Қазақтың халық музыка аспаптары мұражайы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақтың Халық Музыка Аспаптары Мұражайы – мәдени мекеме. 1981 жылы ашылып, 1990 жылы Ықылас Дүкенұлы есімі берілген. Мұражай ғимараты 1903 жылы археолог А.П.Зенковтың жобасы бойынша салынған сәулет өнерінің ескерткіші. Онда 9 көрме залы, әкім., шаруашылық және қызмет бөлмелері бар. Қазақ халқының музыкалық фольклоры туралы, музыка аспаптарының тарихы, аспаптық музыка өнерінің қазіргі жағдайы жайлы мол мағлұмат беретін мұражайдың құрылу, қалыптасу және даму тарихы белгілі мәдениет және қоғам қайраткерлері, академик-ғалымдар – Ә.Марғұлан, А.Машани, О.Хаймолдин, Б.Сарыбаев, т.б. есімдерімен тығыз байланысты.<ref>“Қазақстан”: Ұлттық энцклопедия/Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы “Қазақ энциклопедиясы” Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9</ref> Мұражайға көне түркі дәуіріне жататын “Бақсы тас”, ішінде тас моншақтары бар уілдекті “дүңгіршек”, көне қыпшақ дәуіріндегі үрлемелі “саз сырнай”, Оңтүстік Қазақстан өңірінен табылған “Күйші” аталатын тас мүсін, көне Ақтөбе орнынан табылған ысқырық аспабы, т.б. қойылған. Сондай-ақ, мұнда қос ішекті, қуыс мойын, кең шанақты, екі жақты деп аталатын домбыра түрлері, нарқобыз, қылқобыз, жезқобыз, сазген, шертер, дұдыға, тоқылдақ, тұяқтас, шартылдауық, сақпан, сырнай, шаңқобыз, жетіген, желбуаз, шыңдауыл, т.б. сирек кездесетін музыка аспаптары жинақталған.

18 ғасырда өмір сүрген бақсы-жырау Жарастың көне нарқобызы, Абайдың үш ішекті домбырасы, Мұрын, Дина, Әбікен, Біржан сал, Махамбет, Жамбылдың домбыралары, аспапшы-шебер Қ.Қасымұлының қобызы, т.б. тарихи мұралар бар. Мұражайда ұлттық аспаптармен қоса, түркі тектес халықтар мен шет ел халықтарының үш жүзден аса музыкалық аспаптары қойылған тұрақты көрме залы жұмыс істейді. Бұл коллекцияларды жинап, сақтау, зерттеу және насихаттау ісімен ғылыми-қор, ғылыми-зертхана және ғылыми-насихат бөлімдері айналысады. Тарихи мұралар Югославияда (1982), Делиде (1984), Мәскеуде (1985), Алжирда (1987), Францияда (1988), АҚШ-та (1989), т.б. елдерде өткен халықар. жәрмеңкелердің мәдени шараларына арналған көрмелерінде көрсетілді. Бұл істе мұражай қызметкерлерінің күшімен құрылған “Сазген” көне аспаптар ансамблінің рөлі зор. <ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}