Қазақстан-Шымкент (телеарна)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Компания «Қазақстан-Шымкент» телеарнасы түрлі-түсті теледидар ретінде 1990 жылы кезіндегі телерадиокомитеттің құрамында құрылды. Алғашқы хабарын 1990 жылғы қараша айының 5-ші жұлдызында 4 камералық ЖТС (жылжымалы телестанция) арқылы тікелей эфирге таратты.

Қазіргі филиал орналасқан ғимарат 1964 жылы қалалық партия комитеті мен кеңес органдары үшін кеңес үлгісінде салынған еді. Қайтадан телекешенге бейімдеп құрылыс жұмыстарының жүргізілуі нәтижесінде бүгінгі таңда екі студия ашылған. Жаңалықтар студиясы, көлемі 55 шаршы метр және хабарларға бейімделген үлкен студия, көлемі 120 шаршы метр Телекешен заманға сай техникалармен жабдықталған. Соңғы үлкен жетістік телеарнаның еншісіне спутниктік қондырғысы бар 4 камералы шағын жылжымалы теледидарлық станция берілді.

«Қазақстан-Шымкент» телеарнасы қазіргі таңда жылжымалы теледидарлық станция арқылы облысымыздың кез келген жерінен тікелей эфирде хабар таратуға толық мүмкіншілігі бар. Тәулігіне 14 сағат эфирге шығуда. Телеарнаның 14 сағаттық бағдарламасы барлық аудандарға таратылып көрсетіледі.<ref>http://kaztrk.kz/kaz/filial/shymkent/</ref>

Дереккөздер

<references/>

Сыртқы сілтемелер

Үлгі:Қазақстан Телерадиокорпорациясы