Туризм

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Tour eiffel at sunrise from the trocadero.jpg
Париж, Эйфель. Франция әлемдегі ең көп турист қабылдайтын ел.

Туризм (франц. tourіsme, tour – серуендеу, жол жүру) – адамның бос уақытында негізінен айтқанда жұмыстық, не мәлім міндеттік мәжбүрлеумен емес, туысшылаумен емес, өз еркінше көңіл көтеру мен демалу үшін, тәуекел жасау үшін, көріп қызықтау үшін, яғни субъективті рухани қажеттілік бойынша басқа бір жерге ерікті саяхаттап, серуендеп баруы. Жақын жердегі қысқа мезетті орындалатыны - серуен делінсе, алыс жерге аттанған ұзақ мерзімдісі - саяхат делінеді.

Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Дүниежүзілік туризм ұйымының (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын ұстайды, әлемдік өндірістің әрбір 9-шы жұмыс орнын туризм қамтамасыз етеді.

Туризмнен түскен табыс мұнай, өнімдері және автомобиль экспорты табысынан кейін тұрақты 3-ші орында келеді. Мұндай оң үрдіс жаңа мың жылдықтың бас кезінде де ұсақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар есебінде басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.

Дүниежүзілік туризм ұйымының болжамы бойынша ХХI ғасырда туристік индустрияның өсуі артады және 2020 жылы әлемдегі туристік саяхаттар 1,6 биллион бірлік құрайды.

Туристерді жағымды пікір ғана емес, қайта тұмса табиғат, тылсым құбылыс, ғажайыптар, тәуекелдер, бұрын-соңды болмаған жаңалықтар, басқа да оларды өз елдерінде бола бермейтін ерекше жағдай мен көңіл күйлер шақырады. Сондықтан туризмді дамыту үшін туристік өңір туралы романтикалық (бәлкім тылсым, бәлкім қорқыныш, бәлкім таңғажайып) түсініктердің қалыптасуына айырықша мән беру керек.

Алғышарты

Туризм ол мәжбүрлілік емес. Жұмыс бабы да емес. Туысының алыс жердегі үйіне қыдырып, қонақ болып, не басқа бір себеппен (тойға, өлім-жітімге...) бару да емес. Ол бос уақыт шығарып, тек қызықтау мен көңіл ашуға, тамашалау мен дем алуға бола, жаңа нәрселерді көруге, басқаша тұрмысты сынақ етуге, тың сезімге бөленуге, қауіп-қатерді тәукел етуге, өзін басқаша сезінуге деген рухани талап пен талпыныстан туған алысқа аттану.

Дүниежүзілік туризм ұйымының белгілеуі бойынша әдетте әлдекім 88.5км (55 ағылшын милі) қашықтыққа барып, кем дегенде 24 сағат аялдаса онда ол турист есептеледі. Демек, мәлім бір туристік аймақтан қысқа уақытта (24 сағаттан төмен уақытта) өту де әлдекімді турист етпейді. Туризмнің экономикалық маңызы зор болғанымен, қаражаты жеткілікті турист экономикалық мүддені көздемейді.

Әрине, туристердің бәрі де тек көңіл ашумен шектеледі деуге болмайды, турист өзінің туристік сапары барысында көптеген тың ойлар мен шешімдерге келеді, жаңа жоспар жасауы, батыл бекімге келуі мүмкін. Бірақ мұның бәрі оның алдағы істерінде көрініс табуға қалдырылады да, дәл сол уақыт, дәл сол жерде ол тек өзін еркін, ерікті, көңіл ашушы, сынақ етуші, қызықтаушы, денсаулығын қалпына келтіруші, ойын ойнаушы ғана болады.

Түрлері

Негізінен

Туризм негізінен үлкен екі түрге бөлінеді:

  • ішкі (ұлттық) туризм,
  • халықаралық (шетелдік) туризм

Мазмұнына қарай

Сурет:Community Tourism (Riven No 2).webm
Сьерра-Леонедағы туризм өңірі
  • Демалыс туризмі
  • Экологиялық туризм: "экологиялық туризм" ұғымы жер шарының адам аяғы баспаған, әрі пайдаланылмаған жерлерімен саяхат жасауды ғана білдірмейді. Қазіргі уақытта бұл ұғым кең ауқымды қамтиды. Ол экологиялық туризмнің басты мақсатымен анықталады: табиғатпен бірігу, оның түпкілікті маңызын ұғыну және қорғау қажеттілігін түсіну. Сондықтан туризмді адамзаттың «ашық» ортада болуымен сипаттауға болады. Сонымен қатар оның көркемдік, экзотикалық, қайталанбас табиғат құбылыстары мен объектілер арасындағы тығыз байланысты білдіретін, адамның ғылыми аймақтанушылық қажеттіліктерін қанағаттандыруын білдіруге болатынын айта кетуіміз керек.
  • Оқу бітіру туризмі
  • Ойын-сауық туризмі
  • Спорт туризмі
  • Балалар туризмі

Орнына қарай

Қатерлі туризм — тауға шығу, шыңға шығу, жартасқа жармасу, шөл даланы кесіп өту, жаяу сапарлау, велосипедпен (немесе басқа қатынас құралымен) аралау, иен далаға қаңғыру, көлдің, теңіздің астына сүңгуі секілділер. Онда ерікті түрде тәуекел жасап, қауіп-қатерді жеңу, тұмса табиғаттың ішіне ену арқылы ерік-жігерін шынықтырып, рахат алу.

Көкке шығу - жұмыстастар, не басқа да жақындар белгілі бір уақытта (көктемде, күзде, қыста, жазда...) жиналып, тым алыс емес қашықтыққа барып тамашалап, тамақ ішіп, көңіл ашып, қайтуы.

Шетелге туристік сапар - Өз елінен кез келген басқа бір елге туристік мақсатта баруы.

Шетелдіктер туризмі - басқа елдің туристері өз еліне, өз жеріне келуі.

Өңірлік, аймақтық туризм - Бір ел туристерінің өз елінің мәлім жеріндегі туристік аймақтарына, өңірлеріне баруы. Мысалы, Қазақстанның түкпір-түкпірінен Астанаға, Бурабайға туристік сапармен барып, көңіл ашып, демалып қайтуы.

Бұдан басқа

Бұлардан басқа туризмді мезгілдік (қысқы, жазғы, ...), мерекелік түрлерге бөлуге болады.

Маңызы

Туризм:

  1. халықтың рекреациялық қажеттілігін (денсаулығын жақсарту, күш-қуатын қалпына келтіру, шығармашылығына қайта шабыт беру, түсіңкі көңілін көтеріп, өмірге құштарлығын арттыру үшін істелген іс, т.б.) қанағаттандырады.
  2. ол мол кіріс кіргізеді. Қазіргі кезде пайдалы қазбалар қоры жоқ көптеген мемлекеттер туризмді дамыту арқылы үлкен пайдаға кенеліп отыр.
  3. ол рухани-мәдени дамуға, өнер мен ғылым-техникаға серпін беріп, инновацияға орай жаратады.
  4. адамаралық қарым-қатынасты жаңа деңгейге көтеріп, интеграцияны тездетеді.
  5. сол жер, сол халық, сол елді өзге ел мен халыққа танытып, шынайы жарнама жасайды.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Қазіргі туризм - бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы. Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен бір шетелдік туристің беретін табысын алу үшін оған бара бар шамамен 9 тонна тас көмір, немесе 15 тонна мұнай, немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек. Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды. . Сөйтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.

Туризм мемелекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:

1. Шетел валютасының қүйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.

2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда болатын 5-тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.

3. Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.<ref>http://www.bauka.kz/index.php/2011-08-20-05-59-56/2011-08-21-04-24-05/1084-2011-09-10-10-05-44</ref>

Қазақстанның туризмдік әлеуеті

Үлгі:Толық мақала

Туризм саласы Қазақстанда әлі де төмен деңгейде қалып отыр. Бірақ Қазақстанда туризм дамуының болашағы жарқын. Себебі:

— еліміздің қолайлы геосаяси жағдайы. Батыс пен Шығыс аралығындағы халықаралық туристік және коммерциялық ағымдардың өсуі;

— саяси тұрақтылық, демократиялық қайта құру, экономикалық реформаның өтуі және инвестициялық ахуалдың тұрақтылығы мен ашықтығы;

— еліміздің тарихи- мәдениет мұрасының ерекшелігі;

— мұсылман, христиан, будда ескерткіштерінің болуы;

-Қазақстанның көп мәдениеттілігі, музей, мәдениет ошақтарының, фольклорлы- этнографиялық және ұлттық кәсіпқой өнерпаздардың көп болуы;-Туристік- рекреациялық аймақтардың болуы, табиғи ландшафтар, өсімдік, жануарлар дүниесінің ерекшелігі, экзотикалық тур, балық аулау, аң аулау, өсімдіктер жинау т.б.;

— бос еңбек ресурстарының болуы (мамандар).

Маркетинг стратегиясын іске асыру мақсатында мемлекет мынадай міндеттер белгілеп отыр:

  • Сапалы туристік қызмет көрсетуді ұсынатын туристік орталық ретінде Қазақстан туралы туристер жіберілетін негізгі елдерде жағымды пікір қалыптастыру;
  • Қазақстанды ерекшелейтін сипаттамаларға және артықшылықтарға негізделген маркетингтік іс-шараларды әзірлеу және жүзеге асыру;
  • Қосымша мүмкіндіктер бере отырып, төлем қабілеті жоғары деңгейдегі туристерді тарту;
  • Жеке сектордың маркетингтік жұмысына қолдау көрсету;
  • Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Ресей, Қытай, Жапония және тағы басқа туристер ағынының дәстүрлі рыноктарына ұлттық туристік өнімнің енгізілуін күшейту;
  • Рыноктың жаңа сегментерін айқындауға бағытталған зерттеулер жүргізу;
  • Ел аумағында орналасқан көрнекті туристік орындар мен обьектілердің бүкіл ауқымын әлемдік рынокқа жылжыту;
  • Ғылыми негізделген өткізу элеуетін ескере отырып, республика аумақтарына туристік ағынның теңдестіре бөлінуін қамтамасыз ету;
  • Жыл ішінде туристік инфрақұрылымның бірқалыпты жүктемесін камтамасыз етуге бағытталған маркетингтік және базалық тэсілдерді қолдану арқылы туризмнің маусымдық жылжытылуын күшейту;
  • Ұлттық, туристік өнімді жылжытудың жаңа ақпараттык технологияларын пайдалану;.
  • Туризмді дамытудың тұрақты сипатын насихаттау қажет.

Туризмі дамыған елдер

2014 жылғы есептеулер бойынша, Франция әлемдегі ең көп турист қабылдайтын ел болса, АҚШ әлемдегі туризмнен ең көп кіріс кіргізетін ел, Ал, Қытай әлемдегі туризмге ең көп қаржы құйған ел.

Сурет:World’s Top 10 Tourism Destinations.png
2014 World’s Top 10 Tourism Destinations

2014 жылы 1.133 миллиард халықаралық турист кең дүниені шарлаған екен. Ол 2013 жылға салыстырғанда 4.3% артыпты. 2013 жылы бұл сан 1.087 миллиардты көрсеткен болатын.<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition">Үлгі:Cite press release</ref> Халықаралық туризмнің 2014 жылғы 10 көзеулі елі:<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition"/><ref name="april11">Үлгі:Cite journal</ref>

Туризмі дамыған он ел

Реті Мемлекет UNWTO
Макроаймақтар<ref name="europe.unwto.org">See [1] Retrieved 14 қараша 2012.</ref>
Халықаралық
турист
келді
(2014)<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition"/>
Халықаралық
турист
келді
(2013)<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition"/>
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
Өзгеріс
(2012 to
2013)
(%)
1 Үлгі:FRA Еуропа 83.7 million 83.6 million Үлгі:Increase 0.1 Үлгі:Increase 2.0
2 Үлгі:USA Солтүстік Америка 74.8 million 70.0 million Үлгі:Increase 6.8 Үлгі:Increase 5.0
3 Үлгі:ESP Еуропа 65.0 million 60.7 million Үлгі:Increase 7.1 Үлгі:Increase 5.6
4 Үлгі:CHN Азия 55.6 million 55.05 million Үлгі:Decrease 0.1 Үлгі:Decrease 3.5
5 Үлгі:ITA Еуропа 48.6 million 47.7 million Үлгі:Increase 1.8 Үлгі:Increase 2.9
6 Үлгі:TUR Еуропа 39.8 million 37.8 million Үлгі:Increase 5.3 Үлгі:Increase 5.9
7 Үлгі:DEU Еуропа 33.0 million 31.5 million Үлгі:Increase 4.6 Үлгі:Increase 3.7
8 Үлгі:GBR Еуропа 32.6 million 31.1 million Үлгі:Increase 5.0 Үлгі:Increase 6.1
9 Үлгі:RUS Еуропа 29.8 million 28.4 million Үлгі:Increase 5.3 Үлгі:Increase 10.2
10 Үлгі:MEX Солтүстік Америка 29.1 million 24.2 million Үлгі:Increase 20.5 Үлгі:Increase 3.2

Халықаралық туризм кірісі

Халықаралық туризмнен түсетін кіріс 2014 жылы Үлгі:US$ триллионға артты. Ол 2013 жылға салыстырғанда 3.7% көп.<ref name="pr12027">Үлгі:Cite press release</ref>

Дүниежүзілік туризм ұйымының есептеуі бойынша 2014 жылы туризмнен ең көп кіріс кіргізген елдер төмендегідей:

Реті Мемлекет/өңір UNWTO
Макроаймақтар
<ref>name="europe.unwto.org" http://europe.unwto.org/en/members/states</ref>
Халықаралық
туризм
кірісі
(2014)<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition"/>
Халықаралық
туризм
кірісі
(2013)<ref name="WTO Tourism Highlights 2014 Edition">Үлгі:Cite web</ref>
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
Өзгеріс
(2012 to
2013)
(%)
1 Үлгі:USA Солтүстік Америка $177.2 миллиард $172.9 миллиард Үлгі:Increase 2.5 Үлгі:Increase 7.0
2 Үлгі:ESP Еуропа $65.2 миллиард $62.6 миллиард Үлгі:Increase 4.2 Үлгі:Increase 7.6
3 Үлгі:CHN Азия $56.9 миллиард $51.7 миллиард Үлгі:Increase 10.2 Үлгі:Increase 3.3
4 Үлгі:FRA Еуропа $55.4 миллиард $56.7 миллиард Үлгі:Decrease 2.3 Үлгі:Increase 5.6
Үлгі:MAC Азия $50.8 миллиард $51.8 миллиард Үлгі:Decrease 1.9 Үлгі:Increase 18.1
5 Үлгі:ITA Еуропа $45.5 миллиард $43.9 миллиард Үлгі:Increase 3.7 Үлгі:Increase 6.6
6 Үлгі:GBR Еуропа $45.3 миллиард $41.0 миллиард Үлгі:Increase 10.3 Үлгі:Increase 12.1
7 Үлгі:DEU Еуропа $43.3 миллиард $41.3 миллиард Үлгі:Increase 5.0 Үлгі:Increase 8.2
8 Үлгі:THA Азия $38.4 миллиард $41.8 миллиард Үлгі:Decrease 8.0 Үлгі:Increase 23.4
Үлгі:HKG Азия $38.4 миллиард $38.9 миллиард Үлгі:Decrease 1.4 Үлгі:Increase 17.7
9 Үлгі:AUS Океания $32.0 миллиард $31.2 миллиард Үлгі:Increase 1.8 Үлгі:Decrease 0.5
10 Үлгі:TUR Еуропа $29.5 миллиард $27.9 миллиард Үлгі:Increase 3.7 Үлгі:Increase 4.1

Халықаралық туризм қаражаты

Дүниежүзілік туризм ұйымы есептеуі бойынша төмендегі елдер 2014 жылы туризмге ең көп қаражат салған екен:

Реті Мемлекет UNWTO
Макроаймақтар
<ref name="europe.unwto.org"/>
Халықаралық
туризм
қаражаты
(2014)<ref name="WTO Tourism Highlights 2015 Edition"/>
Халықаралық
туризм
қаражаты
(2013)<ref name="WTO Tourism Highlights 2014 Edition"/>
Базар
Share
(%)
Өзгеріс
(2013 to
2014)
(%)
1 Үлгі:CHN Азия $164.9 billion $128.6 billion 13.2 Үлгі:Increase 27.1
2 Үлгі:USA Солтүстік Америка $110.8 billion $104.1 billion 8.9 Үлгі:Increase 6.4
3 Үлгі:DEU Еуропа $92.2 billion $91.4 billion 7.4 Үлгі:Increase 0.9
4 Үлгі:GBR Еуропа $57.6 billion $52.7 billion 4.6 Үлгі:Increase 3.8
5 Үлгі:RUS Еуолпа $50.4 billion $53.5 billion 4.0 Үлгі:Decrease 13.7
6 Үлгі:FRA Еуропа $47.8 billion $42.9 billion 3.8 Үлгі:Increase 11.3
7 Үлгі:CAN Солтүстік Америка $33.8 billion $35.2 billion 2.7 Үлгі:Increase 3.3
8 Үлгі:ITA Еуропа $28.8 billion $27.0 billion 2.3 Үлгі:Increase 6.9
9 Үлгі:AUS Океания $26.3 billion $28.6 billion 2.1 Үлгі:Decrease 1.7
10 Үлгі:BRA Солтүстік Америка $25.6 billion $25.0 billion 2.1 Үлгі:Increase 11.7

MasterCard әлемдегі туристік қалалар индексі

Әуе тасымалын негіз еткенде MasterCard әлемдегі туристік қалалар индексі бойынша төмендегі қалалар 2015 жылы халықаралық туристердің көздеулі қаласы болыпты:<ref name="insights.mastercard.com">Үлгі:Cite web</ref>

Реті Қала Мемлекет Халықаралық
туристер барған<ref name="insights.mastercard.com"/>
1 Лондон Үлгі:GBR 18.82 million
2 Бангкок Үлгі:THA 18.24 million
3 Париж Үлгі:FRA 16.06 million
4 Дубай Үлгі:UAE 14.26 million
5 Ыстамбұл Үлгі:TUR 12.56 million
6 Нью-Йорк Үлгі:USA 12.27 million
7 Сингапур Үлгі:SGP 11.88 million
8 Куала Лумпур Үлгі:MYS 11.12 million
9 Сеул Үлгі:KOR 10.35 million
10 Гонконг Үлгі:CHN 8.66 million

MasterCard төмендегі қалаларды халықаралық туризмнен 2015 жылы ең көп пайда тапқан елдер деп есептейді.<ref name="insights.mastercard.com"/>

Реті Қала Мемлекет Халықаралық
туристер төлеген<ref name="insights.mastercard.com"/>
1 Лондон Үлгі:GBR $20.2 billion
2 Нью-Йорк Үлгі:USA $17.3 billion
3 Париж Үлгі:FRA $16.6 billion
4 Сеул Үлгі:KOR $15.2 billion
5 Сингапур Үлгі:SGP $14.6 billion
6 Барселона Үлгі:ESP $13.8 billion
7 Бангкок Үлгі:THA $12.3 billion
8 Куала Лумпур Үлгі:MYS $12.0 billion
9 Дубай Үлгі:UAE $11.6 billion
10 Ыстамбұл Үлгі:TUR $9.3 billion

Euromonitor International бойынша көзеулі он қала

Euromonitor International бұл рейтингіні 2015 жылы қаңтардағы ең көп туристер қабылдаған 10 қалаға негізделіп жасаған:<ref>Үлгі:Cite web</ref><ref>Үлгі:Cite web</ref>

Реті Қала Мемлекет Халықаралық
туристер барған<ref>Үлгі:Cite web</ref>
1 Гонконг Үлгі:HKG 25.58 million
2 Сингапур Үлгі:SGP 22.45 million
3 Бангкок Үлгі:THA 17.46 million
4 Лондон Үлгі:GBR 16.78 million
5 Париж Үлгі:FRA 15.20 million
6 Макао Үлгі:CHN 14.26 million
7 Нью-Йорк Үлгі:USA 11.85 million
8 Шэньчжэнь Үлгі:CHN 11.70 million
9 Куала Лумпур Үлгі:MYS 11.18 million
10 Анталия Үлгі:TUR 11.12 million

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер

Тағы қараңыз