-02459-6
  • Стоматология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. – Алматы, Қазақстан, 1991. ISBN 5-615-00789-3
  • Патологиялық анотомия терминдерінің орысша – латынша – қазақша түсініктеме сөздігі.- Ақтөбе. ISBN 9965-437-40-8
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  • Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі / — Алматы: «Сөздік-Словарь», 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9
  • Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов. – Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5
  • Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3
  • Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы — геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Куандықов, 2000. — 328 бет.
  • Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007. ISBN 978-601-215-003-2
  • Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006 жыл. ISBN 9965-783-20-9
  • Рахимбекова З.М. Материалдар механикасы терминдерінің ағылшынша-орысша-қазақша түсіндірме сөздігі ISBN 9965-769-67-2
  • Орысша-қазақша түсіндірме жалпы сөздік: Көлік / профессор Е. Арын — Павлодар : «ЭКО» ҒӨФ. 2006.
  • Русско-казахский толковый географический словарь. Под общей редакцией академика АН КазССР, проф. С. К. Кенесбаева и кандидата филол. наук А. А. Абдрахманова. Алма-Ата, Изд-во «Наука», 1966, стр. 204. (Академия наук Казахской ССР. Институт
  • Шаңырақ : Үй-тұрмыстық энциклопедиясы. Алматы : Қаз.Сов.энцикл.Бас ред., 1990 ISBN 5-89800-008-9
  • Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. — Алматы: Атамұра, 2006 жыл. ISBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Commonscat

Тағы қараңыз

Үлгі:Уикипедиялар Үлгі:Түркі тілді Уикипедиялар