Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6 наурыздағы қаулысымен<ref>1 "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 1999 ж. 6 наурыздағы № 207 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 1999, № 8, 59-бап). 1999-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 403-404 б. (Қүрастырушылардың ескертпелері).</ref> құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 12 маусымдағы қаулысымен<ref>2 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 12 маусымдағы № 813 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №22, 276-бап).</ref> қазынашылық комитетінің қүрылымы бекітілді:

  • басшылық;
  • республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы;
  • бюджет жөніндегі
  • бухғалтерлік есеп және есептілік басқармасы;
  • бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есеп және аудитті үйымдастыру басқармасы;
  • қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы;
  • үйымдастыру және бақылау жүмыстары басқармасы;
  • төлем операңиялары басқармасы;
  • түсімдерді есепке алу және бөлу басқармасы;
  • қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 тамыздағы қаулысымен<ref>3 "Алматы облыстық қазынашылық басқармасы" мемлекеттік мекемесін қайта үйымдастыру туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 тамыздағы № 1114 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 30, 396-бап).</ref> Алматы облыстық қазынашылық басқармасы оған Талдықорған қалалық қазынашылық бөлімін қосу арқылы қайта ұйымдастырылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы қаулысымен<ref>4 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органдары — мемлекеттік мекемелерін қайта атау, Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және күші жойылды деп тану туралы" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 24 маусымдағы № 695 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 25, 328-бап).</ref> мемлекеттік мекемелер — қазынашылық комитетінің аумақтық органдарының атауы өзгертілді және комитеттің қүрылымы бекітілді: республикалық бюджеттің жиынтық қаржылық жоспарын қалыптастыру және шығыстарды қаржыландыру басқармасы; бюджет жөніндегі бухгалтерлік есеп және есептілік басқармасы; бюджеттердің атқарылуын, бухгалтерлік есепті үйымдастыру басқармасы; қолма-қол ақша және мемлекеттік міндеттемелерді есепке алу басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмыстары басқармасы; төлем операңиялары басқармасы; түсімдерді бөлу басқармасы; қазынашылықтың жүйесін алып жүру және технологиялық қамтамасыз ету басқармасы; ішкі бақылау басқармасы. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандағы қаулысымен<ref>5 "Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 29 қазандаіы № 1129 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 42, 537-бап).</ref> қазынашылық комитеті туралы ереже мен оның қүрылымы бекітілді. Қазынашылық комитеті өз қүзіретінің шегінде мемлекеттік бюджеттің атқарылуы саласындағы іске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге асыратын ҚР Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: республикалық бюджеттің атқаруылуын үйімдастыру; жергілікті бюджеттерге, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің шоттарына қызмет көрсету; комитет органдарына бюджеттік бағдарламаларды әкімшілері мен мемлекеттік мекемелер үсынатын қүжаттарды қолданыстағы бюджет заңнамасына сәйкестігін бақылау. Комитеттің аумақтық бөлімшелері бар. Қазынашылық комитетінің қүрылымві: басшылық, жиынтық қаржылық жоспар басқармасы; республикалық бюджеттің ыныстарын қаржыландыру басқармасы; түсімдерді есепке алу басқармасы; төлем операциялары басқармасы; қолма-қол ақша, шоттарды талдау және салыствіру басқармасы; кредит беру басқармасы; мемлекеттік борышқа қаржылық қызмет көрсету басқармасы; мемлекет және мемлекет кепілдік берген борыштың мониторингі және оны қайтару басқармасы; жиынтық есеп беру және Бас кітап басқармасы; бюджеттік есепке алуды үйымдастыру басқармасы; үйымдастыру және кадр жүмысы басқармасы; қазвінашылық жүйесін сүйемелдеу басқармасы; бағдарламалық-технологиялық қүралдарды сүйемелдеу басқармасы; ішкі бақылау басқармасы.

<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}