Студия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Студия (Үлгі:Lang-it – оқу бөлмесі) –

  1. кескіндемеші, мүсінші мен фотограф жұмысына арналған арнаулы орын, шеберхана;<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>
  2. кескіндемеші мен мүсіншілерді даярлайтын оқу орны, мектеп;
  3. шығарманын және оқу қызметін жүргізуді мақсат ететін театр ұжымы. Әдетте өмірге деген ой-көзқарасы, эстетикалық мақсат-мұраты бір ұжымды студия деп атайды. Алғашында студия тек ірі театрларда ғана ұйымдасты. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында “студиялық” театрлар кең өріс алды. Мысалы., Мәскеуде М.Н. Ермолова атындағы театр студиясы, Ленинград (қазіргі Санкт-Петербург) қаласында С.Э. Радлов жетекшілік еткен студиялар (1920 – 30), сондай-ақ ұлттық студиялар (Мәскеудегі мемлекеттiк театр өнері институтының жанындағы қазақ, қырғыз, тәжік, мари, чуваш, адыгей, т.б. Студиялары) жұмыс істеді. Қазақстанда 20 ғ-дың 30-жылдарынан (мыс., Қазақтың мемлекеттік академиқалық драма театры, Қазақтың мемлекеттік академиқалық опера және балет театры студиялары) жұмыс істей бастады;
  4. көркем фильмдер түсіретін шығармашылығын ұжымы.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Басқа мәнде

  1. Аудиостудия — дыбыстың үшiн аппаратура жабдықталған жазулары арнайы, акустикалық дайын тұрған бөлме.
  2. Фотостудия — фототүсiрулердi өткiзу үшiн жарық арқылы аппаратура жабдықталған арнайы бөлме.
  3. Видеостудия — кино және видеотүсiрулердi өткiзу үшiн жарық арқылы және дыбыстық аппаратура жабдықталған бөлме.
  4. Киностудия — ұйыммен және кино өнiмнiң өндiрiс шұғылданатын ұйым.
  5. Пәтер-студия, бiр бөлмелi пәтер

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}