Банкноттар

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Банкноттар (Банк билеттері) — ұлттық банктар шығаратын, айналым мен төлем құралы ретінде металл ақшаның орнына жүретін қағаз ақша. Ұлттық банктің мерзімсіз борыштық міндеттемелері болып табылады. Банкноттар орталық эмиссиялық банкілер айналымға шығаратын ақшаның белгісі, қазір қағаз ақшаның негізгі түрі, банк билеттері экономиканың қажетіне орай шығарылады және алтынмен, қымбат металдармен, мемлекетгік банкінің басқа да активтерімен, сондай-ақ мемлекетке жататын және белгіленген бағалар бойынша сатылатын тау арлар массасымен қамтамасыз етілген. Банк билеттері мемлекет экономикасын несиелеу мақсатында және алтын — валюта резерві өсімімен қайтарып алу үшін шығарылады.

Банк билеттері тауар — ақша қатынастары мен төлем айналымының дамуына байланысты Қытайда пайда болды. Орта ғасырда ақша айырбасын жасаушылар мен алтын ісінің шеберлері өздерінде сақталған ақша қаражаттары бойынша қолхаттар бере бастады. Өсімқорлар мен айырбасшылардың банкирге айналуына орай мұндай міндеттеме қағаздар банкнотқа, яғни қайтарылуы алтынмен не күміс монеталармен қамтамасыз етілетін міндеттемелер формасына ие болды.

Алғашқы кезде Банк билеттерін кез келген банк шығара берді. Банк билеттерінің айналыста толып кетуі, олардың жеткілікті түрде өтелмеуі және жекелеген банкирлердің жиі-жиі банкротқа ұшырауы Банк билеттерінің толық не ішінара құнсыздануына әкеліп соқты. Ол өндірістің дамуын тежеді. Бұл жағдай ақша айналымын мемл. реттеу қажеттігін талап етті. Эмиссиясын мемлекет тәртіптеп отыратын Банк билеттері алғашқы рет Ағылшын банкі мекемесінің жанынан 1694 жылы шығарылды. Олар заңдастырылған төлем қаржысы күшіне ие болып, 1833 жылы ұлттық ақшаға айналды. Дәл осылай Банк билеттері Францияда 18001803 жылдары, Германияда 1846 жылы, Голландияда 18141830 жылы бүкіл ұлттық ақша белгісіне айналды. Бірақ 19 ғасырдың 2-жартысына дейін банкнот айналысы баяу дамыды. 19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында Банк билеттерін шығаруды бір ізге түсіру ұлттық банктердің негізгі ісіне айналып, өндірістің талабына сай Банк билеттерінің эмиссиясын реттеу жүйесі қалыптасты. Банк билеттері көтерме сауда айналымы саласында пайдалынылып қоймай, жалақыны төлеген кезде төлем қаржысы ретінде қолданыла бастады. Егер Банк билеттері вексельдерді есепке алу мақсатымен айналыстың қажетінен көп шығарылса, оның артығы банкіге қайтарылып, алтынға айырбасталуға тиіс болды.

Сурет:Kazakhstan-1993-Bill-5-Obverse.jpg
1993 жылы басылған 5 теңгелік купюра. Суретте Құрманғазы.

Банкноттық айналымның екі түрі бар: банкноттың алтынға айырбасталу және айырбасталмау жүйесі. Алғашқысына алтын стандартының үш формасы тән: алтын монеталық, алтын құймалық және алтын девизі. Бұлардың әрқайсысы банкноттың алтын монетаға, құймаға және девизге айырбасталуын қарастырады. Қазіргі кезде барлық елдерде ішкі ақша айналымында алтынға айырбасталмайтын банкнот жұмыс істейді. Ақша-кредит жүйесінің дамуы барысында банкнот пен қағаз ақша арасындағы өзгешеліктер тұрақты түрде ықпалға ұшырап келді. Бірте-бірте банкнот қағаз ақшаға жақындады. Біріншіден, орталық эмиссиялық банктер мемлекеттендірілді, бұл банкнот пен қағаз ақша айырмашылығын жойды. Екіншіден, қазіргі банкноттың алтынмен қамтамасыз етілуі жойылды. Өйткені оның негізінде тек тауар емес, өндіріс процесінен тыс туындайтын мемл. міндеттемелер жатыр. Үшіншіден, алтын стандартын тоқтатуға байланысты банкнот пен қағаз ақша арасындағы өзгешелігі жойылды. Банк билеттерін заңдастырылған төлем қаржысына айналдыру қажет боған жағдайда мемлекетке Банк билеттері эмиссиясын өз шығындарын өтеу үшін пайдалануға мүмкіндік берді. Эмиссиялық банкілерге мемл. заемның облигациясымен қамтамасыз етілген банк билеттерін шығаруға рұқсат беріп, банк билеттерін алтынға айырбастау міндетінен босатылды. Осы арқылы банк билеттері іс жүзінде мәжбүрлі курсы бар мемл. қағаз ақшаларға айналды. Бұл әдетте, соғыс кездерінде, әсіресе, I және II дүниежүзілік соғыстан кейін банкнот айналысы қалпына келтірілгенімен, алтынмен өтелмеген банкнот эмиссиясының мөлшері едәуір көбейді және банк билеттері алтын шақаға айырбасталмай, кесек алтынға не болмаса алтынға айырбасталатын шет ел валютасына айырбасталады.

Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың (1929—1933) басталуымен барлық шет елдерде банк билеттерін алтынға айырбастау тоқтатылды. ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін тек бірсыпыра мемлекеттерде (Бельгияда, Голландияда, Пәкстанда, Оңтүстік Африка Республикаларында) банк билеттерін алтынмен міндетті түрде қамтамасыз ету мөлшерін белгілейтін заңдар күшінде қалды. Шет елдердің көпшілігінде Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету нормасы мүлдем белгіленбеген немесе формальдық маңызы бар. АҚШ-та 1945 жылы заң бойынша Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету нормасы 25% болып белгіленген, эмиссияның қалған бөлігі мемл. бағалы қағаздармен, ал, аз ғана бөлігі вексельдермен қамтамасыз етілді. 1968 жылы валюта дағдарысы мен доллардың құнсыздану қаупіне байланысты АҚШ-та Банк билеттерін алтынмен қамтамасыз ету толығымен жойылды. Алайда банкнот алтын белгісі бола алмаса да, кредит белгісі болып қалып отыр. ҚР-нда 1993 жылы айналысқа жіберілген теңге Ұлттық банкінің міндеттемесі болғандықтан бір мезгілде қағаз және кредит ақшасы болып табылады. Банк билеттері АҚШ-та 5, 10, 20, 50 және 100 долларлық банкноттар, Британия Корольдігінде — 1, 5, 10 және 20 ф. ст., Францияда — 10, 50, 100 және 500 франк, Қазақстанда 1, 2, 3, 5, 10, 20, 50, 100, 200, 500, 1000, 2000 теңге көлемінде шығарылған ( Ақша). Бұл Банк билеттерінің шығарылған эмиссиясы Ұлттық банктің алтын-валюта қорымен толық кепілдендірілген.

<ref>Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006. ISBN 9965-783-20-9 </ref> <ref name="source1">Қазақ Энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Банкноттар|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}