Геке

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Геке (туып - өскен жері белгісіз) - Ресей армиясының полковнигі, Орынбор губернаторлығындағы Перовск қамалының ерекше тапсырмалар жөніндегі әкімі. 1836 жылғы Бөкей ордасында И. Тайманұлы, М. Өтемісұлы басқарған көтеріліс Жәңгір хан ордасын талқандау қаупін туғызғанда, көтерілісті басуға Геке жіберілді. 1837 ж. ол Жәңгір ханның және оны жақтаушылардың көтеріліске қарсы қимылдарына басшылық етті. Геке жарлығы бойынша Кулагин және Горск қамалдары мен Зеленов бекінісінен жазалаушы отрядтар келіп, Теректі құмы мен Тастөбеде көтерілісті басты. Қазақ ауылдарын аяусыз талап, көтеріліске қатысушылардың бір бөлігін тұтқынға алды. Исатай мен Махамбет құтылып кетті. 1838 ж. Геке отряды Бөкей ордасынан кері шақырып алынды. Кейін Ақбұлақ соғысына жазалаушы отрядты бастап келді.<ref>Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Геке|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}