Қабыланбай Қалдыбайұлы

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Қабыланбай Қалдыбайұлы, Қапланбай (т. — ө.ж.б.) — батыр, Кіші жүздегі Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі (1836-37) басшыларының бірі. 12 ата Байұлы тайпа бірлестігінің ысық руынан. Алым-салық төлеуден бас тартып қана қоймай, қолына қару алып, ірі байлардың мүлкін тартып алып, кедейлерге үлестірген. Геке бастаған жазалаушылар Қабыланбайды Исатай мен Махамбеттен кейінгі көтерілісшілер арасында беделі күшті үшінші тұлға деп есептеген. Қабыланбай інілері Иманбай, Есмайыл, Қали, Құспан, Жапалақпен бірге 1836 ж. Қарауылқожаның ауылын талқандады. 1837 ж 28 қарашада шайқаста қолға түсіп, Оралда сотталып, Сібірге айдалды.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub