Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Ғазиза Мәкешқызы Әбдінәбиева (1948 жылы 3 қаңтарда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Торғатай ауылында туған) — кино және театр актрисасы. Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі (1992). Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының актрисасы (1993 жылдан).

Көптеген Қазақстандық кинофильмдер мен сериалдарға түскен танымал артист. Көптеген халықаралық театр фистивальдерінің бірнеше мәрте жүлдегері. ҚР "Театр көктемі" фистивальінің лауреаты. Гастрольдік сапарлармен Германия, Ресей, Иран және Қазақстанның бірқатар қаласында өнер көрсеткен.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Биография

1948жылы Қызылорда облысы, Сырдария ауданында туылған. Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970). Консерваторияның 4 курсында оқып жүріп, 1969жылы Ғ.Мүсіріепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрына қабылданады. 1969-1993жж осы театрда аянбай еңбек етеді. 1993жылы М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрына актерлік бөліміне ауысады.

Білімі

Қазақ Ұлттық консерваториясынның (бұрынғы Алматы консерваториясы) "актерлік шеберлік" факультетін бітірген (1970).

Еңбек жолы

Фильмдері

  • 1977 - «Нан» – Жамал (реж. А. Тәжібаев)
  • 1982 - «Қауын» – бас кейіпкердің зайыбы (реж. В. Пұсырманов),
  • 1990 - «Қыз жылаған» – Әсия (реж. С. Нарымбетов),
  • «Жел адам» – ауыл тұрғыны,
  • 2009 - Сіз кімсіз, К мырза?» – жолсерік (реж. Қ. Ахметов),
  • 2009 - «Біржан сал» – Бүрме әже (реж. Д. Жолжақсынов),
  • 2011 - «Айналайын» – Сәлима (реж. А. Сатаев);
  • 1996-2000 - Тоғысқан тағдырлар (Роза)
  • 2001-2003 - Саранша (Марго)
  • 2002 - Ләйләнің зары
  • 2007 - Однажды в багажнике - Женщина на вокзале
  • 2008 - Откройте дверь, я счастье
  • 2012-2013 - «25 км» Қарлығаш (реж. И.Пискунов)
  • 2012-2013 - «Домашние войны» Әже (реж. А.Кирюшенко)
  • 2014 - Кемпір» Күлпәш (реж. Е.Тұрсынов)
  • 2015 - Зауал» Әже (реж. Ж.Айбасов)
  • 2015 - «Побег из аула» Тетя героя (реж. Н.Адамбаев)

Марапаттары

  • 1992 жылы Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген артисі құрметті атағының иегері.
  • 2006 жылы "Құрмет" Орденімен марапатталды.
  • 2016 жылы "ҚР тәуелсізідігне - 25 жыл" мемлекеттік мерекелік медальімен марапатталған.

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер