Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігі — Қазақстан Республикасы үкіметі құрамына енетін Қазақстан Республиксының орталық атқарушы органы, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары жүйесін басқарады, сонымен қатар қарастырылған заңнамалар аясында Қазақстан Республикасы аумағындағы қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті сақтау мақсатындағы салааралық іс-қимылдарды реттейді, құқық қорғау аясындағы мемлекеттік саясатты жасаумен және іске асырумен айналысады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясы, Қазақстан Республикасы заңдары, Президент, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілері, басқа да нормативтік актілер, халықаралық келісімшарттар мен Қазақстан Республикасының басқа да міндеттемелеріне сәйкес жүргізеді.


Тарихы

1920 ж. қазанда Қазақ КСР-інің Ішкі істер халық комиссариаты (ІІХК) ретінде құрылды.<ref>Қазақ КСР Мемлекеттік мекемелері. Әлеуметгік-мәдени құрылыс басқармасының органдары, әкімшілік-саяси органдар мен Қазақ АКСР әділ сот органдары (1920— 1936 жж., Алматы, 1984, 81-6.)</ref>

1946 жылдан Қазақ КСР-інің Ішкі істер министрлігі.<ref>1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 612-617 б. (Құрастырушылардың ескертпелері).</ref> ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 8 маусымдағы № 777 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001 № 21, 262-бап).</ref> министрліктің Жол полициясы комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Жол полициясы комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.

ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйелері комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 28 желтоқсандағы № 1755 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, № 49-50, 590-бап).</ref> ҚР Әділет министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитеті құрылды. Оған таратылған ҚР Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іс-атқару жүйелері комитетінің мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгертулер енгізілді: Қ Р Ішкі істер министрлігінің ҚЫЛМЫСТЫҚ іс-атқару жүйелері комитеті министрлік ведомстволарының қатарынан шығарылды, сондай-ақ министрліктің негізгі функцияларынан ҚЫЛМЫСТЫҚ іс-атқару жүйелері қызметін қамтамасыз ету функциялары шығарылды.

ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 22 мамырдағы № 554 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 14, 151-бап).</ref> министрліктің Тыл департаменті таратылды.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шаралары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап).</ref> сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Ішкі әскер комитетінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 26 қыркүйектегі № 1057 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002 № 32, 344-бап).</ref> министрліктің Ішкі әскерлер командашысының бас басқармасы министрліктің Ішкі әскерлер комитеті болып қайта ұйымдастырылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге оның тағы бір ведомствосы - Ішкі әскерлер комитеті бар екендігі көрсетілген өзгерту енгізілді.

ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Жол полициясы комитетін тарату туралы" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 11 қазандағы № 1116 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002 № 34, 368-бап).</ref> министрліктің Жол полициясы комитеті таратылды, оның мүлкін басқару жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері министрлікке берілді. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: министрлік ведомстволарының қатарынан Жол полициясы комитеті алынып тасталынды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығымен<ref>"Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы № 366 Жарлығы (Ағымдағы мұрағат).</ref> министрлік қайта ұйымдастырылды, экономикалық және сыбайлас қылмыстарды анықтау және тергеу жөніндегі функциялары мен өкілеттіктері ҚР Экономикалық және сыбайлас қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігіне (қаржы полициясы) берілді; қылмыс жасады деп күдіктенген және айыпталған адамдарды ұстау және тергеу изоляторында жазасын өткеретін сотталғандарға қатысты қылмыстық жазаларды атқару, сондай-ақ құжаттау және ҚР азаматтарына жеке куәлігі мен паспортын беру жөніндегі функциялары ҚР Әділет министрлігіне берілді. ҚР Әділет министрлігі есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласындағы функциялары мен өкілеттіктері ҚР Ішкі істер министрлігіне беріле отырып қайта ұйымдастырылды.

ҚР Президентінің 2003 ж. 23 желтоқсандағы Жарлығына сәйкес ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2004 ж. 3 наурыздағы № 261 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2004, № 11, 139-бап).</ref> министрліктің Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті құрылды. Осыған сәйкес министрлік туралы ережеге өзгерту енгізілді: Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті министрлік ведомстволарының құрамына енгізілді; министрліктің негізгі міндеттеріне қосымша есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлардың айналымы және олардың заңсыз айналымына және оларды теріс пайдалануға қарсы іс-әрекет ету саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру ҚОСЫЛДЫ.

ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы қаулысымен<ref>"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері" ҚР Үкіметінің 2005 ж. 22 маусымдағы № 607 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2005, № 25, 311-бап).</ref> министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. Министрлік ҚР Ішкі істер органдары жүйесін басқаруды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде қылмыспен күрес, қоғамдық тәртіпті қорғау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылады. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, аудандарда, қалаларда, қалалардағы аудандарда және көлікте аумақтық органдары, сондай-ақ ведомстволары бар: Ішкі әскери комитеті және Есірткі бизнесімен күрес және есірткілердің айналымын бақылау жөніндегі комитеті. Министрліктің негізгі міндеттері қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғау, қылмыспен және есірткі бизнесімен күрес, есірткі және қару айналымын бақылауды қамтамасыз ету, азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау болып табылады.<ref>Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (2001-2005 жж.) Анықтамаламық: Екінші шығарылым./Қазақстан Республикасы Президентінің Мұрағаты. – Жауапты редактор: В.Н. Шепель; Алматы: “Эдельвейс” Баспа үйі: 2007. ISBN 9965-602-37-9</ref>

Құрылымы

Басшылары (1990 жылдан бастап)

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Қазақстан Республикасының министрліктері

Үлгі:Stub:Мемлекеттік билік Органдары {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}