Яков Аврамович Дорфман

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Яков Аврамович Дорфман (7.2.1938, Украина, Умань қаласы – 31.5.1996, Алматы) – ғалым, химия ғылымдарының докторы(1973), профессор (1982), КСРО өнертапқышы, катализдік химия саласындағы көрнекті ғалым. Қазіргі әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды бітірген (1961). 1961 – 64 жылдары Қарағанды синтетикалық каучук зауытында, 1964 – 69 жылдары ҚР ғылым академиясының Химия ғылымдарының институтында ғылыми қызметкер, 1969 жылдан Органикалық катализ және электр химиясы институтында лаборатория меңгерушісі қызметтерін атқарған. Негізгі ғылыми еңбектері тотығу-тотықсыздану реакцияларындағы металл-кешенді катализаторларды зерттеуге арналған. Ол координациялық қосылыстардың қатысымен көп бағытты процестердің кинетикалық теңдеулерін ұсынды. Лигандалар эффектісін салыстыра бағалайтын теңдеу алды (1971). Бұл салалар бойынша 5 монография, 450 ғылыми мақала жариялап, 2 ғылым докторын, 34 ғылым кандидатын дайындады, 17 авторлық куәліктің иегері. Дорфман АҚШ Халықаралық даму агенттігінің, халықаралық бейорганикалық химия ғылыми қорының гранттарын жеңіп алған. Сорос қорының жеке сыйлығымен, бірнеше медальмен марапатталған. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Яков Аврамович Дорфман|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}