Қазақстандағы неолиттік ескерткіштер

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Қазақстан аумағында сегізжүзге жуық неолиттік ескерткіштер табылған. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады. Мұның өзі бұл жерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Мұндай тұрақтардан негізгі құрал-саймандар – пышақ тәрізді қалақтар және қырғыштар.

Қазақстанда шөл далаларындағы неолиттік ескерткіштердің бір ерекшілігі, олардың көпшілігі-ашық үлгідегі тұрақтар. Олар: Шығыс Қазақстандағы Усть-Нарын, Орталық Қазақстандағы Қарағанды, Зеленая Балка, Солтүстік Қазақстандағы Пеньки т.б. тұрақтар. Бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналысқан. Олар жаңа тас ғасырының ерте кезіне, яғни б.з.б. 5 мыңжылдыққа жатады.

Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай

  • бұлақтық,
  • өзендік,
  • көлдік,
  • үнгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді.

Неолит кезеңінің ең көне б.з.б. 5 мыңжылдыққа жататын тұрақтарының бірі - Қараүнгір. Ол Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында орналасқан. Қараүнгір тұрағынан шақпақтастан жасалған және сүйек бұйымдар – көзі бар инелер, біз, тескіштер, тегістегіш-жонғыштар және т.б. табылған.

Сексеуіл неолит тұрағы Қызылорда облысында орналасқан. Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.

Солтүстік Қазақстанда Пеньки селосы маңындғы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.

Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарына үй малының сүйектері табылған.

Жезқазған өңірінен жұз елуге жуық тұрақ, көне кен және жерлеу орындары табылған.

Шығыс Қазақстан аймағынан табылған қоныстар неолит дәуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау және терімшілікпен айналысқан екенін дәлелдейді.<ref>Алматы Атамұра 2015 6 сынып Ежелгі Қазақстан тарихы</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер