Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдастырылу құрылымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ұйымдастырылу құрылымы Қазақ Республикасының Ұлттық Банкі орталық банк ретінде ақша-несие және валюта саясатын анықтайды. Оның қызметінің басты мақсаты пайда табу емес, тек ақша-несие саясатын жүргізуге және еліміздің банк жүйесіне жетекшілік етуге бағытталады.

Ұлттық Банк - бұл бұрынғы қарапайым клиенттерге қызмет көрсетумен айналысқан, қарапайым мемлекеттік банктен орталық, эмиссиялық банкке ауысқан, банктердің банкісі болып табылады. Іс жүзінде Ұлттық Банкте барлық кассалық резервтердің шоғырлануы және олардың шаруашылық айналымына түсуі Ұлттық банктер мекемелерінің коммерциялық банктер кассасын толтыру арқылы жүзеге асырылады. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық Банк мекемелері арқылы жүргізе отырып, қажет жағдайларда Ұлттық Банктен несие ала алады.

Ұлттық Банк — бұл ақшалай резервтерді құрайтын, оған қоса меншікті алтын-валюта резервтерден, басқа даматериалдық бағалықтардан тұратын мүліктерге ие болып табылатын заңды тұлға.

Әлемдік тәжірибеде орталық банктің қызметін ұйымдастырудың әртүрлі келесідей құқылық нысандары кездеседі:

АҚШ-та-орталық банктердін, мүлкіне мемлекет қатынаспайды, олардың капиталы Федеральды резервтік жүйеге мүлік иесі болып келетін коммерциялық банктердін қосқан жарнасынан тұрады.

Ұлттық Банк өзінің атқаратын мәні жағынан біртұтас ұйым болып табылады, ал мемлекет тек оның жарғылық қорының иесі. Бүгінгі жарғылық қордың мөлшері — 20 млрд. теңгені құрайды. Негізгі қорлары ғимараттардан, құрылғылардан, құрал-жабдықтардан, көліктік кұралдар мен басқа бағалылықтардан, ал айналым қорлары банкке тиселі болып табылатын меншікті ақшалай қаражаттардан тұрады.

Ұлттық Банк резервтік және басқа да корларды құрайды. Резервтік қор жарғылық кор көлемінде құрылып, меншікті пайда есебімен толықтырады және жүргізген операцияларға байланысты зияндар мен шығындардың орнын жабуға арналады.

Ұлттық Банктің қаржылық жылдағы таза табысы, сол қаржылық жылға қатысты, накты табыстар мен шығыстар арасындағы айналысқа шығарылған, оған қоса активтердің амортизациясын, оның ішінде банкнот пен монеталарды қоса алғандағы шығыстардын, айырмасы негізінде анықталады.

Ұлттық Банктің таза табысы жарғылық қорды және резервтік қорды абсолюттік сомада құрауға бағытталады. Таза табыстың қалған бөлігі келесі қаржы жылындағы республикалық бюджетке аударылады. Ұлттық Банк және оның мекемелері барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктін бастым індеті ішкі баға тұрақтылығың қамтамасыз ету.

Сол сияқты, Ұлттық Банкке мынадай қосымша міндеттер жүктеледі:

  • ақша айналысы, несие, банктік есеп-айырысулар мен валюталық қатынастар төңірегінде мемлекетіміздін, экономикалық даму мақсатына жетуге және оның әлемдік экономикаға интеграциялануына жағдай жасайтын мемлекетгің акша-несие саясатын жасау және жүргізу;
  • ақша, несие және банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету;
  • банктік қызметті реттейтін нормативтік құқылық актілерді қолдану арқылы қарыз берушілер мен клиенттер мүддесін қорғау және олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыру.

Ұлттық Банктің несиелік ресурсы төмендегідей көздерден құрамады:

  • меншікті қаражат есебінен;
  • басқа банктерден тартылған және Ұлттық Банкте шартты негізде орналастырылған ақшалай қаражаттар есебінен;
  • Қазақстан Республикасы төңірегінде тартылған қаражаттардан;
  • арнайы мемлекеттік қорлар мен бюджеттің уақытша бос жатқан қаражаттар есебінен.

Ұлттық банктің басқару құрылымы.

Қазақстанның Ұлттық Банкі — тігінен басқарылатын жүйедегі біртұтас орталықтандырылған құрылымды білдіреді. Ұлттық Банктің басқару органына: Басқарма және Директорлар кеңесі (Директорат) жатады.

ҚҰБ-нің жоғары басқару органы Басқарма болып табылады және басқармаға келесідей негізгі қызметтер жүктеледі:

  • мемлекеттің ақша-несие саясатын дайындау;
  • банк қызметтіне катысы бар ҚҰБ-нің нормативтік құқықтық актілерін бекіту;
  • Ұлттық Банктің банктермен операциялары бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін белгілеу;
  • банктердің ашылуына рұксат беру және оларды қайтарып алу туралы шешім қабылдау;
  • жекелеген банктік операциялар түрлерің жүргізуге лицензиялар беру туралы шешім қабылдау;
  • банктер үшін резервтік талаптар нормасын бекіту;
  • алтын-валюта активтерін басқарудың негізгі қағидаларын анықтау;
  • Қазақстан Республикасы валютасының айырбас бағамын анықтау тәртібін бекіту;
  • ҚҰБ жұмыс туралы жылдық есепті қарау, қабылдау және Президенттің бекітуіне беру;
  • ҚҰБ-нің жылдық балансын жәңе табысы мен зияны туралы есебін қарау және бекіту;
  • ҚҰБ туралы нұсқауды, оның жарғылық капиталы мен резервтік қордың қалыптасу тәртібі, негізгі құралдарды және өзге де мүліктерді пайдалану, ақылы қызмет көрсету, ҚҰБ-нің құрылымы және бюджеті, департамент директорларын, филиалдардың, өкілеттіліктердің және ұйымдардың жетекшілерін тағайындау туралы нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
  • банктер үшін пруденциалдық нормативтер мен басқа да міндетгі нормаларды және шектерді бекіту;
  • еңбек жағдайын, оған ақы төлеу жүйесі мен мөлшерін анықгау және бекіту;
  • ҚҰБ-нің халықаралық және басқа да ұйымдарда қатысуы туралы шешіп қабылдау;
  • Директорлар кеңесінің (Директораттың) құрамын бекіту;
  • бухгалтерлік есептің қазақстандық стандартын ескере отырып, ҚҰБ-не арналған бухгалтерлік есептің саясатын және әдістерін анықтау;

Ұлттық Банктің Басқармасы тоғыз адамнан тұрады.

Басқармасының құрамына:

  • ҚҰБ Төрағасы және бес лауазымды тұлғалары,
  • Қазақстан Республикасы Президентінен бір өкіл;
  • Қазақстан Республикасы Үкіметінен екі өкіл кіреді.

Ұлттық Банктің оперативтік басқару органы — Директорлар кеңесі болып табылады. Директорлар кеңесі құрамына Ұлттық Банк төрағасы, оның орынбасарлары және құрылымдық бөлімшелердің жетекшілері кіреді.

Ұлттық Банк тек кана Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді.

Есеп беру мыналарды білдіреді:

  • Парламенттің келісімімен Қазақстан Республикасы Президенті ҚҰБ-нің Төрағасын 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады;
  • ҚҰБ Төрағасының орынбасарларын да ҚҰБ Төрағасының ұсынуымен Қазақстан Республикасы Президенті 6 жылға сайлайды және қызметінен босатады.
  • ҚҰБ-нің жылдық есебін Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді;
  • Үлттық валютаның — теңгенің айшығының тұжырымын Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді;
  • ҚҰБ-нің Қазақстан Республикасы Президентінің сұрауы бойынша өзінің қызметіне байланысты ақпараттарды беріп отыруы.

ҚҰБ филиалдары мен өкілеттіліктері өз қызметтерін ҚҰБ бекіткен құзыреттері шегінде ғана жүзеге асырады. Қазақстан Ұлттық Банкінің функционалдық құрылымына департаменттермен басқада бөлімшелерден тұратын орталық аппараты, филиалдары, өкілеттіліктері мен ұйымдары кіреді.<ref>Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: «Жеті жарғы», 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}