Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің Сауда және туристік қызметті реттеу жөніндегі комитеті (2004- )

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы № 1237 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 47, 586-бап). </ref> ҚР Индустрия және сауда министрлігінің Сауда комитетінің қайта құрылуының нәтижесінде құрылды. ҚР Үкіметінің 2004 ж. 26 қарашадағы қаулысымен<ref>Сонда</ref> комитет туралы ереже және оның құрылымы бекітілді. Ережеге сәйкес комитет ҚР Индустрия және сауда министрлігінің құзіреті шегінде және заңнамаға сәйкес сауда және туристік қызметті реттеу және және демпинге қарсы, қорғау және өтемдік шараларын қолдану саласында арнайы атқару және бақылау-қадағалау функцияларын, сондай-ақ салааралық үйлестіруді жүзеге асы- ратын ведомство болып табылады. Комитеттің негізгі міндеттері: сауда және туристік қызметті дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; сауда қызметін дамыту саласындағы басымдықтарды әзірлеу; сауда және туристік қызметті салааралық үйлестіру; тауарлар импорты кезінде ішкі рынокты қорғау; кедендік тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану мәселелерін үйлестіру; ҚР туралы туризм үшін қолайлы ел ретіндегі үғымды қалыптастыру; туристік қызметтің басым бағыттарын дамыту және туристің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, онвщ құқықтары мен мүдделерін қорғау. Комитеттің құрылымы: басшылық; ішкі сауда басқармасы; сыр- тқы сауда басқармасы; туристік қызметті реттеу басқармасы; ішкі әкімшілік ету және лиңензиялау басқармасы.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық:

Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель;
Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007.  ISBN 9965-602-37-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}