Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау комитеті (1999-2004)

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 22 желтоқсандағы қаулысымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 22 желтоқсандағы № 1959 қаулысы (Ағымдағы мұрағат). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 413-414 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 19 маусымдағы № 674 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 19, 204-бап).</ref> комитет туралы жаңа ереже бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Қаржы министрлігінің қүзіреті шегінде республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын жүзеге асырған ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылды. Комитеттің облыстар мен Астана және Алматы қалаларында аумақтық органдары болды. Комитеттің негізгі міндеттері мыналар болды:

  • республикалық бюджетгің атқарылуын ішкі бақылауды және жергілікті бюджеттердің атқарылуын сыртқы бақылауды жүзеге асыру;
  • республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуын ішкі бақылаудвщ және жергілікті бюджетгердің атқарылуын сыртқы бақылаудың әдіснамасы мен әдістемесін әзірлеу.

Комитет және оның аумақтық органдары ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің біртүтас жүйесін құрады. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен<ref>204-бап). 3 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 695 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 25, 328- бап).</ref> комитеттің мынадай құрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • үйымдастыру және кадр жүмыстары басқармасы;
  • әдіснама, жоспарлау, есептілік және талдау басқармасы;
  • сараптау және ішкі бақылау басқармасы; республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау басқармасы;
  • жергілікті бюджеттердің атқарылуын бақылау басқармасы.

ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі Жарлығына<ref>4 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2004 ж. 29 қыркүйектегі № 1449 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, № 36, 474-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы № 1134 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 43, 542-бап).</ref> комитет таратыл- ды. ҚР Қаржы министрлігінің Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитеті құрылды, оған қайта үйымдастырылган ҚР Мемлекеттік сатып алу жөніндегі агенттігінің мүлкі берілді. ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық органдары - мемлекеттік мекемелер ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау мемлекеттік сатып алу комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелер болып қайта құрылды.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}