Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Cleanup {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} Қазақстанның дәстүрлі аграрлық құрылымы. Кеңестік әлеуметтік-экономикалық жаңа үрдістер және шаруа мәселесі 20-жылдардың екінші жартысынан бастап кенес мемлекеті экономикалық және саяси күйреуден арыла түсті, ЖЭС идеологиясынан бас тартып, саясатын қайтадан Қазан революциясы бағытына бұрды.

Нақ осы кезеңде «еңбекшілердің таптық санасына» сүйене отырып, ал іс жүзінде бәрібір сол тобырдың люмпен-пауперлік психологиясымен режим дәстүрлі құрылымның қызметі мен ұдайы өндірісі тетігінде тура қиратушы-бей-берекетсіздік процестерді туындата отырып, реттеуші акцияларды жүргізуге, әлеуметтік топты ұйымдастырудың қалыптасқан эко-жүйелік тәртібімен, яғни жинақтап айтқанда этностың тіршілік ету жүйесінде әлеуметтік-мәдени және институттық басымдықтарын ұйымдастыруға тырысты.

Осы айқындаманың дұрыстығын, тарихи іс-қимылдардың ақиқат бейнесін анықтауға біраз уақыт кететін бірқатар шешуші жайттарды алдын ала зерделеп алмайынша, біз бәрібір мәселені түйсіне алмаймыз. Ең алдымен, мүмкіндігінше, қысқа да болса, негізгі дәстүрлі әлеуметтік топты ұйымдастырудың және оның «тірек конструкцияларын» - мал өсіруші жайылымдық-көшпелі қауымдарының басты құрылымдық-функционалдық принциптерін тұтас қарастыруға тура келеді.

Осы ой орамында басты мәселеге, мал өсіруші шаруашылықтардың (Қазақстанның қуаншылық жағдайында шаруашылық-мәдени тірліктің басты түрі болып табылатын) мақсаты «күнкөріс экономикасы» болғанын атап көрсеткен жөн. Соңғысына өндіріс құралдарын ұдайы қайта дамытып, өсіріп отырғанда (мал мен жайылымдық) және қажетті азық-түлікті өндіргенде ғана қол жеткізуге болатын еді.

Алайда осы императивті міндет қарапайым тірлік кешкен көшпелі мал өсірушінің қолынан келмеді. Және бұл түсінікті де, не мал жаюды ұйымдастыру, оны өсіріп-өндіру мен түрлі қауіп-қатерден аман сақтау, айналып келгенде, өндіріс құралдарының қарапайым ұтымды тепе-теңдігін (мал саны мен табиғат, яғни су-жайылым қоры арасындағы тепе-теңдік) қамтамасыз ету малдың белгілі бір сандық және тұр жағынан көбеюі жағдайында ғана мүмкін еді. Малдың шамадан тыс көбеюі де бірқатар қиыншылықтарды туындатты. Егер мал басынын ойластырылған шекте барынша өсуі табиғи мал азығы қорымен қамтамасыз етілмесе, олардың тіршілік ету ортасында жайылым тапшылығына жеткізді, ал мал басы шектен тыс азайып кетсе өрісте жайылатын малдардың өсімпаздық биологиялық және этологиялық ерекшеліктеріне (гендік ерекше жағдайына) орай технологиялық процестерді қалыпты ұйымдастыруға кедергі келтірер еді.

Басқаша айтқанда, мекен еткен ортаны кәдеге жаратудың тиімділігі өндіріс құралдарының сандық-сапалық сипатының онтайлылығына, бұл жағдайда малдың құрамдық және сандық түріне байланысты болды. Тек тәжірибеде сыналған оңтайлылық (ол шаруашылық және экологиялық ұзақ даму барысындағы тәжірибемен тексеріледі) сақталған жағдайда ғана жеке Дара шаруашылық өзіндік ұдайы өндірісін қамтамасыз етуге, сөйтіп сақталып қалуға мүмкіндік алады.<ref>Дахшлейгер Г.Ф., Нурпеисов КН. История крестьянства Советского Казахстана.</ref>.

Осы маңызды тіршілік жағдайына қол жеткізу мақсатында мал өсіретін шаруашылықтар әрқайсысы бір-бірін өндіріс құралдарымен, яғни технологиялық оптимум қалыптасқанға дейін малмен өзара толықтыра отырып бірігуге көшті.<ref>А.-А., 1985, 135-139-6.</ref>.

Ол былайша жүргізілді. Мәселен, бір шаруашылықта 200-300 қой болды делік. Бірақ ол, көп сияқты болғанмен, бәрібір бүкіл өндірістік кедергілер кешенін еңсеруге, тиісінше шаруашылықтың қалыпты түрде жүргізілуіне (ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етуге) жеткіліксіз еді. Сондықтан шаруашылық жүргізуші субъект өзін қажетті мөлшерге дейін өндіріс құралдарымен (яғни өзінің үлестік малымен) толықтыра алатын басқа шаруашылықтармен бірігуге мәжбүр болды. Ол әрқайсысында кем дегенде 20-25 бас малы бар 10-12 шаруашылық болуы мүмкін.Осы нұсқадағы қарапайым бірігу өздері күткен шоғырлануға мүмкіндік жасады. Бірігудің өр түрлі нұсқасын алуға болады, бірақ олардың жиынтығы барлық уақытта қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталады.<ref>Сонда, 138-139-6.</ref>.

Айтылғаннан шығатын қорытынды, мал өсіруші қауымдарда өндірісті ұйымдастыру оған кіруші жеке адамның тек жанды еңбекті (жұмыс күшін) ұсынушы ғана емес, сондай-ақ аз да болса мал түрінің белгілі бір санына ие болуымен ерекшеленді. Онсыз ол қосымшалық (мал басын өз үлесімен толықтыру) принципін жүзеге асыру мүмкіндігінен айырылды және тиісінше кооперация негізінде пайда болған өндірістік қауымға кіріге алмайды.

Демек, қазақтың жайылымдық-көшпелі қауымдары кооперация негізінде жұмыс істеді. Нақ соңғысы өндірістік күштердің баяу дамуы жағдайында жекелеген адамдардын қолы жетпейтін немесе ішінара қолы жететін еңбек құралдарымен техникалық жарақтануын қамтамасыз ете отырып, компенсациялық (өтемдік) қызмет атқарды. Осы ретте де қауымдық кооперация оның тіршілік етуінің кепілі қызметін атқарды.

Қауым дуалистік (екі бағытты) құрылым болғандықтан (жерге қауымдық және малға жеке меншік, ұжымдық өндіріс пен жеке иелік) өндіріс және бөлу желісінде тартылған бүкіл қарама-қайшылықтар жиынтығын сақтады. Соңғысы, атап айтқанда, мүліктік және әлеуметтік жіктерде тіркелді.

Осындай жікке бөліну нәтижесінде қауымдастардың бір бөлігі кедейленді және қауымнан біртіндеп алшақтады не өндіріс құралдарын (малды) жоғалта отырып, бірін-бірі толықтыру, яғни шаруашылық кооперациясы жүйесінде өз қызметін атқара алмады.

Сонымен бірге байлық, яғни мал мол жинақталған қауымдар да кездесті. Оның санын шоғырланудың айтарлықтай жоғары деңгейінде ойдағыдай көбейткен қауымдық шаруашылықтар қауымдық кооперацияны қажетсінбеді. Шартты түрде үдайы өндірісті сапалық тұрғыдан өзге принциптер арқылы қамтамасыз ете алатындықтан, тәуелсіз және қауымдық кооперациядан тыс өмір сүруге қабілетті ірі бай шаруашылықтар осылайша қалыптасты. Олар өз қажетін өтеп қана қоймай, қосымша өнімдер де өндіре бастады. Оны қауымдар ысырып шығарған және жаңағы ірі бай шаруашылықтарға жалданған жұмыскерлер жүзеге асырды.

Сөйтіп, шенеуніктер санасында жеңіл тоғысатын «ауыл», «қауым», «ірі бай шаруашылықтар» сияқты түсініктер іс жүзінде бір-біріне мүлдем ұқсас емес еді. Егер ауыл орналасудың тек дәстүрлі қарапайым ғана түрі болса, қауымдық және қауымнан тыс құрылымдар (ірі бай шаруашылықтар) өндірісті ұйымдастырудың белгілі бір және көп жағдайда әлеуметтік формалары мықты ерекшеленетін ұқсас құрылымдар болып табылады.

Олардың үйлеспейтін жақтарын дәлірек сипаттап көрелік. Қауымдардың шаруашылық негізін құрамына мүшелер қосып алу арқылы өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз еткен, яғни «күнкөріс экономикасына» қолы жеткен кооперациялар құрады. Қауымда тіпті де тенгермешілік принципі жоқ еді, көп жағдайда дау-жанжал орын алды: бұл арада мүдделердін қарама-қайшылығы мен қанаушылық көрініс тапты. Соңғысы бүркемелі, яғни жабық сипатта болды: оқшаулау мен қосымша еңбекті иелену әлеуметтік реттеудің (патернализм) қауымдық-жеке бастық дәстүрлі институттық қатынастарымен, редистрибуция (бөлу) және реципрокация (беру-қайтарым) құбылыстарымен жасырылды.

Ірі бай шаруашылықтардың қалыптасуы

Қауымға қатысты айтарлықтай әлеуметтік кеңістікте ірі бай шаруашылықтар қалыптасты. Ол енді қауымдық кооперацияға мұқтаждығы жоқ және тек қажетті ғана емес, сонымен бірге қосымша өнімдер өндіруді мақсат тұтқан өндірістік ұйымдар еді. Бұл ретте ірі шаруашылықтар өндірістік жағдай мен өндіріс құралдары монополиясына, яғни бірінде (ірі байларда) болып, екіншісінде болмауына ғана сүйенді. Олар қауымдардан ығыстырылған және капитализмге дейінгі жұмыс күшін жалдау-жалға беру қатынастарына енген, сондай-ақ маргиналдар мен халықтың қайыршыланған тобын құрайтын жеке адамдарды тікелей канады. Ірі шаруашылық иелері тарапынан болатын қанаушылық үрдіс мейлінше анық көрініс тапты және еш бүркемелеусіз жүзеге асырылды.

Көрсетілген екі құрылым да автономдық негізде ұдайы өндірісті игере және жүзеге асыра алмады. Сондықтан таза экономикалық, сондай-ақ аралық және патриархалды-гендік (рулық) қатынастық байланыстармен ұштасқан өте күрделі өзге макро үлгідегі жиынтық құрылымды барынша кең көлемде құрды.

Осы мейлінше кең қамтылған өндірістік-әлеуметтік қауымдастықты немесе дәстүрлі құрылымды белгілі жорамалмен өзіндік әлеуметтік-экономикалық экожүйе ретінде қарастыруға болады. Оған кіретін барлық элементтер мен жүйелер — қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар, кедей-қайыршылар тобы мен маргиналды субъектілер, өздеріне тиесілі өндірістік және шаруашылық-мәдени қызметпен шұғылдана отырып, кеңістік-аумақтық тұрғыда нақты сол табиғи мекен ету ортасын игерді. Және өздерінің осы аумаққа ортақ қатысын олар бірыңғай қызмет ету тұтастығы, яғни экожүйе ретінде қабылдады.

Экожүйелік принцип барлық элементтер мен жүйелердін қатаң түрдегі өзара байланысы мен өзара толықтырушылығын білдіреді. Сондықтан олардың бәрі жеке алғанда қызметтік мәні бар құрылым деп танылды және экожүйе сияқты тұтас құрылымның ұдайы өндірісінде өзінің ерекше қызметін атқарды.

Олардың қайсы біреулері осы сапаны жоғалтқан жағдайда құрылымнан аластатылды және табиғи түрде істен шықты. Осы жүйенің кез келген элементі күшпен қоршау немесе істен шығару, оларды «экожүйеден» «ығыстыру» құрылымның бүкіл тұтастығын, яғни осы ретте әлеуметтік-экономикалық экожүйені бұзумен барабар еді.

Өз кезегінде соңғысының бұзылуы «қоғам – табиғаттың» өзара іс-қимыл желісі бойынша сөзсіз түр өзгерту толқынын тудырады, басқаша айтқанда табиғи және әлеуметтік-экономикалық факторлардың серпінді тепе-теңдігін бұзуға қабілетті болып шығады, яғни біртұтас қызметке біріккен, жанды жаратылыстың және ол мекен ететін ортаның қауымдастығы ретінде оның қатаң анықтамасына орай түсінілетін экожүйенің өте күрделі проблемасына әкеп соқтыруы мүмкін.

Дәстүрлі құрылым синергиялық, яғни өзін-өзі ұйымдастыратын және ұдайы өндірілетін жүйе болып табылады. Оның барлық қызметі мен байланыстары табиғи қуаншылық кеңістікке әлеуметтік бейімделудегі ғасырлар бойғы шаруашылық-экологиялық тәжірибе арқылы пысықталды.<ref name="Сонда">Сонда.</ref>.

Өте ауқымды, көптеген көрінетін және көрінбейтін ұдайы өндіріс арналары түріндегі аса күрделі «қан жүретін және жүйке тамыр жүйесі осы организмді қоректендіреді. Өзінің гомеостазын (тепе-теңдігін) сақтауға тырысып, ол қандай да болсын баламасыз күштеп енуге жол бермейді, әйтпесе кез келген қайсыбір ұдайы өндіріс тамырын не жүйкесін қысып, тарылту оның иммундық жүйесін бұзып, «тромбоз және сал болуға» душар етер еді.

Демек, дәстүрлі құрылымның экожүйелілік және синергизм принциптері оның барлық элементтері мен жүйелерінің объективті түрде қызмет атқаратын ақиқаттары, сол сияқты солардың арасында қалыптасқан ұдайы өндіріс байланыстарының бүкіл қайтымды жақсылығы ретінде түсіндіріледі. Олардың біртұтас қызмет етуі ғана дәстүрлі құрылымның сақталуы мен тіршілік етуіне кепіл бола алды. Ал егер соңғысының өз шегінде көп жағдайда әлеуметтік топқа сәйкес келетінін ескерсек, демек ол әлдеқайда кең ауқымда — этностың тіршілік етуінің бүкіл жүйесі, ең болмағанда, мұндай жағдайда оның шаруаларды құрайтын абсолютті басым бөлігі арасында әрекет етеді.

Сонымен бірге большевиктік мемлекет ортодоксалды марксизм идеологиясынын мұрагері ретінде қоғамдық құрылымдар дамуындағы әлеуметтік-экономикалық заңдылықтарды мойындамады. «Ғылыми коммунизмнің» кеменгерлік мәніне сендіре отырып, мемлекет өте күрделі және сан қырлы жүйе ретінде онын балама «анатомияға» мүлдем берілмейтінін ескермеді. Және, бәрінен бұрын, осы субъектіге кез келген үміткер қайсыбір трансцендент талдаушы (сыртқы, зерделеу ақиқаты аясынан тыс) ретінде әрекет ете алмайды, өзі не осы «анатомияның» бөлігі және тиісінше, оның белгілі бір сегменттерін (айталық, қарапайым пендемен салыстырғанда ақылдырақ адамның таным аясы кеңірек болады, қалай дегенмен оның «нысанаға алу» секторының шегі бар) көруге ғана қабілетті болады.

Алайда, егер қайсыбіреу өзінің абстрактілі ақыл-ойының мықтылығымен «көкке шарықтап», қоғамдық құрылымның бүкіл тетігі мен байланыстарын шолып шықты дегеннің өзінде, мұның өзі оның түсінігінің қандай да болсын императивтік заңдарға тұжырым жасай алатын денгейге көтерілуінің кепілі деген сөз емес. Адам өз организмін байырғы кезінен жетілдіріп отырады, бірақ оның қызметі мен байланыстарының (гормоналдық кодының, тектік байланыстарының, «толып жатқан» ДНК, РНК-лардың және басқаларының) бүкіл құяпиясын бәрібір толықтай түсінген емес.

Ол түсінікті, өйткені соңғысы ешқашан да осы бұлжымас құрылым ретінде әрекет ете алмайды. Тұрақты әр тараптандыруды (күрделілендіруші) факторлардың ықпалын сезіне отырып, ол үздіксіз, егер морфологиялық күйде болмаса, тектік эволюция күйінде болады.

Қоғам да осы секілді бұдан да күрделірек және сан қырлы (ең болмағанда, өз шегінде адами болмыс пен іс-тәжірибенің бүкіл жиынтығын біріктіретін) әрекет етеді. Бұл арада, үйлесіммен ұштаса әрі жымдаса және бос кеңістікте сияқты көріне отырып, шексіз көп әр түрлі деңгейдегі, әр түрлі сипаттағы байланыстармен және қатынастармен бір мезгілде әрекет етеді.

Сөз жоқ, қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси процестерінің дамуын болжауға болады. Алайда оның үлгілерінін ақиқата тек жақын екенімен, барлық уақытта және барлық жерде бірдей оған дәлме-дәл келе бермейтінімен де келісу керек. Өйткені кез келген социумда әлеуметтік-экономикалық және саяси ғана емес, толып жатқан діни, этникалық, эмоциялық-психологиялық және басқа да векторлар жұмыс істейді. Сондықтан да ол қайсыбір біртұтас және міндетті схемаға беріле қоймайды және іс жүзінде оны алдын ала болжау мүмкін емес.

Оны бір бұлжымас сәтке ғана (онда да соңына дейін емес және сенім де аз) түйсінуге болады, ал дамудың келесі сатысында ол қайтадан түсініксіз болып шығады. Осыдан келіп туындайтыны, қоғамдық құрылымды толық түйсінуді кіналау сол орайда «тарих соңын» мойындау болып табылады, ол оның эволюцияға қабілеттілігін жоққа шығаруынан көрінеді. Міне, осы ретте марксизм өзін материалистік және диалектикалық-тарихи ғылым деп есептегенмен, тексерген кезде тап-таза идеализмнің өзі болып шықты, өйткені бүкіл «адамзаттың алғы тарихын» түсініп қана қойған жоқ (Маркстің айтуынша, нағыз тарих тек пролетариаттың жеңісімен жасалады), сонымен бірге оның жетер жерін де алдын ала білетін секілді болып шықты. Және нақ осы философияны мемлекеттің ресми идеалына, діни дәрежесіне дейін көтеру оны салыстырмалы түрде байқаусыз және бұл талақсыз қылмыстық тәртіппен қайта қалыптастырады.

Өзінің идеологиялық ұстанымына орай, мемлекет «ауыл еңбекшілерінің мүддесіне оңай бәрін де жақсы болатындай ету» мақсатымен 19-20-жылдардың басында оның құрылымының әлеуметтік-экономикалық қатынастарын түзетуге күш салды. Тұтастай реттеуші үдемелі акциялар арқылы мемлекет оның сөресін босатып, ұдайы өндірістік байланыстарын үзді. Енді мұның қалай жүргізілгеніне келейік.

Ауылда шаруашылық аралық байланыстар іс жүзінде қарапайым, айталы жұт кезінде, яғни жайылымдық жерлерді мұздақ басып, күйзелгенде қауымдар ірі бай шаруашылықтарынан көмек сұрады. Соңғылары оларға өздерінің үйірлі жылқыларын берді, оларды айдап өту арқылы мұздақтар уатылып, жайылысқа жол ашылды. Осындай ұдайы өндірістік байланыстың нәтижесінде қауымдар қысыл таян жағдайларда малдарын сақтап, тиісінше тіршілігін жалғастырды. Бай шаруашылықтар таратылып еді, енді қауымға көмек сұрайтын ешкім қалмады, сөйтіп олардың жолы кесілді.

Осыған ұқсас тағы бір сипатты мысал келтірейік. Дәстүрлі құрылымда ұдайы өндірістік байланыс желілерінің бірі сауын айту деп аталады. Оның мәні мынада, мыңғырта мал өсірген бай оның бір бөлігін қауымға береді.

Бүкіл осы мал, төлімен қоса, ірі байдың меншігінде қалады, бірақ малды бағып, өсіргені үшін қауым оның сүті мен жүнін өзінде қалдырады. Сөз жоқ, сауын лажсыздықтан туған байланыс. Алайда маңыздысы байлардан сауын малын алу қауымға мал санын шоғырландырылған (оптимум) санға дейін жеткізетін бірден-бір мүмкіндік еді, осының аясында ғана, жоғарыда айтылғандай, қауымға өзін ұдайы өндіріс құралдарымен және қажетті азық-түлікпен қамтамасыз ете алатын еді. Бірақ мемлекет оның астарынан жалаң қанаушылық мәнді ғана көрді, сөйтіп оны тұншықтырып, ұдайы өндіріс байланыстарын үзді. Және мұндай мысалдар аз болған жоқ. Осы орайда ірі шаруашылықтардың малдарын тәркілеу науқаны оның айқын сипатын танытады.

Аукатты және ірі мал осіруші шаруашылықтарды канау идеясы мемлекеттің өзінің таптық мүддесінен келіп шығатын табиғатынан туындады. Сондықтан Қазақстанға жаңа билік келген күннен бастап «пролетарлық» саясатты жүргізушілердің санасында әрдайым таптық күрес жолдары тұрақты орын алды. 1919 жылдың көктемінде-ақ Ленин РК(б)П Ш съезі қазақстандық делегаттарының сұрақтарына берген жауабында ауылдық жерлерде байларды экономикалық қуатынан қалай айыруға болатыны жайында мынадай өсиет айтты: «Сөз жоқ, сіздерге, ерте ме, кеш пе, малды қайта болу туралы мәселе көтеруге тура келеді».<ref>Документы Наркомзема и КЦИКа (фонды ЦГА РК, №74 и №5).</ref>.

Ірі байлардың малдарын тәркілеу туралы мәселе Қазақстанда 1923 жылғы наурызда өткен III облыстық партия конференциясында көтерілді. Алайда тауарсыз «әскери коммунизм» утопиясын жүзеге асыру нәтижесі туындатқан экономикалық жэне саяси дағдарыстан шығуға бағытталған ЖЭС стратегиясын іске асыру кезінде ол коммунист радикалдардың бұл ниетін тежеді.

Экономикалық бос даурығу мен идеологиялық догманың арасын тандауға тура келді. Дағдарыстың шырмауынан шығып үлгермеген жүйе амалсыз дағдылы «таптық қыспағымен» шектелуге мәжбүр болды.

Алайда 20-жылдың соңында мал өсіруші ірі шаруашылықтарды қанау идеясы қайтадан өзекті деп танылды, сөйтіп ол 1928 жылғы 27 тамызда қабылданған «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декретте көрініс тапты.<ref>Осы шаруашылыктар «бай-феодал» деп РК(б)П-нын 1921 жылғы X съезінін ұста- нымына сэйкес аталды.</ref>.

Осы декретке сәйкес 700-ге жуық шаруашылық кәмпескелеуге ұшырады, олардан 144 745 мал (ірі қараға шаққанда) тәркіленді. 113 мыңға жуық мал іле-шала ұжымдық шаруашылықтарға (29 мың немесе 26 пайызы) және кедей-батрақтар шаруашылықтарына (85 мын немесе 74 пайызы) қайтадан бөліп берілді.<ref>Көшпелілік мәселесі жайлы толыгырак караныз; Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. А.-А., 1999.</ref>.

Науқанның қорытындысы таңғажайып сияқты болып көрінді. Ресми органдардың есептерінде ауылда орташалар үлесінің 76%-га дейін көбейгені, ал кедейлер үлесінің керісінше 18%-ға дейін азайғаны туралы мақтаныш сезіммен хабарланды.<ref>КОКП в резолюциях и решениях съездов, конференций и пленумов ЦК. Т. 2. 318-6.</ref>. Сөйтіп, науқанның тиімділігін мақтан етуден көрінгендей, тәркілеудің дұрыс және дер кезінде жүргізілгені, декреттің арқасында кедейлер мен батрақтардың мәртебесі көтерілгені, яғни олардың орташалар қатарына қосылғандығы санаға сіңірілді (атай кетелік, кеңестік тарихнамада бұл үрдіс «қазақ ауылдарын орташаландыру» деп аталады).

Сонымен бірге жарияланған материалдарды талдау көрсеткеніндей, тәркіленген және «тепе-тең» қайта үлестірілген мал бәрібір жетпеді, кедей-батрақ шаруашылықтарды малмен қамтамасыз ету проблемасын тіпті де шеше алмады. Мәселен, Қарқаралы округінде тәркіленген мал мүлдем малы жоқ 198 шаруашылыққа, 1-ден 5-ке дейін малы бар 1374 шаруашылыққа, 6-7 малы бар 27 шаруашылыққа үлестірілді. Қарапайым есептегеннің өзінде қолдануға болатын норма бойынша осы шаруашылыктарға барды 12 139 бас мал керек еді. Оның үстіне оларға бар болғаны 7065 бас мал берілді, ал жетпейтіні 5 мыңнан астам бас еді. Басқа округтерде де жағдай осылай болды.<ref>Масанов Н.Э. Кочевая цивилизация казахов. А.-А., 1995.</ref>. БОАК-тің 13-шақырылған 111 сессиясында сөйлеген сөзінде Т. Рысқұловтың: «Нұсқауға (тәркілеуге қатысты науқан бойынша. — авт.) сәйкес кедей шаруашылықтарға 6-7 малдан беріледі...

Кедей шаруашылықтарға берілген осы малдың бір бөлігі күнделікті мұқтажға жарату: берешекке беру, салықтарды өтеу және т.б. үшін сатылады, қалған 2—3 малдан ештеңе құралмайды» деуі бекер емес-ті.<ref>Бұл туралы толығырақ қараңыз: Масанов Н.Э. Социальная организация кочевого общества казахов // Вестник АН КазССР, 1984, №4; Соныкі. Дисперсное состояние – всеобщий закон жизнедеятельности кочевого общества // Вестник АН КазССР, 1987, №3.</ref>.

Мұндай статистика шаруашылықтардың айтарлықтай бөлігінің малмен мүлдем аз мөлшерде қамтамасыз етілгенін ғана көрсетеді. Сондай-ақ жоғарыда аталғандай, жағдайларының ерекшеліктеріне орай, мал өсіретін шаруашылықтарды қажетті азық-түлікпен және өндірісті (яғни күнделікті тіршілік үшін) құрал-жабдықпен қамтамасыз етудің кепілі ретінде қауымдық кооперация әрекет етеді. Тиісінше, тіпті мал бөлініп берілгеннің өзінде, еңбекші жеке адам бәрібір қауымға қосылуы тиіс. Алайда шаруашылықтардың осындай кірігуін жүзеге асыру үшін, басқаларымен бірге аз мөлшерде болса да иелігінде өндіріс құралы (мал) болуы қажет, өйткені онсыз қауымішілік қосымшалық принципін (мұнсыз қажетті өндірістік-технолотиялық жағынан оңтайлы мүмкіндіктерге қол жеткізілмейді) іске асыру жөніндегі өз қызметін атқара алмайды.

Алған санаулы ғана малымен бұл шаруашылықтардың бәрібір қауымға ене алмайтыны, сөйтіп өзінің әлеуметтік мәртебесін көтеруден үміті үзілетіні осыдан-ақ түсінікті. Көп ұзамай тәркілеу бойынша алынған мал сатылды немесе сойылды. Қағаз жүзінде олар орташалар қатарында саналғанмен, шын мәнінде олар құрылымның сол баяғы тәуелді элементі, тек басқа деңгейде қаналған күйінде қалды. Алайда аз да болса тіршілік ету мүмкіндігі бар осы арналар да айтарлықтай тарылды, ірі бай шаруашылықтар таратылғандықтан, кедей-батрақ топтарының олармен жұмысшы күшін жалдау-жалдану қатынастары арқылы байланыс жасау мүмкіндіктері жойылды. Сондықтан олар деревнялар мен станицаларға қоныс аударуға мәжбүр болды, сөйтіп жалдамалы жұмысшыларға айналды (батырақ) немесе қалаларға барып, қайыршылар мен қаңғыбастардың қатарын толықтырды.

Большевиктік ұстаным тарапынан тәркілеу он шара ретінде танылды, сөйтіп ол осыған байланысты әзірленген қаулыларда ауылды «қанішер-қанаушылардан» азат ету міндетін көздеген шара ретінде баяндалды. Алайда тырманың басын бассан сабы маңдайына тиеді дегеннің кері келді.

Жоғарыда біз атап өткендей, ірі бай шаруашылықтардың таратылуына байланысты сауын қатынастары да үзілді, бұрын бай малынын бір бөлігін алған көптеген қауымдар енді өз малдарын шоғырландыра алатындай деңгейге жеткізе алмады. Олар технологиялық тұрғыдан оңтайлы мүмкіндіктен айырылды, сөйтіп кедейленді. Жұт басталғанда жағдай мүлдем тұйыққа тірелді, мұздақ басқан өрістің қарын босатуға үйірлі жылқы алатын жер табылмады. Байдың ауыл шаруашылығы құралдарын, жегін малдарын,тұқымдарын пайдаланатын (аз-мұз болса да) қауым осының бәрінен құралақан қалғандықтан олар әбден кедейленді. «Қауымдар — ірі бай шаруашылықтар» желісі бойынша көптеген басқа да ұдайы өндіріс байланыстары үзілді.

Аумақтық-шаруашылық қауымдастықтың құрылуы

Жоғарыда айтылғандай қауымдар мен ірі бай шаруашылықтар жинақтала келгенде мейлінше ауқымды құрылым — аумақтық-шаруашылық қауымдастығын құрды. Осының аясында өндіріс құралдары мен факторлардың иелері болып отырған ірі бай шаруашылықтар соңғысының монополисіне айналды.

Сонымен бірге әлеуметтік-өндірістік қауымдастықтың барлық субъектілері (ірі бай шаруашылықтары, қауымдар және т.б.) аумаққа, мекен ету ортасына ортақ еңбек құралы ретінде қарап, ортақ қатынаста болатындықтан ол біртұтас еңбек кооперациясы (сонымен бірге еңбек болу жүйесі) ретінде әрекет ететін. Кез келген кооперацияның және еңбек бөлінісінің басқару мен регламенттеу қызметін де атқаратыны белгілі. Әйтпесе бәрі бос даурығу болар еді.

Осы қызметті өндірісті монополияландырған ірі бай шаруашылықтары атқарды. Олар таратылғаннан кейін басқару мен регламенттеу органдарының орны 609, қалды.

Сөйтіп ынтымақтастық («біздің») қатынасы қауымда оның жеке адамдарының санасына «өзімдікі — өзгенікі», «біздікі — біздікі емес» сияқты мәңгілік қарсылықты орнықтырды. Сырт қарағанда бәрі бейбіт жүріп жатқандай көрінгенмен, ол сенімсіздік пен жеккөру сезімін тудырды.

Ынтымақтастықтың қасаң таптаурыны және сонымен бірге бойкүйездік қайсыбір жекелеген қауымның қауымаралық келісім жағдайында біртұтас аумақтық-шаруашылық организмін басқару жауапкершілігін өзіне алуына мүмкіндік бермеді. Бірде бір қауым тек билікке таза өз ырқын билей алмағандықтан ғана (қайталап айтайық: ірі бай шаруашылықтың өктемдігі өзінің өндіріске аумақтық-шаруашылық қауымдастығы шегіндегі монополиялық орны бойынша негізделді) екіншісіне бағынғысы келмеді. Сондықтан егер патриархалдық-генеалогиялық (рулық) аргументтер немесе дәстүрлі құқық институтының көмегімен шағымдану арқылы баршаға ортақ көшбасшыны мойындата алмаған жағдайда, әлеуметтік-өндірістік қауымдастық дау-шардың қыспағында қалады, соның салдарынан оның арты айтыс-тартыс пен бос даурығуға ұласады.

Тәркілеу барысында көмек комиссиясы (жарлы-жақыбай белсенділерінен тұратын) деп аталған комиссия нұсқауда көрсетілген шектен көбіне шығып кететін, бар назарын әдетте бай және ауқатты шаруашылықтарға аударатын. Алайда көшпелі әлеуметтік топта өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі мынадай, тағы да қайталап айтайық, мысалы, тіпті 300-400 не одан да көп малы бар шаруашылық қауымдық кооперациядан тыс өмір сүре алмайтын еді, сондықтан олар амалсыз қауымға кірді.

«Тап күресін» және «әлеуметтік теңдікті» жақтаушылар үшін мұндай малы барлар дереу тәркілеуге жататын өте бай адамдар болып көрінді. Осындай «қауым байларын» экспроприациялау, оның меншігін тәркілеудің нәтижесінде қауым өндіріс құралдары мен өндірісті ұдайы дамыту үшін міндетті түрде қажет мал санынан айырылды, іле-шала күйзеліп, кедейленді, ал өздері жарлы-жақыбай қатарына келіп қосылды.

Ақыр сонында, және ең бастысы, экспроприациялау шараларының барысында ұдайы өндірістік байланыстардын ең маңызды буындары бұзылды, ол бүкіл дәстүрлі құрылымнын күйреуіне әкеліп соқтырды.

Сөйтіп, мақтаныш сезіміне толы мәлімдемелер мен рапорттар орташалар қатарын арттыру, тұрмыс жағдайын жақсартуды тілге тиек еткенмен, керісінше шаруашылықтары күйзелген, қаңғыбастары көбейіп, тұралаған ауылдардың нақты шындығын айтудан жалтарды.

Мемлекет ірі бай шаруашылықтардың малдарын тәркілеу қарсаңында (олар іс жүзінде тіпті уақытқа қатысты да дәл келеді) жүргізілген науқан барысында да, екінші реформа - шабындық және егістік жерлерді қайта бөлу барысында да (1926—1927) капитализмге дейінгі құрылымдардың ерекшелігін мүлдем түсінбеді.<ref>Өндірістің капиталистік әдісінін мәнін тамаша «анатомиялаған» ілім бәрібір оның алдыңғыларының да, оны «ауыстырушылардың» да табиғатын түсінуде бір ұғымға келе алмады, мұның өзі олар үшін «ахиллестін әкшесінен» кем болған жоқ</ref>.

Жер қатынастары саласындағы әлеуметтік қайшылықтарды шешуде өздеріне тен келетін ешкімнің жоқ екеніне Кеңес қоғамын сендіріп, бұл арада да Ресей деревняларында сыннан өткен марксизм ілімімен қаруланған большевиктер осы кедергіні қазақ ауылдарында шұғыл шешіп тастауға ұмтылды. Осы акцияға кең ауқымды сипат беріп, олар мұны көтеріңкі сезіммен аграрлық революция деп атады.

Жақында ғана «республикаға тағайындалған», VI Бүкілқазақ партия конференциясында (1926 жыл) сөз сөйлеген БК(б)П Қазолком хатшысы Ф. Голошекин шешенсіп: «Шабындық жерді қайта бөліс дегенімізне? Кіші Қазан төңкерісі деген осы!» деп ақыл айтты.<ref name="Сонда"/>. Насихаттық әдебиет оны іліп әкетті. Мәселен, жарияланымдардың бірінде: «Егістік және шабындық жерлерді қайта бөлу ... күні өткен патриархалдық-рулық қалдықтарды жояды, руды, рулық қауымды тұтас шаруашылық бірлігі ретінде түбегейлі жоқ қылады»деп жазылды.<ref name="Сонда"/>.

Реформаның осал жақтары бірден-ақ байқалды. Олар ұйымдық-техникалық жағынан гөрі, мәндік қырлары жағынан көбірек көрінді. Айтылғандарға қарағанда, реформаны жүргізу барысында, шаруашылық құрылымдары жұмыс істеп тұрған жағдайда, жерді қарапайым қайта бөлудің осы желі бойынша қанат жайған қайшылықтарды әзірге өздігінен жоя алмағаны ескерілмеді. Жерді кәдеге жарату мүмкіндігінсіз алу, оның ішінде жікке бөліну процестерін жұмсарту бағытында да (реформадан кейінгі сыртқы белгілерімен жасалған статистикалық мәліметтерде бірінде жер пайдаланудың артуы, екіншісінде азаюы мұны жоққа шығарғандай көрінгенмен) онша пайда түсірмеді.

Мұндай мүмкіндіктің жүзеге асуы үшін шаруашылықта осы айтылғандардан өзге оларда қосымша өндірістік қорлар, осы ретте көлік күші (жегін малы), ауыл шаруашылық құралдары, тұқым және т.б. болуы тиіс. Оның үстіне, кедей, қуатсыз, тіпті орташа шаруашылықтардың (яғни, дәлірек айтқанда, негізгі қайта бөлінетін алқаптарды алғанда) бір бөлігі де осыған қатысты қатты тапшылыққа кезікті.

1928 жылы республикада 800 мыңнан астам қазақ шаруашылығы жұмыс істеді. 1927 жылғы ауыл шаруашылығы санағына сәйкес, оларда 124 мың қарапайым құралдар (түрен, соқа, орақ, шалғы және т.б.), 54 мың тырма, 0,5 мың тұқым сепкіш, 13,5 мың шөп шабатын машина, 9,4 мың соқа (темір) және" т.б. болды. Осыдан-ақ көрінгендей, тепе-теңдік мүлдем қолайсыз еді. Егер әлеуметтік сипатына келсек, онда жағдай бұдан да сүреңсіз болатын. Айталық, Петропавл округінде кедей шаруашылықтардың 95,5%-ында, орташа шаруашылықтардың 83,2 %-ында, Павлодарда тиісінше — 99,4 және 85,8, Қызылордада — 72,9 және 69,1, Сырдария округінде — 66,2 және 54,5%-ында ешқандай мүлік болмады." Осындай жағдай республиканың басқа аймақтарында да байқалды.

Жоғарыда айтылғандай, 1928 жылы 27 тамызда ірі байлар мен жартылай феодалдардың мүлкін тәркілеу туралы декрет қабылданды. Өлке мен округтік ұйымдардан ауылдарға ең қатал нұсқау және үлкен құқықтық еркіндікпен қаруланған 4812 өкіл аттандырылды. Олардың бәріне тән «қасиет» мәселенің мәніне бармау мен каһарлы қаталдық болды. Негізгі нысана орташалардың ауқатты тұратындарына бағытталды. Алайда мәселенің анық-қанығына барып жатпаған өкілдер, көбіне нағыз орташаларды, кейде тақыр кедейлерді де құрықтады. Құжат бойынша 696 шаруашылықтан мал алынды деп көрсетілген, ал іс жүзінде оның саны әлдеқайда көп еді. Мысалы, бір Ақмола округінен жоспарда көрсетілген 46 шаруашылықтың орнына 200-ден аса шаруашылық тәркіленіп, басқа жаққа көшірілді, Петропавл округінде 34 шаруашылықтың орнына 102-сі және т.б. осы күйді кешті. Науқан барысында 145 мыңға тарта сиыр кедейлерге таратылып берілді. Бұл арада айта кететін жайт, кәмпескеге ірі байлар ғана емес, өкіметке аса іш тартпайтыны белгілі болған орташалар да тап болды. Мұнымен бірге бай шаруашылықтарға салық салу үрдісі де күшейтілді, ондай шаруашылықтар ауыл шаруашылығы салығының басым бөлігін төлеуге мәжбүр болды. Мысалы, 1927—1928 жылдары шаруашылықтың 4%-ы бүкіл салық сомасының 33%-ын төледі. Бұған қосымша «еркін салық» деген жүйе де жұмыс істеді, ол бойынша төленетін салық сомасы бастапқыдан екі-үш есе асып түсетін еді.

Мұндай жағдайда жерге қолы жеткен, бірақ осы құқығын іске асыруға іс жүзінде қаражаты жоқ көптеген кедей және қуаты төмен шаруашылықтар амалсыз бұрынғы иелерінің, яғни күйі барлар мен байлардын пайдасына осы құқығынан бас тартуға мәжбүр болды. Шабындық жерлерді бөлуде де көптеген кедергілер кездесті. Бұл идея дәстүрлі құрылымның институттық шырғалаңында-ақ тұншықты.

Реформата сәйкес шабындық жерлер «жан басына» бөлінуі тиіс еді.<ref>Үзінді: Дахшлейгер Г.Ф. Социально-экономические преобразования в ауле и деревне Казахстана. А.-А., 1965, 179-6.</ref>. Алайда консервативтік-дәстүрлі қалып қоғамда «теңдіктің» өзге, мал санымен үйлестірілген өлшеміне басымдық берді.<ref>ҚР БҒМ Тарих және этнология институтының қолжазба қоры. инв. №107, 16-п.</ref>.

Қазақтардың жер пайдалануы жөніндегі материалдарда (Щербина мен Румянцевтің экспедициялары бойынша), мысалы, «көшпелілер арасында шабындықтарды бөлу көбіне және жиі жағдайда мал санына қарай жүзеге асырылды», «шөп шабылатын жерді бөлу кезінде иелік әдетте шаруашылықтарға, бірақ шөп барлық кезде малы көптерге мол беріледі. Шөпті шабу және үлестіру кезінде оны шапқан адам шөмеле иесі есептеледі, бірақ бұл жағдайда да шөп көбіне кедейлерден гөрі малдылардың үлесінде қалады», «жерді орыстарға қоғам (қауым. — авт.) береді (жалға. — авт.), дегенмен жалдау ақысы қазақтар арасында мал басы санына қарай бөлінеді» деп атап көрсетілді.<ref>Сеневский Б.Н. Экономика кочевого хозяйства Казахстана в начале реконструктивного периода // Известия ВГО. М., - Л., 1941. Вып. I. Т. 1. Ч. XXIII, 101, 103-6.</ref>.

Жоғарыда келтірілген институттар дерек көздерінде жазылғандай, кедейдін шабындықты бөлу кезінде басымдыққа ие болған көп балалы отбасы ата-баба заңына жүгіну жолымен әлеуметтік рұқсат алған моральдық террордың бүкіл ауыртпалығын көтеруі де мүмкін еді.

Егер дау одан әрі өршісе, мәселе нұсқаумен шектелмеді, құлақ аспағандарды қауымның ауқатты бай адамы еріксіз басып алған патернализм жүйесіне, яғни әлеуметтік кепілдіктер арнасына (ол қауымда өндірілген өнімнің бір бөлігі түгі жоқ мүшелерінің пайдасына берілді, сөйтіп қауымның қатардағы мүшелерін қанауға жол ашып берді) жібермеуге дейін ұласты. Мұндай жағдайда байдың шабындығынан үміт етуге батылы баратын кедейлердің кездесуі екіталай, өйткені ауылдың бетке ұстарына тиімді тәртіп тез қалпына келтірілері (әрине, жасырын жолмен) сөзсіз еді.

Сөйтіп, оқиғаны билікке қолайсыз бағытта дамыту мүмкіндігінің сақталуы, ең бастысы, еңбекші топтың саяси белсенділігінің төмендігінен және өздерінің таптық мүдделерін түсінбеуінен емес (кеңестік тарихнама дәлелдегендей) еді. Мұның бұдан әлдеқайда қарапайым себептері бар: кәдімгі патерналистік байланыстар, дәстүрлі қоғамдағы бүркемелі үстемдік-бағыныштылық қатынастар, мүлкі жоқтарға, егер олар байдың қайта бөлінген шабындықтарын пайдаланса кедейлердің ең төмен күнкөріс деңгейін көтеруіне кепілдік берген болар еді. Соңғы жағдайда мүндай мүмкіндік көбіне өзекті күйінде қалып отырды, өйткені шаруашылық малмен қамтамасыз етілмегендіктен және басқа да қажетті материалдық жағдайлар болмағандықтан мәселе бәрібір шешілмеді.

Жинақтап айтқанда, осы жайттар — жекелеген кедергілерден тұратын, өндірісті ұйымдастырудың дәстүрлі ерекшеліктерімен ұштасқан ең басты тежеуші фактор рөлін атарды.

Дәстүрлі шаруашылықтар жағдайында, жоғарыда бірнеше қайтара атап көрсетілгендей, қажетті азық-түлік пен ұдайы өндіріс құралдарына еңбек кооперациялары, толықтырушылық принциптері, өндірістік-технологиялық оптимум және тағы басқалары арқылы қауымдар аясында ғана қол жеткізуге болатын еді. Өндіріс құралдарынын шектеулі бөлігіне ғана иелік ететін еңбекші субъект оз шаруашылығын, қауымдық ұйымдасудан тыс, азды-көпті жұмыспен қамтамасыз ете алмайтын. Осы мәнде де қауым шаруашылық жүргізуші жеке адамның өмір сүруінің өзіндік кепілі ретінде әрекет етті. Осындай тәуелділікті сезіне отырып, соңғысы қауымдық бірліктен тыс қандай да бір шаруашылық саласында шешім шығара алмады, яғни бұл ретте де барлық уақытта жалпық орпоративтік мүдделерге басымдық берілер еді. Бірақ мұндай мүдделерді іс жүзінде қауымда ұйымдық-шаруашылық міндеттерін және өндірістің өзін билейтін қауымдық ақ-сүйектер иемденіп алған болатын. Сондықтан қауымның байға бас ұрғысы келмеген қатардағы мүшесі өзін қауымға қарсы қоюға тәуекел етті. Ал бұл бейнелеп айтқанда, астындағы тағынды балталаумен бірдей еді, демек, тек қауым арқылы ғана оның мүшесі өзінің ең төмен күнкөріс деңгейін қамтамасыз ете алды.

Демек, реформа жүргізілген кезде прагматикалық тұрғыда ойлайтын шаруа өте күрделі шешімдермен бетпе-бет келді. Не байдың шабындықтарынан бас тарту керек, яғни ақсүйектердің бақылауындағы редистрибуция (өнімді қайта бөлу) тетігі қамтамасыз ететін, ең төмен, бірақ өмір сүруге кепілдік беретін күнкөрісті қоғамдық тәртіптің конфермистік үлгісін ұстанумен ауыстыру керек, не даушарға басты жегіп, шөп шабуға кірісу керек.

Жалпы дәстүрлі сананың солқылдақтығы жағдайында дүдәмал жайттар көбейді (ал тәуекел — шаруаның психологиясына жат). Дерек көздерінен байқауға болатындай, ауылдың тұрмысы төмен тобы шамамен былай ойлайды: әрине, шабындық керек, біраконың, егер тиімді болмағанның өзінде қажетті қорға балама қолжетімді денгейдегі шегі бола ма, яғни малмен және басқа да материалдық факторлармен қамтамасыз етілмеген жағдайда ол ең төмен күнкөріс денгейіне кепілдік бере ме? <ref>Абылхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана. А.-А., 1991, 121-6.</ref>.

Экономикалық дұрыстығы тұрғысынан алғашқы (конформистік) нұсқа, әдетте басым мақұлданды. Басқаша айтқанда, экономикалық басымдық тұрғысынан алғанда реформа барлық уақытта және барлық жерде бірдей, айта кету керек, тек қауым аясында ғана емес, одан да кең, жанама және тікелей кірігу үрдісі өндірістік-әлеуметтік қауымдастық шегінде әрекет ететін дәстүрлі тетіктерге қарсы бәсекеге төтеп бере алған жоқ.

Бұған куәлік ететін жайттар жетіп-артылады. Алайда солардың ішінен сипаттыларына ғана тоқталайық. Мәселен, республиканың Жер халық комиссары Қ. Сұлтанбеков реформаға қатысты жасаған баяндамасында: «Биыл елде мынадай жағдай орын алды, өзінің өндіріс құралдары, шөп шабуға, жер жыртуға мүмкіндігі болмаса да жер үлесін алған кедей жерді қайтып бергенім үшін бай рақметін айтар, мені тамақтандырар, қажетті бір нәрселер берер деген үмітпен, ол жерді байға қайтып берген».<ref>III сессия ВЦИК 13-го созыва. 145-6.</ref>.

БК(б)П ОК ұйымдастыру кеңесінде (1929 жылғы сәуір), реформаның қорытындылары назарға алынып, «бұл іс-шаралар ойдағыдай нәтиже берген жоқ» деп атап көрсетілді.<ref>Голощекин Ф.И. Отчет Краевого комитета ВКП(б) IV Всеказахской партконференции. Кзыл-Орда, 1928, 74-6.</ref>. БК(б)П Семей губкомы да қайта бөлудің күткендегідей нәтиже бермегенін мойындады.<ref>Ряднин М. Казахстан на путях к социалистическому строительству. Кзыл-Орда, 1928, 21-6.</ref>. Өз кезінде басқа бір бақылаушы да былай деп жазды: «Көптеген аудандарда үлес белісу кезінде кедейлер сенімді күш бола алмады. Біз кедейлерді толык өз жағымызға тап ойдағыдай шығара алғанымыз жоқ... Шабындықтарды үлестіріп беру ауылда таптық тартысты, әлеуметтік топтардың жерге деген күресін қажетті ауқымда қамтып, тиісті мөлшерде ширата алған жоқ».<ref>Основные элементы сельского хозяйства Казахстана (по материалам выборочных сельскохозяйственных переписей 1926 и 1927 жж.), 56-6.</ref>.

Голощекиннің де ойлағанындай болып шықпады, реформанын нақты барысында болжамының ақиқаттан бұлай мықтап алшақтап кететіні күтпеген жағдай еді. «Біз тап баса алмадық.., — деді ол, — әрқайсысында 10 мыңнан аса мал бар Шормановты, Ақбаевты алалық (ірі байлар. — авт.). Біз олардан жерді тартып алдық, мен енді олар бұдан әрі не істейді деп ойладым. Олар босқа қарап отырмайды ғой. Бұл арада басқа бір нәрсе бар жолдастар. Біздің олардан жерді тартып алғанымыз жақсы болды, бірақ біз бәрін бірдей байқай алмаппыз, байдың құтылып кететін тағы бір жолы бар болып шықты, жолдастар, міне, осы жолды табалық та оны одан тартып алалық».<ref>Сеневский Б.Н. Экономика кочевого хозяйства Казахстана в начале реконструктивного периода, 46-6.</ref>.

«Ауылдағы кіші Қазан» жайлы ақиқат ақпарат алып отыратын бас идеологтың өзінің амалсыз мойындауына қарап-ақ, ауыл шаруашылығын қайта құрудың тиімсіздігін байқауға болады.

Дегенмен, кеңестік бірқатар тарихшылар реформаның үлкен табыстары және «ауылды кеңестендірудегі орасан зор орны» туралы шабыттана жазды (егер «ауылды кеңестендіруге» тоқталсақ, онда жоғарыдан нұсқалған, төменнен мойындалмаған үрдіс туралы ғана айтқан жөн, ол бойынша қауым - шаруаның үйреншікті әлеуметтік кеңістігі мен тіршілігі, одан басқасы түсініксіз абстрактілі санаттағылар).

Дәлел ретінде таңғаларлық цифрлар (1360 мыңдес. шабындық, 1250 мың дес. егістік жер үлестірілген) мен «беттерін шан басқан, жалаң аяқ, шабындықтарды әрлі-берлі кезіп, шұрайлы жерлерге деген заңды құқықтарын жүзеге асырушы» ауыл еңбеккерлерінің алған телімдерін байларға қайтарып бергісі келмей ме деген сұраққа бірауыздан: «Ешқашан да бұлай болмайды» деп жауап бергені туралы толып жатқан мұрағат құжаттарынан үзінділер келтірілді.<ref>VI Всеказахский съезд Советов и 1-я сессия КазЦИК 6-го созыва. Стенограф, отчет. Кзыл-Орда, 1927, 122-6.</ref>.

1с жүзінде мұрағаттарда зерттеушілерді шатастыратын, реформаны оң бағалаудың дұрыстығына сендіруге бағытталған мұндай құжаттар толып жатыр. Бірақ, мұнда негізінен селекциялық, яғни көзқарас тұрғысынан сұрыпталған ақпараттардың жиі түсетіндігін ескерген жөн. Билікті құмандандыратын, әр түрлі теріс ойға жетелейтін ақпараттар жасырын жолмен келді (агенттер деректері, фельдбайланыс және т.б.) және кейін ерекше бумаларда «К» (құпия) деген тыйым салынған белгімен сақталынды. 1932-1933 жылдардағы аштықтың ақиқатын, нақты мөлшерін білетіндер қатарының сирек екені тегін емес: бұл туралы бүкіл ақпарат ұзақ жылдар бойы - ОГГІУ - ІІХК - МҚК мұрағат қоймаларында сақталынып келді.

Шабындықтар мен жайылымдық жерлерді қайта бөлісуге 400 мың шаруашылық немесе 2 млн адам қамтылды.<ref>Абшхожин Ж.Б. Традиционная структура Казахстана, 141-163-6.</ref>. Аталмыш жиынтық мемлекеттерге қатысты деректердің баршасы біртіндеп жиналынса да, ол тіпті репрезентативтілігінің (ақпараттық анықтығының) ең төменгі пайызына да жетпейді.

Демек, әлеуметтік нормативті мәдениет тәжірибесімен жетілдірілген өндірісті ұйымдастыру ерекшелігі (бұрынғы басқару жүйесі, патриархалдық-генеологиялық және дәстүрлі-идеологиялық байланыстар және т.б.) көп ретте реформаның іс-қимылын тоқырауға ұшыратты. Капитализмге дейінгі үрдіс ұзақ жылдар сақталып қалды.

Дәстүрлі экономикалық құрылымды кең ауқымды түрде қайта бөлу акциялары (өзге елдердің тәжірибесі көрсеткеніндей, бұл рынокта жылдам және әлдеқайда аз құрбандықпен жүзеге асырылған еді) арқылы реформалауға қабілетсіздігін байқаған мемлекет «қанаушы тапты шектеу мен ығыстырудан оларды тап ретінде жою» саясатына көше отырып, өзінің аграрлық революциясының мәнін түбірлі өзгертті. Дәстүрлі құрылымның күні өтіп, этностың өмір сүруін қамтамасыз ететін бүкіл жүйе осымен өз қызметін тоқтатты.

Дереккөздер

Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Бес томдық. 4-том. – Алматы: «Атамұра», 2010, 752 бет, суретті, карталы. ISBN 978-601-282-055-3, т. 4 ISBN 978-601-282-026-3

Дереккөздер

<references/>