Қадыржан Гейнятұлы Тейлянов
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Қадыржан Гейнятұлы Тейлянов - 1955 жылы 14 наурызда Астрахан облысы Енотаев ауданының Волжское ауылында туған. Қазақ. Астрахан техникалық балық өнеркәсібі және шаруашылығы институтын бітірген (1977), инженер-экономист. Қазақ және орыс тілдерін біледі.
- 1972 жылдан - Астрахан техникалық балық өнеркәсібі және шаруашылығы институтының студенті.
- 1977 жылдан - Жезқазған облысы «Балқашбалықөнеркәсіп» өндірістік бірлестігінің экономисі.
- 1979 жылдан - Қазақстан ЛКЖО Жезқазған облысы Приозер аудандық комитетінің екінші, бірінші хатшысы.
- 1985 жылдан - Жезқазған облысы Қазақстан Компартиясы Приозер аудандық комитетінің бөлім меңгерушісі.
- 1987 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің ауыл шаруашылығы және тамақ өнеркәсібі бөлімінің нұсқаушысы.
- 1989 жылдан - Мәскеу Жоғары партия мектебініңтыңдаушысы.
- 1990 жылдан - Қазақстан Компартиясы Жезқазған облыстық комитетінің аграрлық саясат мәселелері жөніндегі комиссияның кеңес берушісі.
- 1991 жылдан - Жезқазған облысы Приозер аудандық Халық депутаттары кеңесі атқару комитеті төрағасының бірінші орынбасары.
- 1992 жылдан - Балқаш қалалық әкімшілігі басшысының орынбасары, бірінші орынбасары.
- 1996 жылдан - Қарағанды облысы Балқаш қаласы әкімінің бірінші орынбасары.
- 2003 жылдан - Балқаш қаласы «Еламан» ЖШС бас директоры.
- 2007 жылдан - Балқаш қаласы әкімінің м.а.
- 2007 жылдың қыркүйегінен бері - Қарағанды облысы Балқаш қаласының әкімі. «Ерен еңбегі үшін» (2009) медалімен, 2 мерейтойлық медальдарымен марапатталған.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>