Қайырбек Шошанұлы Сүлейменов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Сүлейменов Қайырбек Шошанұлы (12.5.1949 жылы туған, Ресей, Новосибирск қаласы) – әскери қайраткер, генерал-полковник (2002).
Жыл | Оқиға |
---|---|
1972 жылы | Свердловск заң институтының Новосибирск қаласындағы бөлімшесін бітірген |
1972 – 75 жылдары | Ресейде Куйбышев қалалық прокуратурасында жауапты қызметтер атқарды |
1975 – 79 жылдары | Алматы қаласы прокуратурасында жауапты қызметтер атқарды |
1979 – 81 жылдары | Алматы қаласы Калинин, Алатау аудандары ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары |
1981 – 86 жылдары | Ленин ауданы ішкі істер бөлімінің бастығы |
1986 жылы | Қазақ КСР-і ҚҚМ көліктегі Шығыс ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары |
1987 – 88 жылдары | Алматы қаласы партия комитетінің әкімшілік органдар бөлімінің меңгерушісі |
1988 – 89 жылдары | Алматы облысы партия комитетінің әкімшілік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі |
1989 – 90 жылдары | Қазақстан КП ОК мемлекеттік-құқықтық бөлімі меңгерушісінің орынбасары |
1990 – 91 жылдары | Қазақ КСР-і Президенті аппараты мемлекеттік-құқықтық бөлімінің меңгерушісі |
1991 – 92 жылдары | ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары |
1992 – 95 жылдары | Мемлекеттік кеңесші |
1995 – 2000 жылдары | ҚР Ішкі істер министрі – ҚР ішкі әскерлерінің қолбасшысы |
2000 – 02 жылдары | ҚР ҚҚМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы |
2002 – 03 жылдары | Ішкі істер министрі қызметін атқарды |
2003 жылдан | ҚР ҚҚМ Ішкі әскерлерінің қолбасшысы |
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Wikify
Жетістіктер
1-дәрежелі “Даңқ” орденімен, көптеген медальдармен марапатталған.
Сілтемелер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том